Құжат мәтініне өту

Об утверждении процентов повышения (понижения) базовых ставок земельного налога на земельные участки города Щучинска, населенных пунктов Бурабайского района

Өзге акт · № 5С-38/3 · қабылданған 06.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86324/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении процентов повышения (понижения) базовых ставок земельного налога на земельные участки города Щучинска, населенных пунктов Бурабайского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 5С-38/3 ·06.01.2015
15.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении процентов повышения (понижения) базовых ставок земельного налога на земельные участки города Щучинска, населенных пунктов Бурабайского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5С-38/3 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении процентов повышения (понижения) базовых ставок земельного налога на земельные участки города Щучинска, населенных пунктов Бурабайского района
Атауы (қаз.)
Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-38/3
Қабылданған күні
06.01.2015
Көрсетілген редакция
15.01.2016 86324_56142.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15BS004635
ЭКБ идентификаторы
86324
Редакция идентификаторы
86324_56142
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:06

0 Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильдерге жанармай құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ

3 Бурабай аудандық маслихаттың

2015 жылғы 06 қаңтардағы № 5С-38/3
шешіміне 1 қосымша
Бурабай ауданының Щучинск қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары
Аймақ

Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары
Аймақтардың сипаттамасы
1
2
3
I
+50
Аймақ қаланың орталығында орналасқан. Келесі көшелермен шектелген: оңтүстігінде Ломоносов көшесімен, батысында Пугачев көшесімен, шығысында Қылшақты өзенімен. Солтүстігінде XI аймақпен шектеседі. Аймақ қаланың орталығы болып табылады, оның тұрғын массиві абаттандырылған және жеке тұрғын үйлерден тұрады. Бұл аймақтың басым бөлігінде әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілері шоғырланған, дүкендер, дәріханалар, дәмханалар, мейрамханалар, қонақ үйлер, базар, мектеп, фотосалондар, мәдениет үйі, саябақ орналасқан, сондай-ақ мұнда әкімшілік ғимараттар – аудандық әкімдік, қалалық әкімдік, прокуратура, сот, әскери комиссариат, қазынашылық, мұрағат, халық банкінің филиалы орналасқан. Негізі және басты көшелері болып Әуезов көшесі мен Абылайхан көшесі табылады, осы көшелер мен оларға іргелес көшелер бойынша абаттандырылған үйлер орналасқан. Аймақ аумағының басым бөлігін жеке сектор алып отыр.
II
+40
Аймақ Щучинск қаласының орталығына жақын орналасқан. Оңтүстігінде Одесская көшесімен, солтүстігінде Ломоносов көшесімен және шығысында өзенмен шектеледі. Аймақ аумағында мектеп, стадион, отбасылық дәрігерлік амбулатория орналасқан. Абылайхан көшесі бойында абаттандырылған үйлер орналасқан. Әуезов көшесінде техникалық қызмет көрсету станциясы, көлік жуу, шағын маркет, дәмхана орналасқан. Аймақ сондай-ақ басым бөлігінде жеке сектормен қамтылған. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жартылай өткізілген.
III
+20
Аймақ оңтүстігінде Рабочая көшесімен, шығысында Пугачев және Снежная көшелерімен, солтүстігінде Одесская көшесімен және ХIV аймақпен шектеледі, батыс жағынан ХIV аймақпен шектеседі. Аймақтың тұрғын массиві жеке сектордан тұрады.
IV
+30
Аймақ V аймақтың солтүстік жағында орналасқан және сәйкесінше аймақтың оңтүстік шекарасы темір жолмен өтеді. Батыс жағы айналу трассасымен шектелген, солтүстігінен аймақ шекарасы Одесская көшесі және Рабочая көшесімен өтеді, шығысында V аймақпен шектеседі. Аймақтың тұрғын секторының басым бөлігі жеке үйлерден тұрады. Батыс жағының бір бөлігін өндірістік объектер алып жатыр.
V
+10
Аймақ Щучинск қаласының оңтүстік шетінде орналасқан, жеке сектордан тұратын аумақ болып табылады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жоқ. Өндірістік объектілерден аумақта ет комбинаты, «Газтехнология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мұнай базасы, электрподстанция орналасқан. Солтүстік және шығысында темір жолмен шектеледі, оңтүстік және батысында шекарасы Щучинск қаласының шекарасына жетпейді және Астанаға барар трасса бойындағы жанармай құю станциялары аумаққа енбейді.
