Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок

Бұйрық · № 7-1/611 · қабылданған 24.11.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86857/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок Қолданыста Бұйрық ·№ 7-1/611 ·24.11.2014
09.11.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок

Қолданыста Бұйрық ·№ 7-1/611 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок
Атауы (қаз.)
Ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7-1/611
Қабылданған күні
24.11.2014
Көрсетілген редакция
09.11.2021 86857_545165.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14F0010287
ЭКБ идентификаторы
86857
Редакция идентификаторы
86857_545165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:51

0 Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларын бекіту туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-20) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
19 қаңтар 2015 жылы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ә. Исекешев
15 желтоқсан 2014 жылы

0 Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидалары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 7-1 / 611 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-20) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу – ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда олардың иммундық-биологиялық қасиеттерін және эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануардың ағзасына әсер ету салдарларының болмауын, сондай-ақ оларды ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында сынау;

2 2) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының тiркеу сынақтары – ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау;

3 3) ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының саудалық (айрықша) атауы – дайындаушы тіркейтін, таңбалайтын және жарнамалайтын ветеринариялық препараттың атауы;

4 4) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

5 5) жаңа ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы – үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілмеген және тіркелмеген ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы;

6

6) жетiлдiрiлген ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы – бұрын тіркелген, бірақ басқа нысандарда және/немесе жаңа дозада, және/немесе негізгі және қосалқы заттардың (компоненттердің) басқа құрамында, сондай-ақ олардың қасиеттері мен сапалық сипаттарына әсер еткен өндіру технологиясының өзгеруімен(лерімен), оларды пайдаланудың (қолданудың, сақтаудың) өзге де тәсілдерімен немесе пайдалануға (қолдануға, сақтауға) қойылатын көрсеткіштермен өндірілген ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

3

3. «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

4

4. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) жазылған.

5 5. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ведомствоның кеңсесіне (бұдан әрі – кеңсе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынады.

6

6. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10298 болып тіркелген) бекітілген Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларына сәйкес ведомствомен келісілген жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттама (бұдан әрі – НТҚ) бар болған жағдайда жүргізіледі.

7 7. Кеңсе жұмыскері қабылдау мен тіркеуді ол келіп түскен күні жүзеге асырады және ведомство басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

Кеңсе жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

8 8. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде стандартта көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, жауапты орындаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер сәйкес келмейтін талаптарды және оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрады.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомство басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған уәжді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жауапты орындаушы өтінішті тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

9

9. Ветеринариялық препараттарды және жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу үшін көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде іс-шаралардың атауын, оларды өткізу мерзімдерін, үлгілердің көлемі мен санын көрсете отырып, еркін нысанда ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу бағдарламасының жобасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жасайды және оны ведомствоға жібереді.
Ведомство Бағдарлама жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) Бағдарламаның жобасын келіседі және Бағдарлама мен ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу үшін комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) бекітілетін ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.

Комиссия құрамына ведомство қызметкері (Комиссия төрағасы), тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (Комиссия төрағасының орынбасары), көрсетілетін қызметті берушінің маманы (дары), тәуелсіз сарапшы, ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуге қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшысы(лары), көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі кіреді;

2 2) Бағдарлама жобасын келіспейді және көрсетілетін қызметті берушіге нақты ескертулер мен ұсыныстарды көрсете отырып, жазбаша жауап жолдайды.

Бағдарлама жобасы келісілмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күн ішінде ескертулерді жояды және оны ведомствоға қайта жолдайды.

10 10. Бағдарламаны бекіткенен кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушымен Бағдарламасында қарастырылған іс-шаралар, төлем құны мен төлеу тәсілі және басқа да мәліметтер көрсетілетін ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуге шарт жасасады.

11

11. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу үшін көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде іс шаралардың атауын, оларды өткізу мерзімдерін, тіркеу сынақтарының әдістерін, ветеринариялық препарат, жемшөп қоспалары үлгілерінің көлемі мен санын көрсете отырып, еркін нысанда жұмыс бағдарламасын (бұдан әрі – жұмыс бағдарламасы) жасайды және бекітеді.

12

12. Жұмыс бағдарламасын бекіткенен кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушымен жұмыс бағдарламасында қарастырылған іс-шаралар, төлем құны мен төлеу тәсілі және басқа да мәліметтер көрсетілетін ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізуге шарт жасасады.

1 1-параграф. Ветеринариялық препараттарды және жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу тәртібі

13 13. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде алынған жаңа немесе жетілдірілгенді қоса отырып, жаңа немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары байқаудан өткізуге жатады.

14 14. Үшінші елдерде (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттерде) тіркелген және қолданылатын ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары байқаудан өткізуге жатпайды.

15 15. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу орнын Бағдарламаны ескере отырып, ведомство айқындайды.

16 16 Көрсетілетін қызметті беруші Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуын және Бағдарламамен танысуын қамтамасыз етеді.

17 17. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын Бағдарламада көрсетілген көлемде және мерзімде байқау өткізілетін орынға жеткізілуін қамтамасыз етеді.

18 18. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу үшін мынадай талаптарға сай келетін ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары ұсынылады:

ұсынылған НТҚ-ға сәйкес жапсырманың (қазақ және орыс тілдерінде) болуы;
жарамдылық мерзімі мәлімделген жарамдылық мерзімнен 80 (сексен) %-дан кем болмауы;
температуралық режим индикаторларының/датчиктерінің жазбаларымен НТҚ-ға сәйкес ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тасымалдаудың температуралық шарттарын сақтау;
осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының құрамында болуға жол берілмейтін заттар тізбесіне енген заттардың болмауы.
Осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары қабылданбайды.

19

19. Көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу үшін материалдық-техникалық базасы жеткіліксіз болған жағдайда, ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын зертханалық жағдайда сынау үшін бірлесіп орындаушыларды тартуға немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын зертханалық жағдайда сынақтан өткізуге көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлеріне материалдық-техникалық базаға сәйкес өндірушінің базасында өткізуге жол беріледі.

20 20. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу НТҚ-ға және Бағдарламаға сәйкес екі жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

21

21. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы үш данада ресімдейді, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Көрсетілетін қызметті беруші ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттамаға Комиссияның барлық мүшелері қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ведомствоға ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттаманың екі данасын жібереді.

22 22. Ведомство ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет алушыға ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттаманың бір данасын жібереді.

2 2-параграф. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу тәртібі

23 23. Басқа елдерде тіркелген және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында қолданылуға ұсынылатын ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспалары тіркеу сынақтарынан өткізуге жатады.

24 24. Ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеудің қолданысы кезеңінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оларды мемлекеттік тіркеуге қажетті ветеринариялық препараттарды тіркеу сынақтарынан өткізу жүргізіледі.

25 25. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары ветеринариялық препаратқа, жемшөп қоспаларына арналған НТҚ-да көрсетілген бақылау әдістерін ескере отырып, екі жылға дейін жүргізіледі.

26 26. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды орындағаннан кейін ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын өткізеді.

27 27. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспасының үлгілерін мынадай мөлшерде ұсынады:

1 1) ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары:

сұйық:
көлемі 1-ден 5 миллилитрге (бұдан әрі – мл) дейін – 20 сауыт (ампула және басқалар);
көлемі 5 мл-ден 10 мл-ге дейін – 20 сауыт (ампула және басқалар);
көлемі 10 мл-ден 25 мл-ге дейін – 15 сауыт – (ампула және басқалар); көлемі 25 мл-ден 50 мл-ге дейін – 10 сауыт – (ампула және басқалар);
көлемі 50 мл-ден 250 мл-ге дейін – 5 сауыт (ампула және басқалар);
250 мл-де көп – 3 сауыт (канистрлер және басқа да ыдыстар);
сусымалы:
салмағы 1 граммнан (бұдан әрі – гр.) 5 гр-ге дейін – 40 бастапқы қаптама;
салмағы 5 гр-ден 10 гр-ге дейін – 20 бастапқы қаптама;
салмағы 10 гр-ден 25 гр-ге дейін – 15 бастапқы қаптама;
салмағы 25 гр-ден 50 гр-ге дейін – 10 бастапқы қаптама;
салмағы 50 гр-ден 250 гр-ге дейін – 5 бастапқы қаптама;
250 гр-ден көп – 3 бастапқы қаптама;

2 2) диагностикалық жиынтық – үш жиынтық.

28 28. Ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының үлгілері әрбір өндірістік алаңнан жеткізіледі.

29 29. Бір ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының үлгілері, бірақ әртүрлі концентрацияларда немесе мөлшерлемелерде әрбір концентрацияға (мөлшерлемеге) осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес жеке ұсынылады.

30 30. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын өткізу үшін мынадай талаптарға сай келетін ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары ұсынылады:

ұсынылған НТҚ-ға сәйкес жапсырманың (қазақ және орыс тілдерінде) болуы;
жарамдылық мерзімі мәлімделген жарамдылық мерзімнен 80 (сексен) %-дан кем болмауы;
температуралық режим индикаторларының/датчиктерінің жазбаларымен НТҚ-ға сәйкес ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тасымалдаудың температуралық шарттарын сақтау;
осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының құрамында болуға жол берілмейтін заттар тізбесіне енген заттардың болмауы.
Осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары қабылданбайды.

31

31. Көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу үшін материалдық-техникалық базасы жеткіліксіз болған жағдайда, ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын зертханалық жағдайда сынау үшін бірлесіп орындаушыларды тартуға немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын зертханалық жағдайда сынақтан өткізуге көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлеріне материалдық-техникалық базаға сәйкес өндірушінің базасында өткізуге жол беріледі.

