Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах аккредитации газосетевых организаций

Бұйрық · № 153 · қабылданған 27.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86541/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах аккредитации газосетевых организаций Күшін жойған Бұйрық ·№ 153 ·27.11.2014
01.01.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах аккредитации газосетевых организаций

Күшін жойған Бұйрық ·№ 153 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах аккредитации газосетевых организаций
Атауы (қаз.)
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
153
Қабылданған күні
27.11.2014
Көрсетілген редакция
01.01.2022 86541_553268.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010135
ЭКБ идентификаторы
86541
Редакция идентификаторы
86541_553268
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:48

0 Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 20) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге жолдауын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2014 жылғы 12 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ә. Исекешев
2014 жылғы 22 желтоқсан

1 Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 153 бұйрығына
1-қосымша
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 20) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар қолданылады:

1 1) аккредиттеу – газ желісі ұйымдарын Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді деп уәкілетті органның ресми тану рәсімі;

2 2) газ желісі ұйымы – аккредиттеу туралы куәлігі бар және газ толтыру станциясын пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

3 3) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;

4

4) рұқсаттық бақылау – уәкілетті органның рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ олар берілгеннен кейін екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;

5 5) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

3 3. Аккредиттеуді уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жүргізеді және ол газ желісі ұйымдарының аккредиттеу туралы куәлігімен (бұдан әрі – куәлік) расталады.

4

4. Газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы); өрт қауіпсіздігін; өнеркәсіптік қауіпсіздікті; сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді; авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың бар болуы туралы ақпарат _____ (бар/жоқ).

5 5. Білікті құрамының бар болуы туралы ақпарат:

1 1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білім _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

2 2) инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін – атқаратын лауазымына сәйкес кем дегенде арнайы орта білім _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)).

2 2-тарау. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібі

6 6. Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының бар болуы туралы ақпарат ________ (бар/жоқ).

7

7. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Азаматтық қорғау заңы) 76-бабының 6-тармағына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының бар болуы туралы ақпарат __________ (бар/жоқ).

8 8. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшенің қызметкері) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
Өтініш беруші құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) портал арқылы электрондық нысанда рұқсаттық бақылауын жүргізуге сұрау салуды жібереді.

9

9. Аумақтық бөлімшенің қызметкері және (немесе) құрылымдық бөлімшенің қызметкері 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілейді, оның нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің қызметкері және (немесе) құрылымдық бөлімшенің қызметкері және өтініш беруші қол қойған қорытындыны дайындайды.
Аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қорытындысы портал арқылы өтініш берушіге жіберіледі.

10 10. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше қызметкерінің және (немесе) құрылымдық бөлімше қызметкерінің қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) қарайды.

Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті беруден уәжді бас тартуды ұсыну арқылы куәлік беруден бас тарту не осы Қағидалардың 2-4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлік беру туралы шешім қабылдайды.
Куәлік немесе куәлікті беруден уәжді бас тарту портал арқылы өтініш берушінің «жеке кабинетіне» уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

11 11. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша куәлікті беруден бас тартады:

1 1) өтініш берушінің куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2 2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген рұқсат беру талаптарына және Заңның 28-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеуі;

3 3) тексерудің теріс қорытындысы;

4 4) өтініш берушіге қатысты куәлік алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

5 5) өтініш берушіге қатысты оның негізінде өтініш берушінің куәлік алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылғаны туралы соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы.

12 12. Куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес құжаттарды қайта береді.

13

14 14. Куәлікті қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1

2 2) егер газ желісі ұйымның екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде;

3 3) газ желісі ұйымының есептік деректеріне рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын қосу.

15

16

17

18 18. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, газ желісі ұйымдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша иелену тоқтатылған газ толтыру станциясының мекенжайын көрсете отырып, куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

Уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген өтініші келіп түскен күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде куәлікті қайта ресімдейді.
Бұл жағдайда ҚР ӘРПК-ның 73-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының негізінде тыңдау өткізілмейді.

19 19. Осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, газ желісі ұйымдары уәкілетті органға:

1 1) осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында нысан бойынша куәлікті қайта ресімдеуге өтініш;

2 2) осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын береді.

20 20. Осы Қағидалардың 19-тарамағында көрсетілген құжаттарды қарау осы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

21

21. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкес келуін анықтау қорытындысы бойынша уәкілетті орган осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзім ішінде куәлікті қайта ресімдеу туралы немесе осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген негіздер бойынша оны қайта ресімдеуге бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды ұсыну арқылы куәлікті қайта ресімдеуден бас тарту не осы Қағидалардың 2-4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлікті қайта ресімдеу туралы шешім қабылдайды.

