Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента работы дисциплинарных советов Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в городах Астана и Алматы, областях

Бұйрық · № 2 · қабылданған 06.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86775/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Регламента работы дисциплинарных советов Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в городах Астана и Алматы, областях Күшін жойған Бұйрық ·№ 2 ·06.01.2015
26.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента работы дисциплинарных советов Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в городах Астана и Алматы, областях

Күшін жойған Бұйрық ·№ 2 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента работы дисциплинарных советов Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в городах Астана и Алматы, областях
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестерінің жұмыс Регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
06.01.2015
Көрсетілген редакция
26.04.2016 86775_90544.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010201
ЭКБ идентификаторы
86775
Редакция идентификаторы
86775_90544
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:06

0 Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк қызмет iстерi
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы
қалаларындағы, облыстардағы
тәртіптік кеңестерінің жұмыс
Регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері туралы ережесінің 5-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестерінің жұмыс Регламенті бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестерінің жұмыс Регламенті туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 04-2-4/19 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9136 тіркелді, "Егемен Қазақстан" 2014 жылғы 6 мамырдағы № 87 (28311) газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

3

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың алдын-алу департаментіне (Ә.А. Көмекбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 06 қаңтар
№ 2
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестерінің Регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттiгiнiң Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртiптiк кеңестерiнің регламенті (бұдан әрi - Регламент) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері туралы ереженің 5-1 тармағына (бұдан әрі - Ереже) іске асыру мақсатында бекітілді.
Регламент Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестерінің (бұан әрі – Тәртіптік кеңес) отырысын өткізу және дайындау тәртібін, онда мәселелерді енгізу және қарау, сондай-ақ дауыс беру тәртібі мен басқа да ұйымдастырушылық және процедуралық мәселелерді белгілейді.

2 2. Тәртіптік кеңестің қызметінің негізгі құрылымы Тәртіптік кеңестің шешімдері қабылданатын отырысы болып табылады.

3 3. Тәртіптік кеңестің отырысында қаралатын мәселелер Ережемен белгіленген құзыретімен анықталады.

4 4. Тәртiптiк кеңестiң жұмысшы органы Хатшылық болып табылады, ол Тәртiптiк кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

2 2. Тәртіптік кеңестің отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі

5 5. Тәртiптiк кеңестiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде екi айда бiр рет өткiзiледi және Тәртіптік кеңес Төрағасымен (бұдан әрі - Төраға) шақырылады.

6 6. Отырысты өткізуді ұйымдастыруды бақылау Тәртіптік кеңес Хатшылығының меңгерушісіне жүктеледі.

7 7. Төраға Тәртіптік кеңес отырыстарының күн тәртібі мен құқықбұзушылықты анықтаған мемлекеттік органның өкілі немесе Тәртіптік кеңес хатшылығының қызметкерлері қатарынан әрбір мәселелер бойынша баяндамашыларды айқындайды.

Күн тәртібі мен шешімдер жобалары қаралатын мәселелер бойынша қорытындысыз тәртіптік кеңес мүшелеріне отырыс өткізілгенге дейін үш күн бұрын жіберіледі.
Күн тәртібіне, қаралатын мәселелер тізбесі, баяндамашылардың аты-жөні, болған кезде тегі, күні мен уақыты, сондай-ақ отырысты өткізу орны кіреді.

8 8. Тәртіптік кеңес отырысына енгізілетін ақпараттық (аналитикалық) және басқа материалдар алдын ала хатшылық меңгерушісімен немесе оны алмастыратын адаммен визаланады.

9 9. Хатшылықпен отырысқа шақырылғандардың тізімі белгіленіп, сондай-ақ оларды хабарландыру жөнінде шаралар қабылданады.

Төрағаның шешімі бойынша тәртіптік кеңестің отырысына бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері (үкіметтік емес ұйымдар) шақырылуы мүмкін.

10 10. Тәртіптік кеңестің отырыстарында Төраға төрағалық етеді, Төраға болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша отырыстарда тәртіптік кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.

