Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел строительства акимата города Костаная"

Қаулы · № 241 · қабылданған 05.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86621/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел строительства акимата города Костаная" Күшін жойған Қаулы ·№ 241 ·05.02.2015
18.08.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел строительства акимата города Костаная"

Күшін жойған Қаулы ·№ 241 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел строительства акимата города Костаная"
Атауы (қаз.)
"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
241
Қабылданған күні
05.02.2015
Көрсетілген редакция
18.08.2017 86621_223723.kaz
Соңғы өзгеріс
18.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NA005366
ЭКБ идентификаторы
86621
Редакция идентификаторы
86621_223723
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:47

0 «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы (Ж.И. Наметов) жоғарыда аталған Ережені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органында тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қостанай қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 5 ақпандағы
№ 241 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласындағы құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органы болып табылады.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3 3. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4

4. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5 5. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6 6. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7

7. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8 8. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 40.

10 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11 11. Осы Ереже «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12 12. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13 13. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

14 14. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаланың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыру, тұрғын үй қоры және басқа қалалық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізуді және пайдалануды ұйымдастыруға жәрдемдесу және қатысу.

15 15. Міндеттері:

1 1) тұрғын үй құрылысы бойынша бюджеттік бағдарламарға сәйкес қалалық объектілерді салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша жылдық және перспективтік бағдарламаларды әзірлеу;

2 2) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

3 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

16 16. Функциялары:

1 1) конкурстық негізде барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

2 2) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерді, су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және қаланың басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылымдары объектілерін салуды ұйымдастырады;

3 3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17 17. Құқықтары мен міндеттері:

1 1) қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;

2 2) қаладағы кәсіпорындар, ұйымдар мен қоғамдық құрылымдардың басшыларымен келісіп, олардың мамандарын конкурстық комиссияларда, тексерістерде, сараптама жасағанда қатысу үшін тартуға;

3 3) өз жұмысын атқару кезінде энергетика, құрылыс объектілері мен кәсіпорындарына, жол, су және тұрғын үй коммуналдық объектілерге баруға;

4 4) өз құдыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

5 5) «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

3 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18 18. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19 19. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20 20. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21 21. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1 1) «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

2 2) мемлекеттік мекеменің мүддесін барлық ұйымдарда ұсынады;

3 3) заңмен белгіленген жағдайда және шегінде мүлікке өкімдік етеді;

4 4) шарттар жасасады;

5 5) сенімхаттар береді;

6 6) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығы ие;

7 7) «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің іссапарлар, тәжірибе, қызметкерлерді оқыту орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктіліктерін арттырудың басқа түрлері бойынша тәртіп пен жоспарларын бекітеді;

8 8) мекеменің барлық қызметкелері үшін міндетті бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді;

9 9) «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;

10 10) «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне сыйақы береді және тәртіптік жаза қолданады;

11 11) «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі орынбасарының және өзге де қызметкерлерінің міндеттері және өкілеттілік шегін белгілейді;

12 12) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22 22. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4 4. Мемлекеттік органның мүлкі

23 23. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

«Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24 24. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25 25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26 26. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы