Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещения для встреч с избирателями по выборам депутата Аккайынского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещения для встреч с избирателями по выборам депутата Аккайынского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Аққайың аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай ұсыну туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28
- Қабылданған күні
- 23.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2015 86811_64385.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SB003108
- ЭКБ идентификаторы
- 86811
- Редакция идентификаторы
- 86811_64385
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:57
0 Аққайың аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шығып қалғанның орнына № 120 сайлау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны 1 қосымшаға келісті анықталсын.
2 2. Шығып қалғанның орнына № 120 сайлау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында кездесуі үшін шарттық негізде 2 қосымшаға келісті үй-жай ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы С.Қ. Сарсымбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Солтүстік
Қазақстан облысы Аққайың аудандық
сайлау комиссия төрағасының
орынбасары
________________ О. Плищенко
2015 жылғы «23» қаңтар
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «23» қаңтардағы
№ 28 қаулысына
1 қосымша
Шығып қалғанның орнына № 120 сайулау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Елді мекен атауы
Орналастыру орны
Смирново ауылы
«Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағындағы ақпараттық стенд, Народная көшесі, № 37
«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағындағы ақпараттық стенд, Зеленая көшесі, № 7
6 Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «23» қаңтардағы
№ 28 қаулысына
2 қосымша
Шығып қалғанның орнына № 120 сайулау учаскесі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай
Елді мекен атауы
Кездесу өткізу орны
Смирново ауылы
«Смирново № 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт зал, Пушкин көшесі, 24 а.