О присвоении наименований безымянным улицам сел Тегисжол, Жанажол, Карагай, Бесоба и Тоган Алгабасского сельского округа Акжаикского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований безымянным улицам сел Тегисжол, Жанажол, Карагай, Бесоба и Тоган Алгабасского сельского округа Акжаикского района
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің Тегісжол, Жаңажол, Қарағай, Бесоба және Тоған ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 27.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2015 86477_1537.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZBE03809
- ЭКБ идентификаторы
- 86477
- Редакция идентификаторы
- 86477_1537
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:53
0 Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық
округінің Тегісжол, Жаңажол, Қарағай,
Бесоба және Тоған ауылдарының
атаусыз көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңдарын басшылыққа алып, Тегісжол, Жаңажол, Қарағай, Бесоба және Тоған ауылдары халқының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алғабас ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің Тегісжол, Жаңажол, Қарағай, Бесоба және Тоған ауылдарының атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Алғабас ауылдық округі әкімінің
2015 жылғы «27» қаңтардағы № 1
шешіміне қосымша
Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің Тегісжол, Жаңажол, Қарағай, Бесоба және Тоған ауылдарының атаусыз көшелерінің атаулары
1. Тегісжол ауылы бойынша:
жобалық көшесі № 1 - «Хиуаз Доспанова» көшесі;
жобалық көшесі № 2 - «Қадыр Мырзалиев» көшесі.
2. Жаңажол ауылы бойынша:
жобалық көшесі № 1 - «Қаламқас Орашева» көшесі;
жобалық көшесі № 2 - «Желтоқсан» көшесі;
жобалық көшесі № 3 - «Жұбан Молдағалиев» көшесі.
3. Қарағай ауылы бойынша:
жобалық көшесі № 1 - «Атамекен» көшесі;
жобалық көшесі № 2 - «Ардагерлер» көшесі.
4. Бесоба ауылы бойынша
жобалық көшесі № 1 - «Мәңгілік ел» көшесі.
5. Тоған ауылы бойынша
жобалық көшесі № 1 - «Ынтымақ» көшесі.