О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Научно-методический центр специальных программ"
Қолданыста
Қаулы
·№ 541
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Научно-методический центр специальных программ"
- Атауы (қаз.)
- "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 541
- Қабылданған күні
- 22.04.2001
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI8685_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010000541_
- ЭКБ идентификаторы
- 8685
- Редакция идентификаторы
- AI8685_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:51
0 "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы деп белгіленсін.
📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837 қаулысымен .
3 3. Құпия.
4 4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
1 1) бір айлық мерзімде Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қарасты мекемелердің тізбесінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
4 "4. "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.