22 22. Куәлікті қайта ресімдеуге бас тартылған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарына сәйкес, анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін, қайтадан құжаттарды тапсырады.

23 23. Егер уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өтініш берушіге куәлік немесе қайта ресімделген куәлік бермесе немесе оларды беруден дәлелді бас тарту ұсынбаса, оларды беру мерзімі аяқталған күннен бастап куәлік немесе қайта ресімделген куәлік берілген болып саналады.

Уәкілетті орган куәлікті немесе қайта ресімделген куәлікті беру мерзімі аяқталған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Рұқсаттар туралы заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес оны өтініш берушіге береді.

24 24. Заңның 18-бабының 4-тармағына сәйкес куәлiктiң қолданысын тоқтату мынадай жағдайларда:

1 1) куәлікті өз еркімен қайтару;

2 2) газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде иеленуді тоқтату;

3 3) заңды тұлғаның таратылғаны немесе оның бөлiну нысанында қайта ұйымдастырылуы;

4 4) сот шешімінің негізінде куәліктен айыру жағдайларында жүзеге асырылады.

Куәліктің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, аталған жағдайлардың бірі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган АЖ арқылы куәлікті қайтарып алады (жояды).

25 25. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды иелену тоқтатылған жағдайда, заңды тұлға таратылған немесе бөліну түрінде қайта ұйымдастырылған жағдайда, газ желісі ұйымы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.

26 26. Егер газ желісі ұйымы жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ толтыру станциясын пайдалануды жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартының (бұдан әрі – жалға алу шарты) негізінде ұзартқан жағдайда, газ желісі ұйымы уәкілетті органға:

1 1) жаңа мерзімге жалға алу не оны ұзарту шартының;

2 2) жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелерін береді.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың куәлікті алған кезде ұсынылған бастапқы құжаттармен сәйкес келуін тексеруді уәкілетті орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Құжаттар сәйкес келген кезде уәкілетті орган көрсетілген мерзімде Тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді.
Құжаттар сәйкес келмесе, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша уәжді бас тарту жібереді.
Бұл жағдайда ҚР ӘРПК-ның 73-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының негізінде тыңдау өткізілмейді.

27 27. Газ толтыру станциясының жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 24-тармағының 2) тармақшасы негізінде АЖ арқылы куәлікті қайтарып алады (жояды).

28

28. Уәкілетті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы өтініш берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.
Өтініш берушінің шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін өтініш берушіге оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

29 29. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК-ның 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

1-1 Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті алуға өтініш

Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу туралы куәлікті алуға
өтініш
____________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі мен күні)
____________________________________________________________________________________
(газ толтыру станциясының орналасқан жері)
___________________________ газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды.
Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны қоса беріледі.
Өтініште және мәліметтер нысанында қамтылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұйымның басшысы немесе уәкілетті өкіл (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

1-2 Газ желісі ұйымдарын

аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

1

1. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның болуы туралы ақпарат_______________ (жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттарды, жалға берушіні және жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартының мерзімдерін көрсете отырып, газ толтыру станциясын және топтық резервуарлық қондырғыларды (бар болса), жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартын көрсету (көрсетілген құжаттардың нөмірін және беру/қол қою/тіркеу күнін көрсету).

2

2. Газ толтыру станциясының аумағында орналасқан ___________________________________(төгу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш бағандар, баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, баллондарды техникалық куәландыру және жөндеу учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қойма, жалпы көлемі кемінде 600 м3 сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуарлар, газды есепке алу аспаптары, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесе су қоймасының болуын көрсету) бар болуы туралы ақпарат.

3 3. Қондырғылар топтық резервуарлық бар болуы туралы ақпарат _________________ (орналасқан жері, көлемін және санын болуын көрсету).

4

4. Газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы); өрт қауіпсіздігін; өнеркәсіптік қауіпсіздікті; сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді; авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің және (немесе) жауапты тұлғалардың болуы туралы ақпарат _________________________ (қызметтерді құру және (немесе) жауаптыларды (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) тағайындау туралы бұйрықтардың күндерін және нөмірлерін көрсету).

5 5. Білікті құрамының бар болуы туралы ақпарат:

1

1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білімі, кемінде екі жыл мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын; мамандығы бойынша жұмыс өтілі техникалық басшылардың тиісті саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі (тиісті саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен расталады));

2 2) инженерлік-техникалық қызметкерлері үшін – атқаратын лауазымына сәйкес кем дегенде арнайы орта білімі бар туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын).

