Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление строительства, архитектуры и градостроительства Кызылординской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление строительства, архитектуры и градостроительства Кызылординской области"
- Атауы (қаз.)
- "Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 844
- Қабылданған күні
- 05.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2016 86840_122691.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0004863
- ЭКБ идентификаторы
- 86840
- Редакция идентификаторы
- 86840_122691
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:47
0 «Қызылорда облысының
құрылыс, сәулет және қала
құрылысы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2 2. «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Әлібаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы « 5 » ақпандағы № 844
қаулысымен бекітілген
«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысы аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын Қызылорда облысы әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
3 3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4 4. Басқарма мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5 5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6 6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7 7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8 8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9 9. Заңды тұлғаның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1.
10 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11 11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12 12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13 13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2 2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14 14. Басқарманың миссиясы: облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
15 15. Негізгі міндеттері: облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатын жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.
16 16. Функциялары:
1
1) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды инженерлік және көлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объетілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдерді қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2 2) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
3 3) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
4 4) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
5 5) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
6 6) облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
7
7) ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
8 8) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісім беру;
9 9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
10 10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну және оларды іске асыру;
11 11) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
12 12) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
13 13) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
14 14) уәкілетті органмен келiсе отырып, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;
15 15) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;
16 16) азаматтық құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
17 17) жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар береді;
18 18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады;
19 19) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;
20 20) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;
21 21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17 17. Құқықтары мен міндеттері:
Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекітілген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
Басқарма:
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
3 3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18 18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19 19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20 20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21 21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1 1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
2 2) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;
3 3) Қызылорда облысының бас сәулетшісі болып табылады;
4 4) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5 5) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
6 6) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
7 7) бұйрықтарға қол қояды;
8 8) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
9 9) шарттар жасасады;
10 10) сенімхаттар береді;
11 11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
12 12) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
13 13) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
14 14) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;;
15 15) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
16 16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
17 17) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
18 18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
19 19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22 22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23 23. Басқарманың жұмыс режимі:
1 1) Басқарма дүйсенбі және жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
2 2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-де басталып, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
3 3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
24 24. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарманың әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4 4. Басқарманың мүлкі
25 25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26 26. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
27 27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
28 28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.