Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации деятельности акцизных постов

Бұйрық · № 30 · қабылданған 19.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86776/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации деятельности акцизных постов Күшін жойған Бұйрық ·№ 30 ·19.01.2015
14.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации деятельности акцизных постов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 30 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации деятельности акцизных постов
Атауы (қаз.)
Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30
Қабылданған күні
19.01.2015
Көрсетілген редакция
14.12.2015 86776_74813.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15E0010281
ЭКБ идентификаторы
86776
Редакция идентификаторы
86776_74813
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:01

0 Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9777 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесінің 16-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (А.М. Қыпшақов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мелекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпарататтық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 30 бұйрығымен
бекітілген
Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Акциздік постылар өндіру мекенжайы бойынша салық төлеушілердің аумағында немесе лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша:

1 1) этил спиртін;

2 2) алкоголь өнімін (жылдық өндіріс қуаттылығы төрт жүз мың декалитрден төмен болатын сыра өнімдерін қоспағанда);

3 3) темекі бұйымдарын;

4 4) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын (бұдан әрі – мұнай өнімдер) тікелей өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады.

2 2. Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібі

3 3. Акциздік постылардың қызметін жедел басқаруды және үйлестіруді қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушіні тіркеу орны бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының басшылары жүзеге асырады.

4 4. Акциздік постыларды ұйымдастыру, орналасқан орындары мен қызметкерлердің құрамы, салық төлеушілердің жұмыс режимінің шегінде олардың жұмыс регламенті қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушіні тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы басшысының бұйрығымен айқындалады.

5 5. Лауазымды тұлғадар осы Қағидаларда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырған кезде Салық кодексінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманың нормаларын, осы Қағидаларды басшылыққа алады.

6 6. Салық кодексінің 653-бабы 11-тармағына сәйкес акциздік постыда тұған салық органының лауазымды тұлғасы:

1 1) салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіруге, сақтауға және өткізуге пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларды зерттеп-тексереді;

2 2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысады;

3 3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) кіріп (шығып) жатқан жүк көлік құралдарын тексеріп қарайды.

7 7. Салық кодексінің 653-бабы 10-тармағына сәйкес акциздік постыдағы салық органының лауазымды тұлғасы:

1 1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;

2 2) сатып алушыда тиісті қызмет түріне лицензияның және (немесе) лицензияның қосымшасының болуына;

3 3) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуіне және (немесе) босатылуына немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдаланылуына;

4 4) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен таңбалаудың тәртібін сақтауына;

5 5) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін оларды босатқан кезде ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидаларын сақтауына;

6 6) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына, бюджетке акциздердің дер кезінде және толық төленуіне;

7 7) акцизделетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе акциздік маркаларының қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.

8 8. Лауазымды тұлғалар акциздік постыда болған кезінде:

1 1) негізгі шикізатты, қосалқы материалдарды, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін тиеп-жөнелткен, жүкті түсірген (қабылдаған), орнын ауыстырған кезде қатысады және олардың көлемін тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарында көрсетілген және есепке қабылдап алған деректермен салыстырады;

2 2) алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбалардың түпнұсқалығын іріктеп тексеруді арнайы аспаптар арқылы жүзеге асырады;

3

3) ағымдағы жұмыс күні ішінде әкелінетін акцизделетін өнімді қабылдауды (түсіруді) аяқтай алмаған жағдайда, кәсіпорынның жауапты қызметкерімен бірлесіп, қойма үй-жайларын, көлік құралдарын жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломбалайды және акцизделетін тауарлардың қолда барын және олардың бүтіндігін тексереді;

4 4) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:

акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;
спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);
өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);
алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін;
мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өңдіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;
дизель отынын, бензинді босату крандарына біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломба салады.
Біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломбы салу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырғаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбы салу актісі жасалады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда көрсетілген пломбаларды өндірушінің өкілдері шығарып алады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай фактілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және тоқтату саласындағы уәкілетті орган растайды;

5 5) өндіруші басшысынан және басқа да лауазымды тұлғадардан акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен айналымы жөніндегі мәліметтер мен құжаттарды өз өкілеттіктері шегінде сұрау салады;

6

6) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың қалдықтарын шығаруды жүзеге асырды, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің, негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың қалдықтарын шығару актісін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады;

7

7) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру кезінде пайдаланылатын құрал-жабдықты алып тастау, алмастыру немесе жаңасын енгізу кездерінде, бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша түрде мемлекеттік кірістер органдарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Мемлекеттік кірістер комитеті) хабарлайды;

8

8) акциздік постыдағы болған кезден кейінгі екінші күні «Акциз» ақпараттық жүйесі арқылы күн сайынғы акциздік постының этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдерін (шарап материалынан басқа) өндіру мен өткізу көлемдері бойынша есептерді Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша және бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын өткізу көлемдері бойынша акциздік постының есептерін Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне тапсыруды қамтамасыз етеді;

9

9) пломбаның бұзылғанын немесе бұрмаланғанын (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда) не спирт өлшеуші аппараттардың бақылаушы есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің бұрмаланғанын анықтаған немесе белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау немесе акциздік маркаларды, алкоголь өніміндегі есепке алу-бақылау маркасының, темекі бұйымдарында акциздік маркалардың жоқ екендігін анықтаған жағдайда тиісті акт жасайды.
Көрсетілген фактілер олар анықталған сәтінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік кірістер органына жазбаша түрде жеткізіледі.

