О внесении изменения и дополнения в Трудовой кодекс Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в Трудовой кодекс Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 286-V
- Қабылданған күні
- 09.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2015 AI86506_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1500000286
- ЭКБ идентификаторы
- 86506
- Редакция идентификаторы
- AI86506_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:44
0 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
1
1-бап. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 21, 122-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жұмысқа алғаш кірген жас маманмен екі жылдан кем емес белгілі бір мерзімге;»;
2 2) 36-баптың 5-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он сегіз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген, алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін, бірақ оларды бітірген күннен бастап бір жылдан кешікпей кіретін адамдарға;».