VI
+20
Аймақ қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік және солтүстік-шығысында IX аймақпен және Синегорская көшесімен, шығыс және оңтүстік-шығысында Степан Разин және Пугачев көшелерімен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Ломоносов көшесімен, батыс және солтүстік-батысында Светлая және Трудовая көшелерімен және өндірістік базаларға барар темір жолмен шектеледі. Аймақ негізгі бөлігінде жеке құрылыстан тұрады, өндірістік объектілер мен рекреациялық мәндегі объектілер де орналасқан.
VII
+30
Аймақ қаланың солтүстік-батыс шетінде орналасқан. Батыс және оңтүстік-батысында Көкшетау-Астана трассасымен, Осенняя көшесімен, солтүстік және солтүстік-шығысында темір жол бойындағы IX аймақпен, шығысында өндірістік базаларға барар темір жолмен, оңтүстігінде Амангелді көшесімен шектеледі. Аймақ өзінің негізгі бөлігінде жеке құрылыстан тұрады, сондай-ақ № 4 орта мектеп, дүкендер, өндірістік ғимараттар, жанармай құю станциялары, газ құю станциясы орналасқан.
VIII
+10
Аймақ қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік, батыс және оңтүстік-батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, оңтүстік пен шығысында Көкшетау-Астана трассасымен және жағалаудағы IX аймақпен шектеледі. Аймақ басым бөлігінде рекреациялық және сауықтыру мақсатындағы объектілерден тұрады, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету объектілері, өртке қарсы бөлімі, жанармай құю станциялары, газ құю станциялары орналасқан.
IX
+30
Аймақ қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, оңтүстігінде Ботаническая, Профессиональная және Шоссейная көшелерімен, батысында шаңғы базасы мен гольфклубының аумағымен шектеледі. Аймақ жеке құрылыстан тұрады, сондай-ақ мектеп, дүкендер, қонақ үйлер, өндірістік объектілері орналасқан.
X
0
Аймақ қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік және солтүстік-шығысында XII аймақпен, шығысынан ХIII аймақпен және Бурабай кентіне айналып өту жолымен, оңтүстігінде V аймақпен, батысында I және II аймақтармен шектеледі. Аймақ дербес «Заречный» шағын ауданынан тұрады, құрылыстың басым бөлігі жеке. Инженерлік желілермен коммуникациялар жартылай өткізілген.
XI
+40
Аймақ Щучье көлінің жағалау аумағын алып жатыр. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекараларында орналасқан, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батысында I, VI, VII, VIII, IX аймақтарымен шектеледі. Аймақ рекреациялық және сауықтыру мақсатындағы объектілерінен тұрады, оған еркін экономикалық аймақ, «Щучинский» шипажайы, гольфклуб, «Қазақ орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан.
XII
+10
Аймақ Щучинск қаласының шығысында орналасқан. Шығысында Щучинск қаланың әкімшілік шекарасымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында X және ХIII аймақтарымен, батысында I аймақпен, солтүстік және солтүстік-батысында IX және XI аймақтарымен шектеледі. Аймақ аумағында орталық аудандық аурухана, шаңғы базасы, емхана, спорт мектебі, «Көкшетау орман селекциясы орталығы» Республикалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жерлері орналасқан.
ХIII
-10
Аймақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасы мен ХV аймақпен, батысында, солтүстік және солтүстік-шығысында V, X және XII аймақтармен шектеледі. Аймақ саяжай кооперативтерінің объектілерінен тұрады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жоқ.
ХIV
+10
Аймақ қаланың батыс бөлігінде орналасқан. Батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, солтүстік және солтүстік-шығысында VI және VII аймақтармен, шығыс және оңтүстік-шығысында Светлая және Одесская көшелері бойындағы II және III аймақтармен, оңтүстігінде IV және ХV аймақтармен шектеледі. Аймақ өндірістік объектілерінен тұрады. Басым бөлігінде жергілікті инженерлік желілер мен коммуникациялар жүргізілген.
ХV
-10
Аймақ қаланың оңтүстік және оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан. Солтүстігінде Астана-Көкшетау трассасы мен бас жоспармен жобаланған автожол бойындағы ХIV, V, ХIII аймақтармен, шығысында, оңтүстік және батысында Щучинск қаланың әкімшілік шекарасымен шектеледі. Аймақ өндірістік объектілер мен ауылшаруашылық кәсіпорындарынан тұрады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жергілікті.

