Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Алматинской области

Ереже · № 1-1 · қабылданған 05.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86535/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Алматинской области Қолданыста Ереже ·№ 1-1 ·05.01.2015
05.01.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Алматинской области

Қолданыста Ереже ·№ 1-1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысында спорттық- бұқаралық, ойын-сауық, мәдени- бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1-1
Қабылданған күні
05.01.2015
Көрсетілген редакция
05.01.2015 86535_70004.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15D0003021
ЭКБ идентификаторы
86535
Редакция идентификаторы
86535_70004
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:06

0 Алматы облысында спорттық-

бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-
бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн
орындарда шыны ыдыстағы
өнiмдердi сату Қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө өкіміне сәйкес Алматы облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Тұрдалиевке жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Алматы облысы әкімінің

2015 жылғы «05» қаңтардағы
№1-1 шешімімен бекітілген
Алматы облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда
шыны ыдыстағы өнiмдердi сату
Қағидалары

1

1. Алматы облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө өкіміне сәйкес әзірленді.

2 2. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық iс-шаралар) заңнамалық нормаларды сақтаумен өткізіледі, техникалық, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, ғимараттарды пайдалану мен өрт қауіпсіздігі қағидаларына сай келуге тиіс.

3 3. Бұқаралық iс-шаралар өткізілетін жерлерде және оларға іргелес аумақтарда шыны ыдыстағы өнімдерді сатуға жол берілмейді.

4 4. Аталған аумақтарға бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында шыны ыдыстағы өнімдерді әкелуге және ішуге тыйым салынады.

5 5. Бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушы ішкі істер органдарымен бірлесе отырып келесі шараларды ескеру қажет:

1 1) шыны ыдыстағы өнімдерді сатуға тыйым салу;

2 2) шыны ыдыстағы өнімдерді алып өтуді және ішуді бақылау.

6 6. Бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгілеген жауапкершілікке әкеп соғады.

7 7. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Қолданыстағы