9 9. Акциздік постыда тұрған лауазымды тұлға осы Қағидалардың 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша журналдарын толтырады.

Бұл ретте шикізат ретінде пайдаланылатын мұнай өнімдерінің араластыру кезіндегі көлемдері негізгі шикізаттың қозғалыстары журналында көрсетіледі.

10 10. Журналдар нөмірленеді, жіппен тігіліп басшының қолы қойылады және тиісті мемлекеттік кірістер органының мөрі басылады.

3 3. Қорытынды ережелер

11 11. Акциздік постылардың қызметін бақылау Мемлекеттік кірістер комитетіне мемлекеттік кірістер органдары берген деректерді талдау және мелекеттік кірістер органдары мен Мемлекеттік кірістер комитетінің акциздік постыларға тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

1.1 Пломба салу актісі

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Пломба салу актісі

Күні
Мемлекеттік кірістер органының коды
Кәсіпорынның атауы
Кәсіпорынның БСН
Пломбаны салу орны
Бір рет пайдаланатын бақылау пломбасының нөмірі
Салынған пломбалардың саны
1
2
3
4
5
6
7
8
Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ____________________ __________
(қолы)
Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ____________________ __________
(қолы)
Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні ___________ ________
(қолы)
Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні ____________ _______
(қолы)

1.2 Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің, негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың қалдықтарын шығару актісі

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің, негізгі шикізат
пен қосалқы материалдардың қалдықтарын шығару актісі

Күні
Мемлекеттік кірістер органының коды
Кәсіпорынның атауы
Кәсіпорынның БСН
Акцизделетін тауардың түрі
Негізгі шикізат
Қосалқы материалдар
Мөлшері (алкоголь өнімі үшін - дал, темекі бұйымдарына - 1000 дана, бензин және дизель отынына - тонна)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ______________________ ________
(қолы)
Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ______________________ ________
(қолы)
Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні ___________ ________
(қолы)
Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні ___________ ________
(қолы)

1.3 Акциздік постылардың деректері бойынша этил спиртін және/немесе алкоголь өнімін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі және өткізу көлемдері туралы есеп

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Акциздік постылардың деректері бойынша этил спиртін және/немесе
алкоголь өнімін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі және өткізу
көлемдері туралы есеп
Р/с №
Ө
н­
д
і­
р
у­
ш
і
к
ә­
с
і­
п
о­
р
ы
н­
н
ы
ң
Б
С
Н
ө
н­
д
і­
р
у­
ш
і
к
ә­
с
і­
п
о­
р
ы
н­
н
ы
ң
а
т
а­
у
ы
күн­нің ба­сы­на өнім қал­ды­ғы
есеп­ті ке­зең­де өн­ді­рі­л­ген этил спир­ті мен ал­ко­голь өні­мі
өл­шеу ап­па­ра­ты­ның көр­сет­кіш­те­рі
т
ү­
р
і
ө
н
і
м­
н
і
ң
а
т
а­
у
ы
шөл­мек (да­на) (шөл­мек­ке құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін)
шөл­мек­тің сый­ым­ды­лы­ғы (шөл­мек­тер­ге құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін)
д
а
л
л­
д
а
спирт өл­ше­у­ші ап­па­ра­ты­ның №
күн­нің ба­сы­на спирт өл­ше­у­ші ап­па­рат­та­ры­ның көр­сет­кіш­те­рі
күн­нің со­ңы­на спирт өл­ше­у­ші ап­па­рат­ты­ның көр­сет­кі­ші
қ
ұ
ю
ж
е­
л
і­
с
і­
н
і
ң

күн­нің ба­сы­на АӨ­ЕЖ есеп­те­уі­ші­нің көр­сет­кіш­те­рі V - (литр), N1 - (шөл.), N2 - (шөл.)
күн­нің со­ңы­на АӨ­ЕЖ есеп­те­уі­ші­нің көр­сет­кіш­те­рі V - (литр), N1 - (шөл.), N2 - (шөл.)
V
N1
N2
V
N1
N2
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
кестенің жалғасы
басқа жақтан келіп түсті немесе одна әрі сатылған өнімді қайтару
есепті кезеңде заңды немесе жеке тұлғаға тиеп-жөнелтілген этил спирт және алкоголь өнімі
күн­нің со­ңы­на өнім қал­ды­ғы
кі­ріс тү­рі (бас­қа жақ­тан неме­се қай­та­ры­л­ған)
түр­ле­рі бой­ын­ша
шөл­мек да­на­да (шөл­мек­тер­ге құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін)
шөл­мек­те сый­ым­ды­лық (шөл­мек­тер­ге құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін)
далл­да
жет­кі­зу­ші­нің БСН
жет­кі­зу­ші заң­ды тұл­ға­ның неме­се же­ке тұл­ға­ның ата­уы
тү­рі
да­на­да­ғы шөл­мек (шөл­мек­тер­ге құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін)
шөл­мек­тің сый­ым­ды­лы­ғы (шөл­мек­тер­ге құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін)
далл­да
алушы­ның БСН
алушы заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның ата­уы
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33

