Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления учета договоров о долевом участии в жилищном строительстве

Бұйрық · № 124 · қабылданған 03.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86293/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления учета договоров о долевом участии в жилищном строительстве Күшін жойған Бұйрық ·№ 124 ·03.12.2014
30.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления учета договоров о долевом участии в жилищном строительстве

Күшін жойған Бұйрық ·№ 124 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления учета договоров о долевом участии в жилищном строительстве
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
124
Қабылданған күні
03.12.2014
Көрсетілген редакция
30.09.2016 AI86293_4.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010070
ЭКБ идентификаторы
86293
Редакция идентификаторы
AI86293_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:43

0 Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 5-2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Смағұлов Б.А.) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 124
бұйрығымен бекітілген
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2 2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды (бұдан әрі - Шарт), оған енгізілетін өзгерістерді есепке алу дегеніміз құрылыс салушы, жобалау компаниясы және үлескер туралы жүйеленген, кезең-кезеңімен толықтырылатын және нақтыланатын мәліметтер тізбесін білдіреді.

3

3. Жобалау компаниялары Шарт немесе қосыша келісім жасалған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салынып жатқан тұрғын үйдегі үлес алаңы мен оның тұрған орнын көрсете отырып, шартты есепке алуды жүзеге асыру үшін құжаттарды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.

4 Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру тәртібі

4. Есепке алуды жүзеге асыру:
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес формасы бойынша Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды тіркеу журналына (бұдан әрі - Журнал) жазба енгізу жолымен Шартты тіркеуді;
уәкілетті және өзге де органдарға, сондай-ақ үлескерлерге ақпараттық қызмет көрсетуді;
есепке алуды жандандыруды, оның ішінде күнін және есептен шығару себебін көрсете отырып, Шартты есептен шығаруды қосады.
Журнал нөмерленеді, тігінденеді және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының мөрімен бекітіледі.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру тәртібі

5 5. Шарттарды есепке алуды жүзеге асыру үшін жобалау компаниясы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына құжаттарды, оның ішінде мынадай мәліметтерді:

1 1) жобалау компаниясының атауы туралы деректерді, заңды мекенжайын, телефонын, банктік деректемелерін;

2 2) бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын;

3 3) құрылыс объектісінің атауын;

4 4) осы құрылыс объектісіндегі пәтерлердің санын;

5 5) құрылысқа немесе оның кезеңіне рұқсатты;

6 6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі бірінші кезеңге лицензияны қамтитын құжаттарды ұсынады.

6 6. Шартты есепке қою облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына құжаттар берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде іске асырылады.

7 7. Журналға мәліметтерді енгізгеннен кейін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жобалау компаниясына Шартты есепке алу жазбасы туралы тиісті үзіндіні береді.

8 8. Жобалау компаниясы Шарт облыстың (республикалық маңызы бар қаланың астананың) жергілікті атқарушы органында есепке алынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны есепке алу жазбасы туралы үзіндіні үлескерге және банк-агентке табыс етеді.

9 9. Шарттарды, оған енгізілетін өзгерістерді, сондай-ақ Шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруді есепке алу кезінде үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған үлеске құқықтарының болуы мәніне тексеру жүргізіледі. Мұндай құқықтар болған кезде, Шартты есепке алудан бас тартылады.

10 10. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті органға ай сайынғы негізінде есепке алынған Шарттардың саны туралы ақпарат береді.

11 11. Үлескерге салынған тұрғын үй ғимаратындағы оның үлесін беру туралы актіге қол қойылғаннан кейін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды тіркеу журналына Шартты есептен шығару туралы жазба енгізеді.

12 12. Сондай-ақ Шарттарды есептен шығару бойынша ақпарат құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.

14

14. Шартты орындаудан бір жақты бас тартылған жағдайда, бастамашы-тарапымен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті органға Шартты орындаудан бір жақты бас тартуды есепке алу туралы өтініш ұсынылады. Бұл ретте бастамашы-тарап өтініш берілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде басқа тараптарды Шартты орындаудан бір жақты бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.

15

15. Тараптар бастамашы-тараптан Шартты орындаудан бір жақты бас тарту туралы жазбаша хабарлама алынғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде өзара келісім бойынша кейіннен Шартты есептен шығару үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына бір-біріне наразылықтарының жоқтығын көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлайды.
Тараптар өзара келісім бойынша Шартты бұзудан бас тартқан жағдайда, оны бұзу азаматтық заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

30 Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 124 бұйрығына
1-қосымша
Форма
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу журналы
Құ­ры­лыс са­лушы­ның неме­се жо­ба­лау ком­па­ни­я­сы­ның ата­уы, олар­дың заң­ды ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны, банк­тік де­ректе­ме­ле­рі, БСН.
Бас­шы­ның А.Т.Ә
Жо­ба­лау ком­па­ни­я­ның құ­ры­л­тай­шы­ла­ры (құ­ры­лыс са­лушы) ту­ра­лы мәле­мет­тер - ата­уы, заң­ды ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны, банк­тік рек­ви­зит­те­рі, БСН.
Құ­ры­лыс объ­ек­ті­сі­нің ата­уы, мі­нез­де­ме­сі.
Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы тип­тік шар­ттың нө­мі­рі және мер­зі­мі
Үлес­кер ту­ра­лы ақ­па­рат (А.Т.Ә, ЖСН, тұр­ған же­рі­нің ме­кен­жайы,
те­ле­фо­ны,
же­ке ку­ә­лі­гі­нің де­ректе­рі
Үлес ту­ра­лы, ала­ңы және үле­стің құ­ны, қа­ба­ты және бас­қа­ла­ры
Тип­тік шар­тқа өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (№, мер­зі­мі)
Тип­тік шар­тты бұ­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (№, мер­зі­мі, негіз­де­ме­сі)
Тип­тік шар­ты бой­ын­ша құқы­ғын бас­қа­ға бе­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
(№, мер­зі­мі)
Тип­тік шар­ты бой­ын­ша та­лап ету құқы­ғын пай­да­сы­на бе­рі­л­ген тұл­ға ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
(А.Т.Ә, ЖСН, тұр­ған же­рі­нің ме­кен­жайы,те­ле­фо­ны,  же­ке ку­ә­лі­гі­нің де­ректе­рі )
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

Қолданыстағы