О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 522
- Қабылданған күні
- 18.04.2001
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2012 AI8641_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010000522_
- ЭКБ идентификаторы
- 8641
- Редакция идентификаторы
- AI8641_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:52
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
📌 Ескерту. 1) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.05. N 769 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 168 қаулысымен.
2 3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде: реттік нөмірі 26-жолдың 3-бағанының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"астықты сақтау";
көрсетілген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімінде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын
жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген 1-бөлімнің 23-тармағы мынадай
редакцияда жазылсын:
"23. Астықты сақтау";
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын
жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ-бөлімнің 20-тармағы
мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Астықты сақтау".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.