О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 183/54
·
19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 183/54
- Қабылданған күні
- 10.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2019 86748_428950.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PM004312
- ЭКБ идентификаторы
- 86748
- Редакция идентификаторы
- 86748_428950
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:43
0 Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөндірістік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18– бабының 5–тармағына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жыл сайын 5000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.