Құжат мәтініне өту

Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 14 · қабылданған 28.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86635/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 14 ·28.01.2015
19.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 14 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14
Қабылданған күні
28.01.2015
Көрсетілген редакция
19.05.2016 86635_87272.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15V0003683
ЭКБ идентификаторы
86635
Редакция идентификаторы
86635_87272
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:53

0 Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданының аумағында
карантин режимін енгізе отырып,
карантин аймағын белгілеу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9 - 1 - бабының 3) тармақшасына және 14 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 03/801 ұсынымы негізінде, карантин нысаны - жұпсыз жібек көбелегінің (Lymantria dispar L. (аsian rase) анықталған таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып, жұпсыз жібек көбелегімен (Lymantria dispar L. (аsian rase) зақымданған алаңдар көлемінде карантин аймағы белгіленсін, оның ішінде:

1 1) Күршім ауылдық округі Күршім ауылының аумағында - 5 гектар;

2 2) Маралды ауылдық округі Маралды ауылының аумағында - 1 гектар.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (А. Ш. Жақыпбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.

3 3. Күршім ауданының әкімі (А. С. Сейітов), Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Д. М. Селиханов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіп кешеніндегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Шығыс Қазақстан облыстық
аумақтық инспекциясының басшысы
__________________А. Жақыпбаев
2015 жылғы «28» 01

Қолданыстағы