Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Акмолинской области»

Қаулы · № А-1/30 · қабылданған 26.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86405/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Акмолинской области» Күшін жойған Қаулы ·№ А-1/30 ·26.01.2015
13.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Акмолинской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ А-1/30 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Акмолинской области»
Атауы (қаз.)
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-1/30
Қабылданған күні
26.01.2015
Көрсетілген редакция
13.06.2016 86405_273277.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15B0004631
ЭКБ идентификаторы
86405
Редакция идентификаторы
86405_273277
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:55

0 «Ақмола облысының

мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі–Ереже) бекітілсін.

2 2. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді камтамасыз етсін.

3 3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы «26» қаңтардағы
№ А-1/30 қаулысымен
бекітілді
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі  облыс аумақтарында мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау және қадағалау саласындамемлекеттік басқару органы болып табылады.

2

2. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы»мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3

3. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  қазынашылық органдарында шоттары болады.

4 4. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5 5. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы»мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6 6. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7 7. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000,  Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,  Сәтбаев көшесі, 1«Б».

9 9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10 10. Осы Ереже «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11 11. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстың жергілікті бюджетінен  жүзеге асырылады.

12

12. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

13 13. Миссиясы: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

14 14. Міндеттері:

облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды, лицензиялауды және аттестаттауды жүзеге асыру;
облыс аумағында салынып жатқан объектілерді инспекциялауды жүргізу.

15 15. Функциялары:

1 1) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;

2 2) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

3 3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

4 4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

5 5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;

6 6) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

7 7) тексерістерді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыру;

8 8) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;

9 9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;

16 16. Құқықтары мен міндеттері:

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен облыс аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;
техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;
салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізу;
құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін, осы хабарлама алынған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей объектілер мен кешендерге бару құқығы беріледі;
Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады.

3 3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

17

17. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы»мемлекеттік мекемесін  басқаруды, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  басшысы жүзеге асырады.

18 18. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19 19. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысының орынбасары болады.

20 20. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда  және шегінде барлық ұйымдарда «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынады;
сенімхаттар береді;
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің іссапарлары, тағылымдамалары, кызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және біліктілігін жоғарылату түрлері бойынша  жоспарлары мен тәртіптерін бекітеді;
банкте шоттар ашады;
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметтерлеріне арналған  міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін  жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін белгілейді;
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттау мен тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
жемқорлыққа қарсы әрекет шараларын қолданады және бұл үшін дербес жауап береді;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен оған жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады;
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21 21. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы»мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарының өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.

4 4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

22

22. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23 23. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

24

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіөзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

25 25. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы