Об утверждении Правил реализации арестованного имущества, в том числе на торгах в форме электронного аукциона
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил реализации арестованного имущества, в том числе на торгах в форме электронного аукциона
- Атауы (қаз.)
- Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 100
- Қабылданған күні
- 20.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2022 86859_563365.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15D0010321
- ЭКБ идентификаторы
- 86859
- Редакция идентификаторы
- 86859_563365
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:34
0 Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз ететін болсын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 100 бұйрығына
1-қосымша
Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион
нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмеген тыйым салынған мүлікті өткізу тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1
1) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы (бұдан әрі - БЭСА) - ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;
2 2) БЭСА операторы - мүлікті өткізу жөнінде қызметтер көрсететін ұйым;
3 3) Е - Заң көмегі - адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
4 4) лот - бір заттан тұратын борышкердің және үшінші тұлғаның мүлкі не біртекті заттардың кешені не аукционда өткізілетін заттардың кешені;
5 5) уәкілетті орган - атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын және қызметтің мемлекеттік реттелуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6 6) хабарландыру - алда болатын БЭСА мүлікті өткізу туралы ақпарат;
7 7) электрондық аукцион - аукцион нысанындағы электрондық сауда тәсілі, бұл ретте барлық әлеуетті сатып алушылардың тең қолжетімділігі негізінде бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын пайдалана отырып, тыйым салынған мүлік өткізіледі;
8 8) электрондық аукцион қатысушысы - белгіленген талаптарға сәйкес келетін және өтінімді тиісінше ресімдеген жеке немесе заңды тұлға;
9 9) электрондық аукционның жеңімпазы - лоттың жарияланған бағасын растаған және электрондық аукционды өткізу шарттарын орындаған электрондық аукционның қатысушысы;
10
10) электрондық сауда-саттық алаңының техникалық істен шығуы - тым болмағанда бір қатысушының электрондық аукцион рәсіміне қатысу мүмкіндігін болғызбайтын және/немесе электрондық алаң операторының қызметкерлеріне электрондық аукцион өткізуге қызмет көрсетуді орындаудың техникалық мүмкіндігін болғызбайтын электрондық сауда-саттық алаңының техникалық ақауы;
11 11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2 2-тарау. Бағалы қағаздарды өткізу
3 3. Бағалы қағаздарды өткізу бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (бұдан әрі - кәсіби қатысушы) арқылы жүргізіледі.
4 4. Сот орындаушысы кәсіби қатысушылар арқылы бағалы қағаздарды өткізу туралы қаулы шығарады.
5 5. Кәсіби қатысушылар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды өткізеді.
3 3-тарау. Тыйым салынған мүлікті комиссиялық сату
6 6. Тыйым салынған тез бүлінетін мүлікті (бұдан әрі - мүлік) сату сауда қызметінің субъектілері арқылы комиссиялық бастамамен жүзеге асырылады.
7 7. Мүлікті комиссиялық бастамамен сатуға шығару туралы шешімді сот орындаушысы қабылдайды, ол туралы тиісті қаулы шығарады.
8 8. Мүлікті сауда қызметінің субъектісіне сатуға беру қабылдау-тапсыру актісімен жүргізіледі.
4 4-тарау. Электрондық аукцион өткізуге дайындық
9
10
11
12
13
14 14. Тыйым салынған мүлікті электрондық аукционға шығару туралы шешімді сот орындаушысы қабылдайды, ол туралы тиісті қаулы шығарады.
15
15. Борышкерді және өндіріп алушыны жүргізілген бағалау туралы тиісінше хабардар етпей немесе таныстырмай және оларға бағалау нәтижесіне шағымдануға күнтізбелік он күн бермей, тыйым салынған мүлік электрондық аукционға қойылмайды. Көрсетілген мерзімді есептеу борышкерді және өндіріп алушыны жүргізілген бағалау туралы хабардар еткен немесе таныстырған күннен басталады. Борышкердің іздеуде болуы жағдайлары оның мүлкін өндіріп алу үшін кедергі болмайды.
16
16. Сот орындаушысының электрондық аукционға мүлікті қоюы БЭСА-ға атқарушылық құжаттың, мүлікті өткізуге қою туралы қаулының, борышкерді және өндіріп алушыны мүліктің бағасымен тиісінше хабардар ету немесе таныстыруды растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, өтінімді атқарушылық іс жүргізу бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жіберу арқылы жүргізіледі.
16-1 16-1. Сот орындаушысы БЭСА-ға жіберген өтінім автоматты түрде алда болатын электрондық аукцион туралы хабарландыру нысанында қалыптастырылады.
16-2 16-2. Тыйым салынған мүліктің электрондық аукционға шығарылуына, сондай-ақ мүлікті өткізуге арналған өтінімде берілген деректердің толықтығына және дұрыстығына сот орындаушысы жауапты болады.
17 17. Алдағы электрондық аукцион туралы хабарландыру аукцион өткiзiлгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей БЭСА-да жарияланады.
Бұл хабарландыру жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты интернет-ресуртарында бір мезгілде жарияланады.
18 18. Алдағы электрондық аукцион туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылады:
1 1) электрондық аукцион күні мен уақыты;
2 2) лоттың атауы;
3 3) лоттың бастапқы бағасы (құны) орта мүліктің нарықтық құнын көрсете отырып;
4 4) электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна мөлшері және кепілдік жарна аударылуы тиіс БЭСА операторының банк шотының деректемелері;
5 5) өтінімдерді қабылдау мерзімі;
6 6) БЭСА операторының, сот орындаушысының телефоны және мекенжайы;
7 7) өткізілетін объектінің суреттерімен мүлікті бағалау туралы есеп.
19 19. Электрондық аукционды өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін БЭСА барлық ниет білдіргендерге лот бойынша ақпаратқа және БЭСА қызметін регламенттейтін ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
5 5-тарау. Электрондық аукционға қатысу шарттары және қатысушыларды тіркеу
20 20. БЭСА-ға өтінім түскен кезден бастап тұлға электрондық аукционның қатысушысы болады.
20-1 20-1. Электрондық аукционға сатып алушылар ретінде Заңның 80-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар қатыса алмайды.
20-2 20-2. Электрондық аукцион басталар алдында қатысушылар хабарламаға ЭЦҚ арқылы қол қояды.
21
21. Электрондық аукцион қатысушыларының өтінімдерін тіркеу алдағы аукцион туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап БЭСА веб-порталында жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Қабылдау және тіркеу мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
22
22. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін электрондық аукцион қатысушысының кепілдік жарнаны аударғанын растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесін қоса бере отырып, қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді БЭСА веб-порталында тіркеу қажет.
23 23. Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна мүліктің бағалау құнының бес пайызы мөлшерінде белгіленеді және электрондық аукционға қатысушы оны БЭСА операторының банктік шотына енгізеді.
24 24. Қатысушымен кепілдік жарна БЭСА операторының банктік шотында қалдырылуы және бір ай ішінде кезекті элетрондық аукциондарға қатысу үшін пайдаланылуы мүмкін.
БЭСА операторының банктік шотындағы кепілдік жарнаның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы кепілдік жарнаның жетіспейтін сомасын төлеуі тиіс.
БЭСА операторының кепілдік жарнаны қайтаруы қатысушы кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінімді растаған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады, ол аукцион аяқталғаннан кейін не кейіннен кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінімді беру жолымен қалыптастырылады.
Кепілдік жарна қатысушыға өтінімде көрсетілген банктік шотқа қайтарылады.
Егер қатысушы бір ай ішінде кепілдік жарнаны пайдаланбаған жағдайда, БЭСА операторы белгіленген мерзім өткен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қатысушыға кепілдік жарнаны өтінімде көрсетілген банктік шотына қайтарады.
25 25. Электрондық аукцион қатысушысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей электрондық аукционға қатысуға электрондық өтінімін қайтарып алуға құқылы.
26 26. ЭЦҚ арқылы БЭСА-да орындалған әрекеттер электрондық аукционға қатысушысының атынан жүргізілген деп есептеледі.
27 27. Электрондық аукцион қатысушысы туралы мәліметтер қатысушының жеке кабинетінде болады.
28 28. Егер электрондық аукцион қатысушысы ретінде тұлға туралы мәліметтер болмаса, БЭСА-ға өтінім қайта, бірақ аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жіберіледі.
29 29. Егер:
1 1) бес пайыздық кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем құжаты болмаса;
2 2) электрондық аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдауға белгіленген мерзімнен кейін өтінім берілсе, тұлға электрондық аукцион қатысушысы болып танылмайды.
30 30. Электрондық аукцион қатысушыларының тізілімін БЭСА операторы электрондық форматта жүргізеді және онда мынадай мәліметтер:
1 1) өтінім, лот, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), не заңды тұлғаның атауы көрсетіле отырып, электрондық аукционға қатысатын адамдардың тізімі;
2 2) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) не заңды тұлғаның атауы көрсетіле отырып, лоттың қайтарып алынған өтінімдерінің тізімі қамтылады.
Аукционға қатысушылардың тізілімінде, сонымен қатар мынадай мәліметтер: электрондық аукцион қатысушысының идентификаттау коды, өтінім берілген лоттың атауы мен нөмірі, өтінімдерді қабылдау күні мен уақыты көрсетіледі.
30-1 30-1. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша сұрау салуы бойынша электрондық аукцион туралы мәліметтерді БЭСА операторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес береді.
31 31. БЭСА операторы өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттардың сақталуын, сондай-ақ олардың құпиялылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
6 6-тарау. Электрондық аукционды өткізу тәртібі
32 32. Электрондық аукцион мүліктің құнын арттыруға сауда-саттыққа онлайн режимдегі екі және одан да көп тіркелген қатысушылардан өтінімдер болған кезде өткізіледі, ал өтінімдер болмаған жағдайда аукцион өтпеді деп танылады.
32-1
32-1. Егер электрондық аукцион басталған сәтте онлайн режимде екіден кем қатысушы болатын болса немесе электрондық аукционға қатысушылар лоттың жарияланған бағаларының бір де бірін растамаса, аукцион өтпеді деп танылады. Бұл ретте электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырумен электрондық аукцион тоқтатылады.
33 33. Мүлік электрондық аукционға бағалау құнынан белгіленген 3 пайыздық қадаммен қойылады.
34 34. Электрондық аукцион аукционға қатысушылардан лоттың бастапқы бағасынан бір қадамға ұлғайтылған лот бағасы туралы ұсыныстарға сұрау салуынан басталады.
35 35. Егер аукционға қатысушылардың бірі ұсыныстарға сұрау салу басталғаннан бастап бес минут ішінде белгіленген қадамға ұлғайған лоттың бағасын растайтын болса, лоттың бағасы туралы келесі ұсынысты растау уақыты бес минутқа ұзартылады.
36
36. Егер соңғы ұсынысты растаған кезден бастап бес минут ішінде бір де бір қатысушы лоттың бағасын ұлғайту туралы келесі ұсынысты растамаса, аукцион қорытындысы туралы хаттама автоматты түрде жасалуымен электрондық аукцион аяқталады. Лоттың бағасы туралы ұсынысты соңғы болып растаған қатысушы электрондық аукционның жеңімпазы деп танылады.
37 37. Егер электрондық аукцион басталғаннан бастап бес минут ішінде аукционның бір де бір қатысушысы сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдау жолымен мүліктің құнын арттырмаса, электрондық аукцион өтпеді деп танылады.
37-1 37-1. Аукцион өтпеді деп танылған және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, сот орындаушысы бірінші аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң бағаны төмендету әдісімен қайта аукцион тағайындайды.
37-2 37-2. Қайта электрондық аукцион аукционға қатысушылардан лоттың бастапқы бағасынан бір қадамға төмендетілген бағасы туралы ұсыныстарға сұрау салудан басталады.
38
38. Егер ұсыныстарға сұрау салу басталғаннан бастап бес минут ішінде бірде бір қатысушы лотты сатып алу туралы өзінің келісімін растамаса, лоттың бағасы қадамның белгіленген шамасына төмендеуін жалғастырады, ал аукцион қатысушыларының келісімін растау үшін уақыт келесі бес минутқа ұзартылады. Бұл ретте өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі мүлікті жарияланған бағамен сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, ол елу пайыздан төмен болмауға, ал жылжымайтын мүлікке қатысты электрондық аукционға шығарылған мүліктің бағалау құнынан жетпіс бес пайызға төмен болмауға тиіс.
38-1 38-1. Лоттың жарияланған бағасы қатысушылардың бірі растаған кезде ол аукцион жеңімпазы болып танылады және электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырумен аяқталады.