6 6. Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы туралы ақпарат ___________________________________ (шарттың күнін және нөмірін көрсету).

7

7. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Азаматтық қорғау заңы) сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының бар болуы туралы ақпарат ____________________________ (декларацияны тіркеу күні және нөмірін көрсету).

8 8. Азаматтық қорғау заңына сәйкес аварияларды жою жоспары бар болуы туралы ақпарат ____________________________ (кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және (немесе) құралымдарының аварияларды жою жоспарын келісу күні, сондай-ақ, оны ұйым басшысы бекіткеннен күні мен нөмірі (болған кезде) көрсету).

2-1 Газ желісі ұйымдарын

аккредиттеу қағидаларына
2-1-қосымша
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру www.​gov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
1) газ же­лі­сі ұй­ым­да­рын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті (бұ­дан әрі - ку­ә­лік) бе­ру ке­зін­де - 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
2) ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу ке­зін­де: егер газ же­лі­сі ұй­ы­мын­да екі және одан да көп газ тол­ты­ру стан­ци­я­сы бар бол­са, газ тол­ты­ру стан­ци­я­ла­ры­ның бі­рін мен­шік құқы­ғын­да неме­се өзге де заң­ды негіз­де ие­ле­ну­ді тоқ­та­ту – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні; рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қо­сым­ша газ тол­ты­ру стан­ци­я­сын газ же­лі­сі ұй­ы­мы­ның есеп­тік де­ректе­ріне ен­гі­зу - 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
3) рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар­дың мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­сі (бұ­дан әрі – АЖ) ар­қы­лы мә­лі­мет­тер­ді газ же­лі­сі ұй­ым­да­ры­ның ті­зі­лі­міне (бұ­дан әрі – ті­зі­лім) ен­гіз­ген кез­де, жал­дау неме­се се­нім­гер­лік бас­қа­ру шар­ты (бұ­дан әрі – жал­дау шар­ты) негі­зін­де оны жал­ға алу мер­зі­мі аяқ­тал­ған­ға дей­ін газ тол­ты­ру стан­ци­я­сын пай­да­ла­ну­ды ұзар­ту­ды рас­та­ған кез­де және жал­ға алу шар­ты­на сәй­кес мү­лік­ті қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ре­ді. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) мә­лі­мет­тер­дің то­лық бол­мау фак­ті­сі анық­тал­ған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ре­ді.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Ку­ә­лік, қай­та ре­сім­дел­ген ку­ә­лік не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі­нің ны­са­ны – элек­трон­дық.
Пор­тал­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды және сақ­та­ла­ды.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7.
Жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
пор­тал­ға:
1) ку­ә­лік­ті алу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған газ же­лі­сі ұй­ым­да­рын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті алу үшін өті­ні­ші;
газ және га­з­бен жаб­дық­тау са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін газ же­лі­сі ұй­ым­да­ры­на қой­ы­ла­тын рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
2) ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу үшін мы­на­дай жағ­дай­лар­да:
егер газ же­лі­сі ұй­ы­мын­да екі және одан да көп газ тол­ты­ру стан­ци­я­сы бар бол­са, газ тол­ты­ру стан­ци­я­ла­ры­ның бі­рін мен­шік құқы­ғын­да неме­се өзге де заң­ды негіз­де ие­ле­ну­ді тоқ­та­ту:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған газ тол­ты­ру стан­ци­я­сы­ның оны ие­ле­ну тоқ­та­ты­л­ған ме­кен­жай­ын көр­се­те оты­рып, газ же­лі­сі ұй­ым­да­рын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті
қай­та ре­сім­де­у­ге өті­ні­ші;
рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қо­сым­ша газ тол­ты­ру стан­ци­я­сын газ же­лі­сі ұй­ы­мы­ның есеп­тік де­ректе­ріне ен­гі­зу:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған газ же­лі­сі ұй­ым­да­рын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­де­у­ге өті­ні­ші;
газ және га­з­бен жаб­дық­тау са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін газ же­лі­сі ұй­ым­да­ры­на қой­ы­ла­тын рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на мә­лі­мет­тер ны­са­ны және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі;
3) егер газ же­лі­сі ұй­ы­мы газ тол­ты­ру стан­ци­я­сын пай­да­ла­ну­ды жал­ға алу неме­се се­нім­гер­лік бас­қа­ру шар­ты­ның (бұ­дан әрі – жал­ға алу шар­ты) негі­зін­де ұзар­тқан жағ­дай­да, жал­ға алу мер­зі­мі аяқ­тал­ған­ға дей­ін газ же­лі­сі ұй­ы­мы уәкі­лет­ті ор­ган­ға:
жа­ңа мер­зім­ге жал­ға алу неме­се оны ұзар­ту шар­ты­ның;
жал­ға алу шар­ты­на сәй­кес мү­лік­ті қа­был­дау-тап­сы­ру ак­ті­сі­нің кө­шір­ме­ле­рін бе­ре­ді.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер мы­на­лар:
1) өті­ніш бе­ру­ші­нің ку­ә­лік­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің бел­гі­лен­ген рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на және «Газ және га­з­бен жаб­дық­тау ту­ра­лы» 2012 жы­л­ғы 9 қаң­тар­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 28-ба­бы 7-тар­ма­ғы 2) тар­мақ­ша­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
4) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты ку­ә­лік алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
5) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты оның негі­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­нің ку­ә­лік алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ға­ны ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де;
пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, оның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар;
4) пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол­же­тім­ді;
5) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777.

