Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых правил расчета норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета и коммунальных услуг по реализации тепловой энергии для потребителей, не имеющих приборов коммерческого учета

Бұйрық · № 15 · қабылданған 13.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86833/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Типовых правил расчета норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета и коммунальных услуг по реализации тепловой энергии для потребителей, не имеющих приборов коммерческого учета Қолданыста Бұйрық ·№ 15 ·13.01.2015
04.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых правил расчета норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета и коммунальных услуг по реализации тепловой энергии для потребителей, не имеющих приборов коммерческого учета

Қолданыста Бұйрық ·№ 15 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых правил расчета норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета и коммунальных услуг по реализации тепловой энергии для потребителей, не имеющих приборов коммерческого учета
Атауы (қаз.)
Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15
Қабылданған күні
13.01.2015
Көрсетілген редакция
04.10.2024 86833_723206.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010313
ЭКБ идентификаторы
86833
Редакция идентификаторы
86833_723206
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:03

0 Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
20 қаңтар 2015 жыл

0 Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы «13» қаңтардағы
№ 15 бұйрығымен
бекітілген
Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.

2

2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын электрмен жабдықтаушы ұйым мен жылумен жабдықтау субъектілері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушілер) жүзеге асырады. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Көрсетілетін қызметті берушілер алдыңғы нормалар бекітілген күннен бастап кемінде 18 айдан кейін және бес жылда бір рет қайта қарайды.

2 2-тарау. Коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі

3

3. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің әрбір санатына арналған есептік кезең үшін 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес формула бойынша есептеледі. Бұл ретте есептік кезең – бұл тұтынылғанжылу энергиясы ескеріліп, тұтынушыға төлеуге ұсынылатын жылумен жабдықтауға арналған шартпен белгіленетін уақыт кезеңі:
мұнда:
N₀ - 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы;
∑Q₀ – есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерде бір есептік кезеңнің ішінде тұтынылатын жылу энергиясының жиынтық саны (Гкал/есептік кезең);
Sж – жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың немесе жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған жеке тұрғын үйлердегі үй-жайлардың жалпы пайдалы жиынтық алаңы;
n – есептік кезеңдегі айлар саны.

4 4. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылыту үшін қажетті жылу энергиясының саны (Гкал/есептік кезең) мынадай формула бойынша есептеледі:

мұнда:
Q₀ – жылу энергиясының саны (Гкал/есептік кезең);
qmax – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі (ккал/сағ);
tішкі – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытатын тұрғын үй-жайларындағы ішкі ауа температурасы (⁰C);
tот – есептік кезең үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (⁰C);
tеж – жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (⁰C);
n₀ – есептік кезеңдегі ғимараттағы жылыту жүйесінің жұмыс істеу ұзақтығы (тәулік);
24 – бір тәуліктегі сағат саны.
Көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға сағаттық жылу жүктемесі (qmax), көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытылатын тұрғын үй-жайларының ішкі ауасының температурасы (tішкі), жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (tөрұ), жылытуды жобалау мақсатында сыртқы ауаның есептік температурасы (tро), жылыту кезеңіндегі жылу тұтыну нормасын есептеу кезінде есептік кезеңнің ұзақтығы (n0) «Ғимараттардың жылу қорғанысы» ҚР ҚН 2.04-07-2022 сәйкес айқындалады».

5

5. Жылу энергиясын есептеу (Гкал/сағат) аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі үйлердің жобалау деректерін немесе құжаттарын ескере отырып анықталады. Жобалау немесе құжаттық деректер болмаған жағдайда, сағаттық жылу жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
qүл – осы бұйрыққа 1-қосышаға сәйкес көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысы (сағатына 1 шаршы метрге вт);
S – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың жалпы алаңы (шаршы метр)

6

3 3-тарау. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі

7 7. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормаларын есептеу тәртібі ток қабылдағыштардың жүктемесі мен олардың жану сағатына сәйкес жүргізіледі.

8 8. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормасы (Np) мынадай формула бойынша анықталады:

мұнда:
n – шамдардың саны, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
ТL – бір шамның бір айда жанатын сағаты, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
РL – бір шамның қуаты, РL = 0,06 кВт.
ТR – бір розетканың бір тәулікте жанатын сағаты, ТR = 7,5 сағат;
РR – бір электр розеткасының қуаты, РR = 0,6 кВт.;
D – бір айдағы тәулік саны.
Есептеу аспаптары жоқ
тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау және жылумен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидаларына
1-қосымша
Жалпы ауданы 1 м² көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысының мәні, сағатына Вт
Салынған тұрғын үйдің қабаты, қабаттар
Ғи­ма­рат-тар­дың си­патта­ма­сы
Сыртқы ауаның есептік температурасы, °С
минус 5
минус 10
минус 15
минус 20
минус 25
минус 30
минус 35
минус 40
минус 45
минус 50
минус 55
1985 жылға дейін салынған үйлер үшін
1 - 2
Энер­гия үнем­деу іс-ша­ра­ла­рын есеп­ке ал­мау және ен­гі­зу­сіз
148
154
160
205
213
230
234
237
242
255
271
3 - 4
95
102
109
117
126
134
144
150
160
169
179
5 және одан жоғары
65
70
77
79
86
88
98
102
109
115
122
1 - 2
Энер­гия үнем­деу іс-ша­ра­ла-ры­ның ен­гі­зі­лу­ін ес­ке­ру­мен
147
153
160
194
201
218
222
225
230
242
257
3 - 4
90
97
103
111
119
128
137
140
152
160
171
5 және одан жоғары
65
69
73
75
82
88
92
96
103
109
116
1985 жылдан кейін салынған үйлер үшін
1 - 2
1985-2004 ж.ж. үл­гі­лік жо­ба­лар бой­ын­ша
145
152
159
166
173
177
180
187
194
200
208
3 - 4
74
80
86
91
97
101
103
109
116
123
130
5 және одан жоғары
65
67
70
73
81
87
87
95
100
102
108

2 Есептеу аспаптары жоқ

тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау және жылумен
жабдықтау бойынша коммуналдық
қызметтерді тұтыну нормаларын
есептеудің үлгі қағидаларына
2-қосымша
Есептеу аспаптары болмаған жағдайда электр энергиясын тұтыну нормасын есептеу кезіндегі шамдардың саны
Тұрғын үй
Шамдардың саны
1 бөлмелі жатақхана
1 шам
1 бөлмелі
4 шам
2 бөлмелі
6 шам
3 бөлмелі
7 щам
4 бөлмелі
8 шам
5 бөлмелі
9 шам
6 бөлмелі
11 шам
Ескертпе: Егер тұрғын үй бөлмелерінің саны 6 бөлмеден асатын болса, онда шамдарды есептеу мынадай формула бойынша анықталады: бөлмелер саны + 5 = шамдар саны.

3 Есептеу аспаптары жоқ

тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау және жылумен
жабдықтау бойынша коммуналдық
қызметтерді тұтыну нормаларын
есептеудің үлгі қағидаларына
3-қосымша
Бір шамның бір айда жанатын сағаттың саны
Ай
Жану сағаты (ТL, сағ)
Қаңтар
410
Ақпан
310
Наурыз
260
Сәуір
160
Мамыр
120
Маусым
100
Шілде
100
Тамыз
140
Қыркүйек
190
Қазан
310
Қараша
380
Желтоқсан
440
Бір жыл ішінде жиыны
2920

Қолданыстағы