Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения государственного учреждения «Управление государственных закупок Алматинской области»

Қаулы · № 30 · қабылданған 23.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86348/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении положения государственного учреждения «Управление государственных закупок Алматинской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 30 ·23.01.2015
11.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении положения государственного учреждения «Управление государственных закупок Алматинской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 30 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения государственного учреждения «Управление государственных закупок Алматинской области»
Атауы (қаз.)
«Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30
Қабылданған күні
23.01.2015
Көрсетілген редакция
11.07.2016 86348_95749.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15D0003014
ЭКБ идентификаторы
86348
Редакция идентификаторы
86348_95749
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:56

0 «Алматы облысының

мемлекеттік сатып алу
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін
бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2 2. «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Н. Сатыбалдина) «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

3 3. Басқарма басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарына М. Бигелдиевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

6 Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы «23»қаңтардағы
№ 30 қаулысымен
бекітілді
«Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2 2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

3 3.,Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4 4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5 5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6 6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7 7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8 8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9 9. Басқарманың орналасқан жері: индекс: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 38.

10 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11 11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12 12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13 13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14 14. Басқарманың миссиясы: Алматы облысы аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттiк басқару функциясын іске асыру.

15 15. Міндеттері:

1 1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;

2 2) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету.

16 16. Функциялары:

1 1) мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;

2 2) мемлекеттік сатып алудың конкурстық және (немесе) аукциондық құжаттамасын әзірлеу және оны бекітуге мемлекеттік органға (тапсырыс беруші) ұсыну;

3 3) әлеуетті өнім жеткізушілер мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;

4 4)  отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қолдау көрсету;

5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17 17. Құқықтары мен міндеттері:

1 1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;

2 2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға;

3 3) өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;

4 4) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға;

5 5) Басқарма құзыретіне жататын облыс әкімінің, әкімдігінің құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға;

6 6) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартуға;

7 7) Басқарма мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымджарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;

8 8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18 18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19 19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың бірінші басшысын Алматы облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20 20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

2 2) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;

3 3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;

4 4) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;

5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

6 6) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4 4. Мемлекеттік органның мүлкі

21 21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22 22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23 23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24 24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы