Об утверждении форм уведомления о представлении в орган государственных доходов списков участников системы обязательного социального страхования и распоряжения органа государственных доходов о приостановлении расходных операций по кассе плательщика
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении форм уведомления о представлении в орган государственных доходов списков участников системы обязательного социального страхования и распоряжения органа государственных доходов о приостановлении расходных операций по кассе плательщика
- Атауы (қаз.)
- Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарламаның және төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімінің нысандарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 14.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2019 86771_380560.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15E0010264
- ЭКБ идентификаторы
- 86771
- Редакция идентификаторы
- 86771_380560
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:03
0 Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарламаның және төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінің 14, 17-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берілген мынадай:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарламаның;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімінің нысандары бекітілсін.
2 2. Мыналардың:
1
1) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 39 ның (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5558 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1639) жарияланған);
2
2) «Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 261 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5720 болып тіркелген, «Юридическая газета» 2009 жылғы 31 шілдеде 115 (1712) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е.Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 14 қаңтар № 19
бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың
тізімдерін мемлекеттік кірістер органына тапсыру туралы хабарлама
20__ жылғы «___» _______________ № ____
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару сәйкес,
__________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Сізді_____________________________________________________________________________________
(төлеушiнiң Т:А:Ә, атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), мекенжайы)
__________________________________________________________________________________________
20 ___жылғы «____»__________ жағдай бойынша
теңге
Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің барлығы
Негізгі төлемнің сомасы
Өсімақы сомасы
мөлшеріндегі Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша
берешектің бар екендігі туралы хабарлайды.
Осыған байланысты осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде
Сізге_____________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
__________________________________________________________________________________________
әлеуметтік аударымдары жүргізіліп жатқан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысушылардың тізімін тапсыру қажет.
Әлеуметтік аударымдары жүргізіліп жатқан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысушылардың тізімдері тапсырылмаған жағдайда___________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
__________________________________________________________________________________________
төлеушінің банк шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім
шығарады.
Бұл ретте Сізге «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
белгіленген тәртіпте және шарттарда өсімпұл есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органдарыңың және олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары
орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы
сәйкес әкімшілік жауаптылық шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің жоғары тұрған мемлекеттік кірістер
органына немесе сотқа мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығыңыз бар.
Мемлекеттік органның басшысы
(Басшының орынбасары) _________________________________________________________________
(Т.А.Ә, қолы, мөрі)
Хабарламаны алды ______________________________________________________________________
(төлеушінің Т.А.Ә, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама төлеушіге ұсынылды _________________________________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының Т.А.Ә, қолы, күні)
Хабарлама төлеушіге жіберілді _________________________________________________________
(жіберу және алу фактісі туралы растаушы құжат)
2 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 14 қаңтар № 19
бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі
20__ жылғы «___» _____________ № _______
(жазба күні)
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесіне сәйкес,
_____________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________________________________________
(төлеушінің Т:А:Ә,атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), мекенжайы)
касса бойынша (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдары бойынша
берешегін өтеу жөніндегі операцияларынан басқа) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Осы өкімді алған кезден бастап төлеушінің кірісіне түсетін қолма-қол ақша қаражаттары
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылуы тиіс.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, ақшаларды банкке немесе банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру операцияларынан басқа,
кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына, оларды кейіннен салық берешегін,
міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне
жатқызу үшін қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органдарыңың және олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары
орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы
сәйкес әкімшілік жауаптылық шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің жоғары тұрған мемлекеттік кірістер
органына немесе сотқа мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығыңыз бар.
Мемлекеттік органның басшысы
(Басшының орынбасары) ______________________________________________________________________
(Т.А.Ә, қолы, мөрі)
Хабарламаны алды ___________________________________________________________________________
(төлеушінің Т.А.Ә, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама төлеушіге ұсынылды ______________________________________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының Т.А.Ә, қолы, күні)
Хабарлама төлеушіге жіберілді ______________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісі туралы растайтын құжат)