4 Бурабай аудандық маслихаттың

2015 жылғы 06 қаңтардағы № 5С-38/3
шешіміне
2 қосымша
Бурабай ауданының елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары
Аймақ-тың №
Кадастрлық кварталдардың номірлері және елді мекендердің аталуы (округтер бойынша)
Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары
1
2
3
I
01-177-014, 015, 038
Бурабай кенті
+50
II
01-171-002
Кенесары ауылы (Кенесары ауылдық округі)
+50
III
01-171-010, 041
Қатаркөл ауылы (Қатаркөл ауылдық округі)
+50
IV
01-171-004, 042
Зеленый бор ауылы (Зеленобор ауылдық округі)
+50
V
01-171-001
Қызылағаш ауылы (Абылайхан ауылдық округі)
+50
VI
01-171-015
Оқжетпес ауылы (Бурабай кенті)
+50
VII
01-171-011
Атамекен ауылы (Атамекен ауылдық округі)
+40
VIII
01-171-003
Ақылбай ауылы (Абылайхан ауылдық округі)
+40
IX
01-171-004
Молбаза ауылы (Зеленобор ауылдық округі)
+40
X
01-171-012
Ұрымқай ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)
+30
XI
01-171-008
Златополье ауылы (Златополье ауылдық округі)
+30
XII
01-171-010
Ключевое ауылы (Қатаркөл ауылдық округі)
+30
XIII
01-171-010
Сосновка ауылы (Қатаркөл ауылдық округі)
+30
XIV
01-171-015
Успеноюрьевка ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)
+20
XV
01-171-005
Наурызбай батыр ауылы
+20
XVI
01-171-010
Вишневое ауылы (Қатаркөл ауылдық округі)
+20
XVII
01-171-004
Қымызынай ауылы (Зеленобор ауылдық округі)
+20
XVIII
01-171-014
Веденовка ауылы (Веденов ауылдық округі)
+10
XIX
01-171-011
Жасыл ауылы (Атамекен ауылдық округі)
+10
XX
01-171-006
Мәдениет ауылы (Зеленобор ауылдық округі)
+10
XXI
01-171-011
Қаражар ауылы (Атамекен ауылдық округі)
+10
XXII
01-171-007
Баянбай ауылы (Кенесары ауылдық округі)
+10
XXIII
01-171-037
Сарыбұлақ ауылы (Бурабай кенті)
+10
XXIV
01-171-003
Озерное ауылы (Абылайхан ауылдық округі)
0
XXV
01-171-008
Савинка ауылы (Златополье ауылдық округі)
0
XXVI
01-171-009
Қарашілік ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)
0
XXVII
01-171-001
Жаңа Қарабауыр ауылы (Абылайхан ауылдық округі)
0
XXVIII
01-171-011
Жаңажол ауылы (Атамекен ауылдық округі)
-10
XXIX
01-171-009
Красный кордон ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)
-10
XXX
01-171-011
Жаркайың ауылы (Атамекен ауылдық округі)
-10
XXXI
01-171-008
Сотниковка ауылы (Златополье ауылдық округі)
-10
XXXII
01-171-011
Шиелі ауылы (Атамекен ауылдық округі)
-10
XXXIII
01-171-007
Брусиловка ауылы (Кенесары ауылдық округі)
-10
XXXIV
01-171-012
Дмитриевка ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)
-10
XXXV
01-171-009
Көрнекті ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)
-10
XXXVI
01-171-006
Жаңаталап ауылы (Зеленобор ауылдық округі)
-20
XXXVII
01-171-013
Первомай ауылы (Златополье ауылдық округі)
-20
XXXVIII
01-171-013
Лесной хутор ауылы (Златополье ауылдық округі)
-20
XXXIX
01-171-013
Түлкілі ауылы (Златополье ауылдық округі)
-20
XL
01-171-012
Күлстан ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)
-20
XLI
01-171-012
Ынталы ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)
-20
XLII
01-171-012
Кіндікқарағай ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)
-20
XLIII
01-171-016
Николаевка ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)
-20
XLIV
01-171-015
Үлгіалған ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)
-30
XLV
01-171-015
Клинцы ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)
-30
XLVI
01-171-016
Райгородок ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)
-30
XLVII
01-171-013
Новоандреевка ауылы (Златополье ауылдық округі)
-30
XLVIII
01-711-015
Қарағай ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)
-30
XLIX
01-171-014
Жаңатуған ауылы (Веденов ауылдық округі)
-40
L
01-171-016
Қарабұлақ ауылы (Веденов ауылдық кругі)
-40
LI
01-171-014
Федосеевка ауылы (Веденов ауылдық кругі)
-50

5 Бурабай аудандық маслихаттың

2015 жылғы 06 қаңтардағы № 5С-38/3
шешіміне 3 қосымша
Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары

Қолданыстағы