О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Степногорске
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Степногорске
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-1/26
- Қабылданған күні
- 21.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2021 86925_554524.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BB004651
- ЭКБ идентификаторы
- 86925
- Редакция идентификаторы
- 86925_554524
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:58
0 Степногорск қаласында
жолаушылар мен
багажды автомобильмен
тұрақты тасымалдау
тарифтері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы 19 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес, «Степногорск қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифтерін келісу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 5С-35/3 шешімінің негізінде Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі белгіленсін:
ересектерге - 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 30 (отыз) теңге мөлшерінде.
2. Қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі бір километр үшін 10 (он) теңге мөлшерінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Ә.Қ. Күмпекеевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы Ғ. Көпеева