Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"

Бұйрық · № 532 · қабылданған 19.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86229/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі" Қолданыста Бұйрық ·№ 532 ·19.12.2014
30.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"

Қолданыста Бұйрық ·№ 532 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"
Атауы (қаз.)
"Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
532
Қабылданған күні
19.12.2014
Көрсетілген редакция
30.04.2025 86229_761049.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14H0010115
ЭКБ идентификаторы
86229
Редакция идентификаторы
86229_761049
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:31

0 "Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған "Алтын белгі" белгісі туралы" ереже бекітілсін.

2 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпаратты технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралында және "Әділет" ақпаратты-құқықтық жүйеде ресми жариялауын;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 "Алтын белгі" белгісі туралы Ереже

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Бі­лім және ғы­лым Ми­ни­стр­ліг­нің
2014 жы­л­ғы 19 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 532 бұй­ры­ғы­мен
бе­кі­ті­л­ген
"Алтын белгі" белгісі туралы Ереже

1 1. Осы Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 56) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

2

2. «Алтын белгі» белгісімен негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларына немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының оқу бағдарламаларына сәйкес 5 (6) – сыныптан бастап 11 (12) сыныпқа дейінгі оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары «5» баға алған, 10 (11) – сыныптан бастап 11 (12) - сыныпқа дейінгі оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары «5» баға алған білім алушылар марапатталады.

3 3. "Алтын белгі" белгісімен білім алушыларды наградтау білім беру ұйымы, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

4 4. "Алтын белгі" белгісімен марапаттау салтанатты жағдайда өткізіледі.

5

5. Заңның 26-бабының 5-тармағына сәйкес "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың конкурс өткізу кезінде білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауда басым құқығы бар.

6 6. "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орнын таңдаған жағдайда, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады.

7 7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушыларға қолданылады.

8 8. "Алтын белгі" белгісін дайындау осы Ережеге қосымшаға сәйкес "Алтын белгі" белгісінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2 "Алтын белгі" белгісінің сипаттамасы

"Ал­тын бел­гі" бел­гі­сі
ту­ра­лы Ере­же­ге қо­сым­ша
"Алтын белгі" белгісінің сипаттамасы
"Алтын белгі" белгісінің диаметрі 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.
Белгінің бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерілген ашық кітап бейнеленген. Осы бейненің үстіңгі жағында "Алтын белгі" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. "Алтын белгі" жазба контуры, ашық кітап және лавр бұтағының бейнелері бедер түрінде 1 мм алға шығыңқырап тұрады.
Белгінің артқы жағында "Қазақстан Республикасы" деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.

Қолданыстағы