11

11. Тәртіптік кеңес отырысы ашық өткізіледі. Қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпияларды қозғаса, Төрағаның шешімі бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) келісім бойынша жабық отырыстар өткізуі мүмкін.

12 12. Тәртіптік кеңестің отырыстары, егер оларға тәртіптік кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда құқықты болып саналады.

13 13. Тәртіптік кеңестің отырысында тәртiптiк iс, егер тәртiптiк жауаптылыққа тартылатын адамдар отырыс өткiзілгенге дейiн кемінде үш күн бұрын тиісінше хабарландырылса, олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.

14

14. Тәртіптік кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамада отырысқа қатысқан Тәртіптік кеңестің мүшелері, басқа да шақырылған тұлғалар, қаралған мәселелер, баяндамашылар мен өзге де сөз сөйлеушілер, баяндамалардың негізгі мазмұны (сөз сөйлеулер, ескертулер), әрбір қаралған мәселелер бойынша Тәртіптік кеңес мүшелері дауыс беруінің нәтижелері мен қабылданған шешімдері көрсетіледі.
Хаттама тәртіптік іс бойынша іс жүргізу тілінде ресімделеді, оған Tөpаға, Тәртіптік кеңес мүшелері және Тәртіптік кеңес отырысының хатшысы қол кояды.

15 15. Тәртіптік кеңес отырысының хаттамасы отырыс өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Тәртіптік кеңес хатшысымен ресімделіп, Тәртіптік кеңес мүшелеріне қол қою үшін жіберіледі.

Отырыс хаттамасының көшірмесі тәртіптік іс материалдарына қоса тігіледі.

16 16. Тәртіптік кеңесте мәселелерді қарау нәтижелері Тәртіптік кеңес шешімдері түрінде ресімделеді.

Шешімдер отырысқа қатысушы Тәртіптік кеңес мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Тәртіптік кеңес мүшелері дауыс беру кезінде қалыс қала алмайды.
Тәртіптік кеңестің отырысында қабылданған шаралар тәртіптік іс бойынша іс жүргізу тілінде ресімделіп, Тәртіптік кеңестің төрағасымен және Хатшылық меңгерушісімен қол қойылады.
Шешімдерде, оның қабылдауына негіз болған, Ереженің нормаларына сілтеме жасалады.

17 17. Тәртіптік кеңес шешімдерінің көшірмелелері Тәртіптік кеңес мүшелері мен Ереженің 6 тармағының 1) тармақшасымен белгіленген тұлғаларға отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

18 18. Тәртіптік істі тоқтату жағдайында Тәртіптік кеңес шешімдерінің көшірмелері тәртіптік істі қозғауға негіз болған ақпаратты жолдаған мемлекеттік органдарға жіберіледі.

19 19. Тәртіптік кеңес отырысы барысында Төраға немесе хатшылық қызметкерлері Тәртіптік кеңес мүшелеріне қабылданып отырған шешімдердің заңдылық мәселесі жөнінде кеңестер береді.

20

20. Отырыстың хаттамасы мен шешіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларының 46 тармағына сәйкес бір күнтізбелік жыл шегінде және отырыстарды өткізу кезектілігі тәртібімен нөмірлер беріледі. Тәртіптік кеңес отырыстарының хаттамалары мен оған қоса берілген құжаттар Хатшылықта сақталып, уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа тапсырылады.
Аталған құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №1605 қаулысына сәйкес анықталады.

3 3. Тәртіптік істерді қозғау және Тәртіптік кеңес шешімдерін дайындау тәртібі

21 21. Тәртіптік істер шешімдерді дайындау Тәртіптік кеңес хатшылығымен іске асырылады.

22

22. Құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың, Агенттіктің хабарламалары, Агенттіктің аумақтық органдарының тексеру нәтижелері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары, Хатшылық қызметкерлерінің қызметтік жазбахаттары түріндегі, тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары мен қызмет этикасын Ереженiң 3-тармағында көрсетілген адамдармен бұзғаны туралы мәліметтер Тәртіптік істі қозғауға негіз болып табылады.