32

32. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттаманы үш данада ресімдейді. Көрсетілетін қызметті беруші ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ведомствоға ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттаманың екі данасын жібереді.

33

33. Ведомство ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттаманың бір данасын жібереді.

3 3-тарау. Шағымдану тәртібі

34

34. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, ведомствоның, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

35 35. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

көрсетілетін қызметті берушінің, ведомствоның, уәкілетті органның – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуына жатады.

36 36. Ведомствоның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі:

1 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

37 37. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

1 «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу сынақтарынан
өткізу қағидаларына
1-қосымша
«Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лi­гi Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­тетiнiң «Ве­те­ри­на­ри­яда­ғы ұлт­тық ре­фе­рент­тік ор­та­лық» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің (бұ­дан әрі – ве­дом­ство) кең­се­сі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған күн­нен ба­стап және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін алу сәтіне дей­ін –2 (екі) жы­л­ға дей­ін.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­ты, жем­шөп қо­с­па­ла­рын бай­қа­удан өт­кі­зу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы хат­та­ма және/неме­се ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­ты, жем­шөп қо­с­па­ла­рын тір­кеу сы­нақ­та­ры­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы хат­та­ма не уәжді бас тар­ту.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Ақы­лы.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту құ­нын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 116-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на және «Ве­те­ри­на­рия ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 35-ба­бы 2-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бел­гі­лей­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да және үй-жай­ла­рын­да ор­на­ла­сты­ры­ла­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­л­ген қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған: www.​gov.​kz
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лығ ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 24 қа­ра­ша­да­ғы № 7-1/611 бұй­ры­ғы­мен (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де 10287 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды, жем­шөп қо­с­па­ла­рын бай­қа­удан өт­кі­зу және тір­кеу қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды, сол бір ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тың жем­шөп қо­с­па­ла­рын, әр­түр­лі до­за­ла­ры, кон­цен­тра­ци­я­сы неме­се кө­ле­мі, бі­рақ бір дә­рі­лік ны­са­ны бар жем­шөп қо­с­па­ла­рын бай­қа­удан өт­кі­зу және тір­кеу сы­нақ­та­рын жүр­гі­зу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­дың, жем­шөп қо­с­па­ла­ры­ның бай­қа­удан өт­кізу­ге және тір­кеу сы­нақ­та­ры­на бе­рі­ле­тін ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­дың, жем­шөп қо­с­па­ла­ры­ның бар­лық кө­лем­де­рін, до­за­ла­рын неме­се кон­цен­тра­ци­я­ла­рын ті­зім­дей­тін бір өті­ніш ұсы­на­ды;
2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және (неме­се) өкіл­дің өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін).
Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­тін ба­стау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ве­дом­ство мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің қыз­мет­кер­ле­рі «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­ты және жем­шөп қо­с­па­ла­рын бай­қа­удан өт­кі­зу және тір­кеу сы­нақ­та­ры­нан өт­кі­зу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы хат­та­ма­ны алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ры­л­ған.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға кү­ту және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды дай­ын­дау ке­зін­де жағ­дай­лар жа­са­ла­ды (кү­ту­ге ар­нал­ған крес­ло­лар, қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі мен олар­ды тол­ты­ру үл­гі­ле­рі бар стенд­тер­мен жа­рақ­тал­ған, құ­жат­тар­ды тол­ты­ру­ға ар­нал­ған орын­дар), өрт­ке қар­сы қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­ры қа­был­да­на­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ғи­ма­рат­та­ры фи­зи­ка­лық мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар­дың кі­ру­іне ар­нал­ған пан­дуста­ры бар кі­ре­бері­спен жаб­дық­тал­ған.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да­ғы «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

2 Өтініш

Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу сынақтарынан
өткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Өтініш
Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді/тіркеу сынақтарынан өткізуді сұраймын (қажеттісінің астын сызу):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының саудалық (айрықша) атауы)
1. Көрсетілетін қызметті алушы: _______________________________________________
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы)
2. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы, телефоны, факсы, банктік деректемелері:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi / бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Ветеринариялық препарат, жемшөп қоспалары туралы мәліметтер:
1) құрамы: _________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2) дәрілік нысаны:___________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
3) тағайындау:______________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
5. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын әзірлеуші: ___________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)
6. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын өндіруші: ___________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)
7. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі: _______________________________________
_______________________________________________________________________________
(өкілдің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, байланыс деректері)
Өтінім берілді: 20___жылғы «____» ___________________________________________
_______________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушынның не оның өкілінің қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Өтініш сағат _____ қарауға қабылданды: 20___ жылғы «_____» ______
_______________________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы)
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(үзу сызығы)
Өтініш сағат _____ қарауға қабылданды: 20___жылғы «______» ___
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы)

3 Уәжді бас тарту

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Уәжді бас тарту
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитеті» мемлекеттік мекеме Сіздің 20___ жылғы _______________
(күні)
№ _______ өтінішіңізді қарастырып, келесіні
хабарлайды.
________________________________________________________________
(бас тартудың негіздемесі)
_______________________ _________________________________________
(қол қоюшының лауазымы) (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Жауапты орындаушы: ________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Байланыс телефоны: _______________________

4 Ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының құрамында болуға жол берілмейтін заттардың тізбесі

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларына
4-қосымша
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының құрамында болуға жол берілмейтін заттардың тізбесі

1 1. Хлорамфеникол (левомицетин).

