Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 15 · қабылданған 14.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86889/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Қолданыста Қаулы ·№ 15 ·14.01.2015
29.07.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қолданыста Қаулы ·№ 15 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15
Қабылданған күні
14.01.2015
Көрсетілген редакция
29.07.2019 86889_418208.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15SJ003109
ЭКБ идентификаторы
86889
Редакция идентификаторы
86889_418208
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:03

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз

етуге қатысатын азаматтарды
мадақтаудың кейбір
мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына,«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлері мен мөлшерлері осы қаулыға қосымшаға сәйкес анықталсын.

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қоса берілген қағидасы бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Д.А. Могуноваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
Ішкі істер департаменті
Мамлют ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________Ғ. Байжанов
2015 жылғы 14 қаңтар

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 14 қаңтардағы
№ 15 қаулысына қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлерi мен мөлшерлерi

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.

2 2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

3 3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

9 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау қағидасы

Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 14 қаңтардағы
№ 15 қаулысымен бекітілген
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
мадақтау қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарастырады.

2

2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды мадақтау туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Мамлют ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Мамлют ауданының ПБ) енгiзедi.

3 3. Комиссия қабылдайтын шешiм мадақтау үшiн негiз болып табылады.

4 4. Мадақтау түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отырып, Комиссия белгiлейдi.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Мамлют ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

6 6. Мамлют ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзіледi.

7 7. Мадақтауды төлеуге қаражат «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі 252 003 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттiк бағдарламасымен облыстық бюджеттен көзделедi.

8 8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақыны, бағалы сыйлықтарды беру Мамлют ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.

Қолданыстағы