Об определении места для размещения агитационных печатных материалов и предоставления помещения для проведения встреч с избирателями кандидатов в депутаты районного маслихата на территории Жамбылского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении места для размещения агитационных печатных материалов и предоставления помещения для проведения встреч с избирателями кандидатов в депутаты районного маслихата на территории Жамбылского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін өткізу үшін үй-жайларды ұсыну және үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 22.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2015 86226_255080.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SG003079
- ЭКБ идентификаторы
- 86226
- Редакция идентификаторы
- 86226_255080
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:57
0 Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының аумағында аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін өткізу үшін үй-жайларды ұсыну және
үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 4, 6- тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округінің аумағында аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар үшін үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.
2 2. Шарттық негізде аудандық мәслихаттың депутаттығына барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жай 2-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Жамбыл аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
Л. Топорова _________________
2015 жылдың «22» қаңтары
4 Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2015 жылдың 22 қаңтарындағы № 21 қаулысына
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округінің аумағында аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар үшін үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін орын
р/№
Селолық округтің атауы
Елді-мекеннің атауы
Үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін орын
1
Благовещенка
Благовещенка селосы
«Благовещенка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы ақпараттық стенд
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2015 жылдың 22 қаңтарындағы № 21 қаулысына
2-қосымша
Аудандық мәслихаттың депутаттығына барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін шарттық негізде ұсынылатын
үй-жайлар
р/№
Селолық округтің атауы
Елді-мекеннің атауы
Үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
1
Благовещенка
Благовещенка селосы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округі әкім аппаратының «Благовещенка мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратының мәжіліс залы