38-2
38-2. Егер электрондық аукцион барысында лоттың бағасын төмендету әдісімен лоттың бағасын бір қадамға төмендету басталғаннан бастап бес минут ішінде екі немесе одан да көп қатысушылар лоттың ұсынылған бағасын растаса, онда лоттың жарияланған бағасын төмендету әдісімен бірінші растаған қатысушы аукцион жеңімпазы деп танылады және электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырумен электрондық аукцион аяқталады.
39 39. Электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттамада аукционның әрбір қатысушысының атауы, олар ұсынған баға, сондай-ақ әрбір қатысушының ұсынылған лоттың бағасына ЭЦҚ қол қою уақыты көрсетіле отырып, аукционның әрбір қадамының тарихы көрсетіледі.
Осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттамадан үзінді БЭСА веб-порталында жалпы қол жеткізу үшін жариялануға тиіс.
Мүлікті лоттың бастапқы бағасынан жиырма және одан да көп пайыз төмен бағамен өткізілген жағдайда, бұл туралы хаттаманың ескертпесінде мәтінді қызыл түсті фонда бөле отырып, тиісті белгі қойылады.
40
41 41. Сатып алған мүліктің ақысын электрондық аукцион жеңімпазы электрондық аукцион қорытындылары бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына ақша аудару арқылы төлейді.
БЭСА операторының аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасын аумақтық әділет органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына аударуы жиырма төрт сағат ішінде жүргізіледі.
42 42. Егер жеңімпаз белгіленген мерзімде сатып алған мүліктің құнын төлемесе, оның кепілдік жарнасы қайтарылмайды. Егер қатысушының электрондық аукционға қатысу құқығы болмаған жағдайда, қатысушылардың кепілдік жарнасы қайтарылмайды.
43
43. Электрондық аукцион өткізілмеді деп танылған кезде өндіріп алушы аукцион өткізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сот орындаушысына өтініш беру арқылы бағалау құны бойынша мүлікті өзіне қалдыруға құқылы. Өндіріп алушының көрсетілген мерзім ішінде мүлікті өзіне қалдыру туралы өтінішінің болмауы өндіріп алушының мүлікті қабылдаудан бас тартуы деп танылады.
44 44. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде электрондық аукцион өткізу арқылы тыйым салынған мүлікті өткізу рәсімі екі реттен артық өткізілмейді.
45 45. Мүлік өндіріп алушыға берілген кезде өндіріп алушы қабылданатын мүлкінің құнынан атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және мүліктің берілген құнына мөлшерлес, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын бес жұмыс күні ішінде өтейді.
46 46. Өндіріп алушы мүлікті қабылдаудан бас тартқан кезде сот орындаушысы өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан кезден бастап БЭСА-ға тиісті өтінімді қайта орналастыру арқылы электрондық аукцион рәсімін тағайындайды.
47
47. Электрондық аукционның қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттама ресімделеді, оған ЭЦҚ арқылы аукционның жеңімпазы, сот орындаушысы және БЭСА операторы қол қояды. Өткен аукционның қорытындысы туралы хаттама сатып алу-сату шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
48 48. Электрондық аукционның нәтижелері бойынша сатып алынған мүліктің құны төленгеннен кейін сот орындаушысы мен аукционда мүлікті сатып алушының арасында сатып алу-сату шарты жасалады.
Аталған шарт олар алған мүліктің мемлекеттік органдарда сатып алушының меншік құқығын тіркеуі үшін негіз болып табылады.
49 49. Электрондық аукцион барысында БЭСА-ға техникалық істен шығуы туындаған кезде, БЭСА операторы БЭСА-ның техникалық істен шығуы бар екендігі туралы фактіні назарға алады және ол туралы барлық қатысушыларға хабарлайды.
50
50. Электрондық аукцион өткізуге немесе аукцион жүргізу рәсімдеріне кедергі жасайтын БЭСА-ның техникалық істен шығу фактісі болған жағдайда, БЭСА операторы техникалық істен шығуды жөндеген күннен кейін, қатысушыларға аталған аукционның жалғасу күні мен уақыты туралы алдын ала хабарлаумен аукционды келесі үш жұмыс күнінің біріне ауыстырады.
51 51. Егер электрондық аукционға қатысушы БЭСА-ға интернетке шығу мүмкіндігінің болмауынан не БЭСА-ға қатысы жоқ өзге себептерге байланысты кіре алмаса, егер БЭСА онлайн режимінде екіден кем емес қатысушы болса, онда оның қатысуынсыз аукцион өтеді.