23

23. Қаралуы Тәртіптік кеңестің құзыретіне кірмейтін құқық қорғау немесе басқа мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан материалдар мен мәліметтер жіберілген жағдайда Төраға үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тұлғалардың теріс қылық жасағаны туралы мәліметтер мен материалдарды қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органға немесе құзыретіне сәйкес тиісті лауазымды адамға жібереді және ол жөнінде Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында хабардар етеді.

24

24. Ереженiң 3-тармағында көрсетілген адамдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) бұзғаны туралы құқық қорғау немесе басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтер мен материалдар бойынша шешімдерді Тәртіптік кеңестің отырысында қараусыз қабылдауға жол берілмейді.
Ереженiң 3-тармағында көрсетілген адамдарға жатпайтын қызметшілерге қатысты материалдар түскен жағдайда құқық қорғау органдары мен басқа мемлекетік органдарға материалдар тәртіптік істі қозғаусыз қайтарылады.

25 25. Тәртіптік іс Төрағаның жеке бұйрығымен және құқық бұзушылық жасаған әрбір тұлғаға, материалдар түскен, тексеру немесе қызметтік тексеру аяқталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді.

26 26. Тәртiптiк iс Тәртіптік кеңес отырысында тәртіптік іс қозғау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш апта ішінде қаралуға тиiс.

Тәртіптік іс қызметшінің уақытша еңбекке жарамсыздығы, оның демалыста немесе іссапарда болу кезеңінде, сонымен қатар сот шешімі бойынша тоқтатыла тұрады.
Тәртіптік істі тоқтату және қайтадан бастау Төрағаның жеке бұйрығымен іске асырылады.

27

27. Тәртіптік істі Тәртіптік кеңестің отырысында қарағанға дейін Тәртiптiк кеңес Хатшылығымен алдын-ала тексеру немесе қызметтік тексеру жүргiзiліп, оның барысында iске қатысы бар мән-жайлар мен мәлiметтер зерделенедi, тәртiптiк жауаптылыққа тартылатын адамдардан жазбаша түсiнiктемелер талап етiледi.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

28

28. Тәртіптік іс бойынша тексеру немесе қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін Хатшылық тәртіптік іс қозғалған лауазымды адам туралы, ақпарат дереккөзі, құқық бұзушылықтың мәні, құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын немесе жоққа шығаратын материалдар туралы мәліметтер көрсетілген Тәртіптік кеңес шешімін дайындайды.
Хатшылық, қызметтік тексеру немесе тексеру жүргізілген тұлғаға, оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде қол қою арқылы таныстыруға тиіс, оған қызметтік тексеру рәсіміне өзінің қатысу құқығы беріледі.

4 4. Тәртіптік кеңес ұсыныстарының орындалуын бақылау

29 29. Ереженің 3-тармағында көрсетілген адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Тәртіптік кеңестің ұсынысы, мемлекеттік органға немесе Ереженің 6-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Ұсынысты қараудың қорытындысы және қабылданған шаралар туралы Тәртіптік кеңеске ұсыныс қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

30 30. Хатшылық өткен отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы жөнінде Тәртіптік кеңесті хабарлайды.

31 31. Тәртіптік кеңестің ұсынысы негізсіз орындалмаған жағдайда Хатшылық жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға тиісті адамның жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдау үшін Тәртіптік кеңес отырысына ақпарат дайындайды.

32 32. Тәртіптік кеңес ұсыныстарының орындалуын бақылау Тәртіптік кеңестің Төрағасына жүктеледі.

5 5. Қорытынды ережелер

33 33. Мемлекеттік құпиялары мен заңмен қорғалатын құпиялары барлардан басқа Тәртіптік кеңес қабылдаған шешімдермен мүдделі адамдарға танысуға рұқсат беру Хатшылықпен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы