Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного норматива сети государственных ветеринарных организаций

Бұйрық · № 7-1/623 · қабылданған 28.11.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86242/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении государственного норматива сети государственных ветеринарных организаций Қолданыста Бұйрық ·№ 7-1/623 ·28.11.2014
09.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного норматива сети государственных ветеринарных организаций

Қолданыста Бұйрық ·№ 7-1/623 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного норматива сети государственных ветеринарных организаций
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7-1/623
Қабылданған күні
28.11.2014
Көрсетілген редакция
09.03.2021 86242_514829.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14F0010093
ЭКБ идентификаторы
86242
Редакция идентификаторы
86242_514829
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:45

0 Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 46-10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші Вице–министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
12 желтоқсан 2014 жылы

1 Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-1/623 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативі

1 1. Республикалық деңгейде:

1 1) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 11 бабының 1 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, сонымен қатар оның облыстарда құрылатын филиалдары;

2 2) Заңның 11 бабының 1 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, сонымен қатар оның облыста, ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылатын филиалдары.

Екі және одан да көп әкімшілік-территориялық бірлік (аудан) бір әкімшілік-территориялық бірлікке (аудан) біріккенде, қосылғанда республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалының аудандық бөлімшесіне қосымша ветеринариялық зертхана құрылады;

3 3) Заңның 11 бабының 1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, сонымен қатар оның республикалық маңызы бар қалада құрылатын филиалы құрылады.

2 2. Астанада, республикалық маңызы бар қалада және әрбір облыстық маңызы бар қалада - жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым құрылады.

3 3. Ауданда облыстың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, ауылдық округте ветеринариялық пункті бар мемлекеттік ветеринариялық ұйымды құрады.

Қолданыстағы