51-1
7 7-тарау. Қорытынды ереже
52 52. Өткізуге рұқсат беру және хабарлама жасау құжаттары (лицензия және т.б) талап етілетін мүлікті сот орындаушысы тиісті рұқсаттары бар сауда қызметінің қатысушылары арқылы заңнамаға сәйкес іске асырады.
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨТІНІМ
Қазақстан Республикасы
Тыйым салынған мүлікті өткізу,
оның ішінде электрондық аукцион
нысанындағы сауда-саттықта
өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Электрондық аукционға қатысуға
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨТІНІМ
1. __________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін - толық атауы, заңды мекенжайы, банк
деректемелері; жеке тұлға үшін – Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы)
(бұдан әрі - қатысушы):
р/н
Лот
Электрондық аукцион лотының атауы
Электрондық аукционды өткізу күні
Кепілдік берілген жарнаның аударылғаны туралы төлем құжатының деректемелері
1
2
3
4
5
сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарландырумен таныса отырып, Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы «___» ________ № ___ бұйрығымен бекітілген Тыйым
салынған мүлікті өткізу, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу
қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) таныса отырып, _______ жылғы «_____» _______________
_____ сағат _____ минутта ____________ интернет ресурста өткізілетін электрондық аукционға
қатысуға осы өтінімді қабылдауды сұрайды.
2. Электрондық аукционға қатысуға осы өтінімді бере отырып, қатысушы Қағидаларда қамтылған
электрондық аукцион өткізу талаптарымен келіседі.
3. Қатысушыны электрондық аукцион жеңімпазы деп таныған жағдайда:
электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюға;
Қағидаларда белгіленген мерзімде Мүлікті сатып алу-сату шартын жасасуға;
Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мерзімде лоттың сатып алу құнын төлеуге келіседі.
4. Қатысушы электрондық аукционға шығарылған мүлік тыйым салынған мүлікті саудаға қою
туралы сот орындаушысының өтінімі негізінде сатылатындығы туралы хабардар және БЭСА
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша сот
орындаушысының электрондық аукционды болдырмауынан немесе электрондық аукционнан мүлікті
(лотты) не оның бір бөлігін алып тастауынан қатысушыға келтірілген залал үшін жауапты
болмайтынымен келіседі.
5. Кепілақыны қайтару үшін қатысушының банк деректемелері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша:
1. Қатысушының кепілақы сомасын сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген банк
деректемелеріне аударғанын растайтын төлем құжатының электрондық (сканерленген) көшірмесі.
Күні _____________________________
Қатысушының ЭЦҚ __________________
2 Тыйым салынған мүлікті өткізу,
оның ішінде электрондық аукцион
нысанындағы сауда-саттықта
өткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Электрондық аукционға қатысуға электрондық өтінімді
қайтарып алу
_____________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін - толық атауы, заңды мекенжайы, банк
деректемелері; жеке тұлға үшін – Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы)
_______________________ белгіленген _______ лот бойынша электрондық
(электрондық аукционды өткізу күні)
аукционға қатысуға өзінің өтінімін қайтарып алады.
Күні ______________________________
Қатысушының ЭЦҚ ___________________
1 Электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттамадан үзінді
Қазақстан Республикасы
Тыйым салынған мүлікті,
оның ішінде электрондық аукцион
нысанындағы сауда-саттыққа
өткізу қағидаларына
2-1-қосымша
Нысан
Электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттамадан үзінді
_________________ 20 __ жылғы «___» ________
(өтетін орны) «___» сағат «___» минут
Сот орындаушысының __________________ жылғы «______» ________
қаулысы негізінде тыйымсалынған, _____________________ туралы
(атқарушылық құжат
талаптарының мазмұны)
атқарушылық құжат негізінде ________________________________
(сот орындаушысының аты,
әкесінің аты (болған
жағдайда), тегі)
сот орындаушысы саудаға шығарған, ___________________________
(борышкердің, үшінші
адамның аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі,
тұрғылықтыжерінің атауы
не орны)
борышкерге, үшінші адамға тиесілі, __________________________
(мүліктің қысқаша
сипаттамасы)
мекенжайы бойынша орналасқан: № ______________________ лот
_________________ (___________________) теңге бағаға сатылды
(лоттың бастапқы бағасы____________(_________________) теңге.
