Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оценке имущества (за исключением объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов) и объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов

Бұйрық · № 17 · қабылданған 16.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86836/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оценке имущества (за исключением объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов) и объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов Күшін жойған Бұйрық ·№ 17 ·16.01.2015
15.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оценке имущества (за исключением объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов) и объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 17 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оценке имущества (за исключением объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов) и объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов
Атауы (қаз.)
Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
16.01.2015
Көрсетілген редакция
15.05.2018 86836_329056.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15D0010272
ЭКБ идентификаторы
86836
Редакция идентификаторы
86836_329056
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:02

0 Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін,

материалдық емес активтердің құнын
қоспағанда) және зияткерлік меншік
объектілерін, материалдық емес активтердің
құнын бағалау жөніндегі қызметті
лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 1-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) Зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3 3) Жеке тұлғалар үшін мәліметтер нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4 4) Заңды тұлғалар үшін мәліметтер нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекші орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________Е. Досаев
2015 жылғы 3 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________А. Исекешев
2015 жылғы 4 ақпан

1 Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы «16» қаңтардағы
№ 17
бұйрығына 1-қосымша
Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі
Бiлiктiлiк талаптары
Құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
Жеке тұлғалар үшін
1.
«бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы
«бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің барын растайтын дипломның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес)
шетелдік білім мекемелері берген дипломдар үшін «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат көшірмесін ұсыну қажет
2.
жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін,материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бойынша тағылымдамадан өту
тағылымдамадан өткені туралы қорытындының көшірмесі
құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады
3.
бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өту
бағалау қызметімен айналысу құқығына
біліктілік емтиханынан өткені туралы ақпарат қамтылған мәліметтер нысаны
мәлімет нысаны түрінде ұсынылады
4.
наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне үсынғанға дейін бір айдан кем болмайтын мерзімде наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтамалар
құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады
5.
соттылығының болмауы
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚР БП ҚСАЕК) адамның қылмыс жасағаны туралы есепке алуы бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат
«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді
1
2
3
4
Заңды тұлғалар үшін
6.
заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, штатта мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар кемінде екі қызметкердің болуы
лицензиясы бар штатта тұрған жеке тұлғалар, лицензиялар, бұйрықтар мен еңбек келісімдерінің болуы туралы ақпарат қамтылған мәліметтер нысаны (осы бұйрыққа 4-қосымша)
мәлімет нысаны түрінде ұсынылады

2 Зияткерлiк меншiк объектілерін, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы «16» қаңтардағы
№ 17
бұйрығына 2-қосымша
Зияткерлiк меншiк объектілерін, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі
Бiлiктiлiк талаптары
Құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
Жеке тұлғалар үшін
1.
«бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы
«бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің барын растайтын дипломның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
шетелдік білім мекемелері берген дипломдар үшін «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат көшірмесін ұсыну қажет
2.
жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін зияткерлік меншік объектілерін,материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өту
тағылымдамадан өткені туралы қорытындының көшірмесі
құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады
3.
бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өту
бағалау қызметімен айналысу құқығына
біліктілік емтиханынан өткені туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы бұйрыққа 3-қосымша)
мәлімет нысаны түрінде ұсынылады
4.
наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне үсынғанға дейін бір айдан кем болмайтын мерзімде наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтамалар
құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады
5.
соттылығының болмауы
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚР БП ҚСАЕК) адамның қылмыс жасағаны туралы есепке алуы бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат
«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді
1
2
3
4
Заңды тұлғалар үшін
6.
заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, штатта зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар кемінде екі қызметкердің болуы
лицензиясы бар штатта тұрған жеке тұлғалар, лицензиялар, бұйрықтар мен еңбек келісімдерінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
мәлімет нысаны түрінде ұсынылады

3 Мәліметтер нысаны (жеке тұлғалар үшін)

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы «16» қаңтардағы
№ 17
бұйрығына 3-қосымша
Нысан
Мәліметтер нысаны
(жеке тұлғалар үшін)
1. Диплом туралы мәліметтер:
«бағалау» мамандығы бойынша ____________________________________
жоғары экономикалық ___________________________________________
жоғары техникалық _____________________________________________
1) жоғары оқу орнының атауы ___________________________________
2) мамандықтың атауы __________________________________________
3) мамандықтың шифры __________________________________________
4) дипломның нөмірі ___________________________________________
5) дипломның берілген күні ____________________________________
2. Бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өту:
1. күні ______________________________________________________;
2. қала ______________________________________________________;
3. Бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өту
туралы шешім _______________________________.

4 Мәліметтер нысаны (заңды тұлғалар үшін)

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы «16» қаңтардағы
№ 17
бұйрығына 4-қосымша
Нысан
Мәліметтер нысаны
(заңды тұлғалар үшін)
1. Штатта тұрған лицензиялары бар қызметкерлердің тізімі, лицензиялар
туралы және бұйрықтар не еңбек келісімдері туралы мәліметтер:
1. Штатта тұрған жеке тұлғалардың тізімі:
ЖШС директоры лицензиясының нөмірі ___________________________;
Т.А.Ә. _______________________________________________________;
ЖШС қызметкері лицензиясының нөмірі ___________________________;
Т.А.Ә. _______________________________________________________;
2. Бұйрықтың не еңбек келісімінің нөмірі және күні __________________.

Қолданыстағы