1.4 Акциздік постының деректері бойынша мұнай өнімдерін өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы күн сайынғы ___________________ жағдай бойынша есеп

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Акциздік постының деректері бойынша мұнай өнімдерін өткізу
(тиеп-жөнелту) көлемдері туралы
күн сайынғы ___________________ жағдай бойынша есеп
Р/с №
Өн­ді­ру­ші­нің БСН
өн­ді­ру­ші кә­сі­по­рын­ның ата­уы
мұ­най өні­мі­нің тү­рі
Пин-код
ти­еп-жө­нел­ті­л­ген (тон­на)
опе­ра­ция ко­ды
іле­с­пе жүк құ­жа­ты­ның кү­ні
іле­с­пе жүк құ­жа­ты­ның нө­мі­рі
Алушы кә­сі­по­рын­ның БСН
алушы кә­сі­по­рын­ның ата­уы
мұ­най өнім­де­рін жет­кі­зу ме­кен-жайы
ти­еп-жө­нел­ту тү­рі (т/ж, ав­то­кө­лік, құ­бы­р­жол)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13

1.5 Су және электр қуаттарын есепке-алу аспаптарының көрсеткіштері есеп журналы

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Су және электр қуаттарын есепке-алу аспаптарының көрсеткіштері
есеп журналы

Кү­ні
Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның ата­уы
Кә­сі­по­рын­ның ата­уы
Кә­сі­по­рын­ның БСН
Жұ­мыс кү­ні­нің ба­сын­да­ғы су­дың есеп­ке алу ас­пап­та­ры­ның көр­сет­кіш­те­рі
Жұ­мыс кү­ні­нің со­ңын­да­ғы су­дың есеп­ке алу ас­пап­та­ры­ның көр­сет­кіш­те­рі
Жұ­мыс кү­ні­нің ба­сын­да­ғы электр қу­а­ты­ның есеп­ке алу ас­пап­та­ры­ның көр­сет­кіш­те­рі
Жұ­мыс кү­ні­нің со­ңын­да­ғы электр қу­а­ты­ның есеп­ке алу ас­пап­та­ры­ның көр­сет­кіш­те­рі
Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы
Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

1.6 Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу аспаптарының көрсеткіштері есеп журналы

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу аспаптарының
көрсеткіштері есеп журналы

Күні
Мемлекеттік кірістер органының коды
Кә­сі­по­рын­ның ата­уы
Кә­сі­по­рын­ның БСН
Өнім­нің тү­рі
Жұмыс күннің басындағы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері
Жұмыс күннің соңындағы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері
Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі және қолы
Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

1.7 Негізгі шикізат қозғалысының есеп журналы

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Негізгі шикізат қозғалысының есеп журналы
Күні
Негізгі шикізаттың атауы
Қолда бар негізгі шикізат (тонна,
дал.)
Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі және қолы
Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы
Күннің басына қалдығы
Бір күн ішінде алынды
Өндіріске жіберілген
өндірістік шығындар
Күннің соңындағы қалдығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9

1.8 Есепке алу-бақылау мен акциздік маркалар қозғалысының есеп журналы

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Есепке алу-бақылау мен акциздік маркалар қозғалысының есеп
журналы
Күні
Есепке алу-бақылау мен акциздік маркалардың
саны, дана
Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі және қолы
Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы
Күннің басына қалдығы
Бір күн ішінде алынды
Пайдаланынды
Күннің өндірістік шығындары
Күннің соңындағы қалдығы
1
2
3
4
5
6
7
8

1.9 Шыны ыдысы және кега қозғалысының есеп журналы

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Шыны ыдысы және кега қозғалысының есеп журналы
Күні
Шыны ыдысының және кега қозғалысы, дана.
Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі және қолы
Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы
Күннің басына қалдығы
Алынды
Өндірістік шығындар
Өндіріске жіберілген
қайтару
Күннің соңына қалдығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9

1.10 Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізілуіне арналған есеп журналы

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
10-қосымша
Нысан
Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізілуіне арналған есеп
журналы
№ р/с
Са­лық тө­ле­у­ші­нің ата­уы
Са­лық тө­ле­у­ші­нің БСН
Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізілуі (этил спирті мен алкоголь өнімі үшін - дал, темекі бұйымдарына - 1000 дана, бензин және дизель отынына - тонна)
Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі және қолы
Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы
Күн­нің ба­сын­да­ғы қал­ды­ғы
Бір күн ішін­де өн­ді­ріл­ді
Өн­ді­ріс­ке жі­бе­ріл­ді
Өн­ді­рі­стік шы­ғын­дар
Бір күн ішін­де өт­кі­зіл­ді
Күн­нің со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

Қолданыстағы