Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-1/9
- Қабылданған күні
- 06.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2016 86308_65342.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BA004611
- ЭКБ идентификаторы
- 86308
- Редакция идентификаторы
- 86308_65342
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:06
0 Азаматтық қызметші болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № С-32/5 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешімі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы
Б.Қ. Бегалин
4 Көкшетау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «06» 01
№ А-1/9 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші.
2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
директор, директордың орынбасары, мұғалім, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, логопед, мектепке дейінгі оқу орындарының тәрбиешісі, медициналық бике, өндірістік оқыту шебері, алғашқы әскери дайындық жетекшісі, аға бастаушы, әдіскер, қосымша білім беру педагогы, кітапханашы.
3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
директор, директордың орынбасары, көркемдік жетекші, хореограф, әдіскер, дыбыс бойынша техник, кітапхана меңгерушісі, аға кітапханашы, жоғары санаттағы кітапханашы.
4 4. Спорт мамандарының лауазымдары:
спорт бойынша әдіскер, спорт мәселелері бойынша кеңесші, спорт бойынша нұсқаушы.
5 5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
директор, директордың орынбасары, ветеринарлық дәрігер, техник-ұрықтандырушы.