Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 1-09/03 · қабылданған 20.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86887/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 1-09/03 ·20.02.2015
03.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1-09/03 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-09/03
Қабылданған күні
20.02.2015
Қолданысқа енгізілген күні
03.03.2015
Көрсетілген редакция
03.11.2015 86887_291910.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15PBH04316
ЭКБ идентификаторы
86887
Редакция идентификаторы
86887_291910
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:35

0 Шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы басшысының ұсынысы негізінде, ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, ШЕШІМ қабылдаймын:

1 1. Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің «Сергей» шаруа қожалығы аумағында мал шаруашылығы саласы бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Ақсу қаласының ветеринария бөлімі» (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы» (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Ақсу қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ақсу қалалық басқармасы» (келісім бойынша) республикалық мемлекеттік мекемесі анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар өткізсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен соң қолданысқа еңгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақсу қаласының
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекеменің
басшысы В. Шанов
2015 жылғы «20» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақсу қаласы бойынша
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау бойынша Ақсу
қалалық басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекеменің басшысы А. Жалелов
2015 жылғы «20» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылығы министрлігінің
ветеринариялық бақылау және қадағалау
Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекеменің басшысы Ғ. Батаев
2015 жылғы «20» ақпан

Қолданыстағы