Об утверждении формы свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя
- Атауы (қаз.)
- Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 598
- Қабылданған күні
- 30.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2015 AI86280_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14E0010174
- ЭКБ идентификаторы
- 86280
- Редакция идентификаторы
- AI86280_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:11
0 Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 598
бұйрығымен бекітілген
нысан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Салық төлеушінің атауы_____________________________________
Тегі ______________________________________________________
Аты _______________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________
(ол болған жағдайда)
ЖСН (БСН) _________________________________________________
Тіркелген күні ____________________________________________
Қалыптастырған күні _______________________________________
№_____ Сериясы_________