Об утверждении Правил охраны и содержания памятников истории и культуры
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил охраны и содержания памятников истории и культуры
- Атауы (қаз.)
- Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 157
- Қабылданған күні
- 29.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2020 86643_456172.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400010163
- ЭКБ идентификаторы
- 86643
- Редакция идентификаторы
- 86643_456172
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:13
0 Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 19-бабының
14-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасы бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсанда
№ 157 бұйрығымен
бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасы
1 1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасы тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау мен күтіп-ұстау тәртібін айқындайды.
2 2. Ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушылар олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мыналарды жүзеге асырады:
1 1) зақымданудан және (немесе) жоюдан, тағылық актілерінен, жалған дәріптеуден, өңін айналдырудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғау;
2 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар ету;
3 3) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізеді.
Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану бойынша уәкілетті органмен келіседі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жібереді.
4 4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленетін тәртіппен және шекте ескерткішке ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткізуді;
5 5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету.
3
3. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабы 7-тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органдары ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушыларға қорғау міндеттемесі беріледі.