Об определении лицензиаров в сфере архитектуры, градостроительства и строительства и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении лицензиаров в сфере архитектуры, градостроительства и строительства и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиарларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 69
- Қабылданған күні
- 18.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2015 86896_99898.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000069
- ЭКБ идентификаторы
- 86896
- Редакция идентификаторы
- 86896_99898
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:37
0 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
лицензиарларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиарлар болып айқындалсын.
2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 69 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 255-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 1254 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 66, 895-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 166 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 13, 115-құжат).