2-2 Өтінішті одан әрі қараудан/ газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап

Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-2-қосымша
Нысан
[УО атауы (мемлекеттік тілде)] УО реквизиттері мемлекеттік тілде
[УО атауы (орыс тілінде)] УО реквизиттері орыс тілінде
Өтінішті одан әрі қараудан/
газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беруден
бас тарту туралы дәлелді жауап
Берілген күні: [РҚ берілген күні]
[Өтініш берушінің атауы]
[УО атауы], сіздің [өтінім күні] № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап,
_____________________________бас тарту туралы хабарлайды.
[Бас тарту себебі].
[Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы]

2-3 Газ желісі ұйымдарын

аккредиттеу қағидаларына
2-3-қосымша
Нысан
_____________________________________________________ берілді
(өтініш берушінің толық атауы)
Осымен _________________________________________________МО
(уәкілетті органның толық атауы)
Сіздің [өтінім күні] жылғы № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап, газ және
газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті органы «Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша алдын ала
шешімге ____________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
ұстамынын __________________________________________________________
(тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)
білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган басшысы _______________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
Хабарлама жолданған күні және уақыты:
20__ жылғы «___» ________ «__» сағат «__» мин

2-4 Газ желісі ұйымдарын

аккредиттеу қағидаларына
2-4-қосымша
Нысан
[УО атауы (мемлекеттік тілде)] УО деректемелері мемлекеттік тілде
[УО атауы (орыс тілінде)] УО деректемелері орыс тілінде
Куәлікті берген орган:
Уәкілетті органның жауапты
құрылымдық бөлімшесінің басшысы:
Куәліктің ресімделген күні:
Куәліктің нөмірі:
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

1-3 Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге өтініш

Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге
өтініш
_____________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі мен күні)
20__ ж. «____»________________ №_____________________________________________________
газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті
_________________________________________________________________________ байланысты
(қайта ресімдеу себебін көрсету)
қайта ресімдеуді сұрайды.
Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1. _________________________________
2. _________________________________
3. _________________________________
Өтініште және қоса берілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұйымның басшысы немесе уәкілетті өкіл (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

2 Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 153 бұйрығына
2-қосымша
Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі
р/с

Рұқсат беру талаптары
Құжаттар
Ескертпе
1
меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік-техникалық базаның болуы
көрсетілген құжаттарды беру/қол қою/тіркеу күні мен нөмірін көрсете отырып, жалға берушіні және жалға алу немесе сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың, газ толтыру станциясы мен топтық резервуарлық қондырғылардың (бар болса) жалдау шартының немесе сенімгерлік басқару шартының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Өндірістік базаның және растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді
2
газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы);
өрт қауіпсіздігін;
өнеркәсіптік қауіпсіздікті;
сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді;
авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің және (немесе) жауапты тұлғалардың болуы
қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді
3
мынадай біліктілік құрамы:
1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білімі бар, кемінде екі жыл мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар өтілі (тиісті саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен расталады);
2) инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін –атқаратын лауазымына сәйкес кем дегенде арнайы орта білімі бар
әрбір қызметкер бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мамандардың білікті құрамының болуын (тиісті білімін, жұмыс өтілін растайтын құжаттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу арқылы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді
4
объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы
шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді
5
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының болуы
декларацияны тіркеудің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді
6
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аварияларды жою жоспарының болуы
кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және (немесе) құралымдарының аварияларды жою жоспарын келісу күні, сондай-ақ, оны ұйым басшысы бекіткеннен күні мен нөмірі (болған кезде) туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

Қолданыстағы