Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 535
- Қабылданған күні
- 23.12.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2016 86425_85903.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UO002961
- ЭКБ идентификаторы
- 86425
- Редакция идентификаторы
- 86425_85903
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:28
0 Жұмыс орындарының жалпы
санының үш проценті мөлшерінде
мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. Шардара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 457 «Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2120 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 9 қарашада аудандық «Өскен-өңір» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.