Құжат мәтініне өту

О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Степногорске

Қаулы · № а-1/26 · қабылданған 21.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86925/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Степногорске Қолданыста Қаулы ·№ а-1/26 ·21.01.2015
27.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Степногорске

Қолданыста Қаулы ·№ а-1/26 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Степногорске
Атауы (қаз.)
Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
а-1/26
Қабылданған күні
21.01.2015
Көрсетілген редакция
27.12.2021 86925_554524.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15BB004651
ЭКБ идентификаторы
86925
Редакция идентификаторы
86925_554524
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:58

0 Степногорск қаласында

жолаушылар мен
багажды автомобильмен
тұрақты тасымалдау
тарифтері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы 19 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес, «Степногорск қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифтерін келісу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 5С-35/3 шешімінің негізінде Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі белгіленсін:

ересектерге - 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 30 (отыз) теңге мөлшерінде.

2 2. Қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі бір километр үшін 10 (он) теңге мөлшерінде бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Ә.Қ. Күмпекеевке жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы Ғ. Көпеева

Қолданыстағы