Жүргізілген аукцион қорытындысы:____________________________.
Жеңімпаз енгізген кепілді жарнаның мөлшері: ____ (___) теңге.
Электрондық аукцион өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні
ішінде аумақтық әділет органының қолма-қол бақылау шотына
немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына лоттың сатып
алу құнын енгізбеген электрондық аукцион жеңімпазы осы лот
бойынша электрондық аукционға одан әрі қатысу құқығынан
айырылады.
Электрондық аукцион жеңімпазы ________________________ (ЭЦҚ)
Сот орындаушысы ______________________________________ (ЭЦҚ)
БЭСА операторы _______________________________________ (ЭЦҚ)
Ескертпе: Мүлік бастапқы бағасының жиырма және одан да көп пайыз бағасынан төмен сауда-саттықта өткізілген кезде көрсетіледі.
3 Электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттама
Тыйым салынған мүлікті
өткізу, оның ішінде электрондық
аукцион нысанындағы сауда-саттықта
өткізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттама
______________ 20__ жылғы «___»________
(өтетін орны) «___» сағат «___» минут
Сот орындаушысының ______ жылғы «___» _____________ қаулысы
негізінде тыйымсалынған, ______________________________________________ туралы
(атқарушылық құжат талаптарының мазмұны)
атқарушылық құжат негізінде __________________________________________________
(сот орындаушысының аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі)
сот орындаушысы саудаға шығарған, _____________________________________________
(борышкердің, үшінші адамның аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
тегі, тұрғылықтыжерінің атауы не орны)
борышкерге, үшінші адамға тиесілі, ______________________________________________
(мүліктің қысқаша сипаттамасы)
мекенжайы бойынша орналасқан: № _________________________________________ лот
_______________________________(__________________________) теңге бағаға сатылды
(лоттың бастапқы бағасы______________________________(_________________) теңге.
Аукционның қатысушылары ұсынылған бағаны және лоттың ұсынылған бағасына
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қою уақытын көрсете отырып
көрсетеді:
1. (жеке тұлға үшін – аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, мекенжайы, ЖСН/ заңды
тұлға - толық атауы, мекенжайы, БСН) ______________________________________
лотқа ұсынған бағасы ______________________ (____________________________) теңге
лоттың ұсынылған бағасына ЭЦҚ қол қою уақыты «_____» сағат «____» минут «____» секунд.
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
Жүргізілген аукцион қорытындысы:___________________________________________
Электрондық аукционның жеңімпазы болып танылды: ________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлға үшін – аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі)
мекенжайы __________________________________________________________________,
ЖСН/БСН___________________________________________________________________.
Жеңімпаз енгізген кепілді жарнаның мөлшері: ____________ (______________) теңге.
Электрондық аукцион өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет
органының қолма-қол бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына
лоттың сатып алу құнын енгізбеген электрондық аукцион жеңімпазы осы лот бойынша
электрондық аукционға одан әрі қатысу құқығынан айырылады.
Электрондық аукцион жеңімпазы ___________________________ (ЭЦҚ)
Сот орындаушысы ________________________________________ (ЭЦҚ)
БЭСА операторы __________________________________________ (ЭЦҚ)
2 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 100 бұйрығына
2-қосымша
1
1) «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада № 6630 болып тіркелді, мынадай: «Казахстанская правда» 2010 жылғы 26 қарашадағы № 321-322 (26382-26383), «Официальная газета» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 52 (522), «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) жарияланды.
2
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің міндетін атқарушысының «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 153 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 мамырда № 6963 болып тіркелді, мынадай: «Казахстанская правда» 2012 жылғы 22 ақпандағы № 53 (26872) жарияланды.
3
3) «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 13 шілдедегі № 261 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 8 қарашада № 7289 болып тіркелді).
4
4) «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 272 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 тамызда № 8627 болып тіркелді, мынадай: «Казахстанская правда» 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 271 (27545), «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 209 (28148) жарияланды.
5
5) «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 1 сәуірде № 9289 болып тіркелді, 2014 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
6
6) «Электрондық аукцион нысанында тыйым салынған мүлікті сату бойынша сауда-саттықтарды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 125 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 1 сәуірде № 9290 болып тіркелді, 2014 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).