2 2. Нитрофурандар ( фуразолидонды қоса алғанда).

3 3. Нитроимидазолдар.

4 4. «Аристолохия» өсімдігінің компоненттері және одан алынатын дәрілік заттар (гомеопатиялық препараттарда өсімдік компоненттерін пайдалануды қоспағанда).

5 5. Хлороформ.

6 6. Хлорпромазин.

7 7. Колхицин.

8 8. Дапсон.

9 9. Карбадокс.

10 10. Олаквиндокс.

11 11. Стильбендер, стильбен туындылары, стильбен тұздары және олардың эфирлері.

12 12. Тиреостатики.

13 13. Анаболическалық стероидтар.

14 14. Бета-адреностимуляторлар (бета-агонистер).

15 15. Резорцил қышқылының лактондары және олардың туындылары.

16 16. Азаглинафарелин (уылдырығы адамдардың тағамына арналған албырт балықтар үшін).

17 17. Малахит жасылы (тауарлық балық үшін).

18 18. Кристалды күлгін (генцианвиолет) (тауарлық балық үшін).

19 19 Бриллиант жасыл (тауарлық балық үшін).

5 Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттама

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
_________________________________
(зерттеу жүргізген ұйымның атауы,
аккредиттеу жөніндегі белгілер мен деректер (бар болса), мекенжайы, телефоны)
(Бет жағы)
Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттама
Өтінім беруші
Өтінім берушінің мекенжайы, телефоны, факсы
Ветеринариялық препарат, жемшөп қоспалары туралы мәліметтер
Жалпыға ортақ қабылданған атауы
Саудалық атауы
Құрамы
Дәрілік түрі
Тағайындау
Әзірлеуші
Өндіруші
Ветеринариялық препаратқа/жемшөп қоспаларына қоса беріледі
Сынаққа өтініш келіп түскен күні
Сынақ мақсаты
Зертхананың атауы, жүргізілген сынақтардың күні
(Сырт жағы)
Сараптама (сынақ) нәтижелері
№ _____________

Зерттеу/сынақ атауы
НТҚ-да көрсетілген зерттеу/ сынақ әдістері
Көрсеткіштердің нормаланатын мәндері
Зерттеу/сынақ нәтижелері
Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды:
Комиссия мүшелері: ____________________________________
(қолы)
Ескертпе:
Сынақ өткізу шарттары:
Сараптама (сынақ) нәтижелері тек сыналған үлгілерге ғана жатады.
________________________________
Осы сынақ хаттамасы зерттеу/ сынақ жүргізген ветеринариялық зертхананың рұқсатынсыз толық немесе ішінара көрсетілмейді, немесе тираждалмайды.
.

6 Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттама

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
_________________________________
(зерттеу жүргізген ұйымның атауы, аккредиттеу жөніндегі белгілер мен деректер (бар болса), мекенжайы, телефоны)
(Бет жағы)
Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттама
Өтінім беруші
Өтінім берушінің мекенжайы, телефоны, факсы
Ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы туралы мәліметтер:
Жалпыға ортақ қабылданған атауы:
Саудалық атауы:
Құрамы:
Дәрілік түрі:
Тағайындау:
Әзірлеуші:
Өндіруші:
Ветеринариялық препаратқа/жемшөп қоспаларына қоса беріледі
Сынаққа өтініш келіп түскен күні
Сынақ мақсаты
Зертхананың атауы, жүргізілген сынақтардың күні
(Сырт жағы)
Сараптама (сынақ) нәтижелері
№ _____________

Зерттеу/сынақ атауы
НТҚ-да көрсетілген зерттеу/ сынақ әдістері
Көрсеткіштердің нормаланатын мәндері
Зерттеу/сынақ нәтижелері
Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды:
Комиссия мүшелері: ____________________________________
(қолы)
Ескертпе:
Сынақ өткізу шарттары:
Сараптама (сынақ) нәтижелері тек сыналған үлгілерге ғана жатады.
________________________________
Осы сынақ хаттамасы зерттеу/ сынақ жүргізген ветеринариялық зертхананың рұқсатынсыз толық немесе ішінара көрсетілмейді, немесе тираждалмайды.

Қолданыстағы