Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Талдыкорган»

Қаулы · № 8-97 · қабылданған 05.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86945/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Талдыкорган» Күшін жойған Қаулы ·№ 8-97 ·05.02.2015
27.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Талдыкорган»

Күшін жойған Қаулы ·№ 8-97 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Талдыкорган»
Атауы (қаз.)
«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-97
Қабылданған күні
05.02.2015
Көрсетілген редакция
27.06.2016 86945_Some(103150).kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DA003071
ЭКБ идентификаторы
86945
Редакция идентификаторы
86945_Some(103150)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:47

0 «Талдықорған қаласының

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармағына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» (М.М. Қалиев) мемлекеттік мекемсінің заңмен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аппарат басшысы Мәрлен Қапашұлы Көлбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Талдықорған қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «____» __________
№_______________қаулысымен
бекітілген қосымша
«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2 2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4 4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5 5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6 6. Бөлім егер заңнамаға және сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7 7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8 8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі № 241.

10 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11 11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12 12. Бөлімнің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13 13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2

2 2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14 14. Бөлімнің миссиясы: тұрғын үй қатынастары, коммуникациялар және автомобиль көліктері салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15 15. Бөлімнің міндеттері:

1 1) қаланың қоршаған ортасын сақтауға қолайлы ортасын құру және қолдау бойынша кешенді мерекелер, күту және абаттандыру, санитарлық жағдайын, көгалдандыру бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;

2 2) заңнамамен белгіленген өз құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

3 3) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде көлік жүйесінде жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру;

5 5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту;

16 16. Бөлімнің функциялары:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалалық коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болу;

2 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастыру;

3 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

4 4) облыстық маңызы бар қалалық жолдарды салу, пайдалануды және күтіп ұстауды ұйымдастыру;

5 5) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

6 6) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

7 7) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды өз құзыреті шегінде жүргізу;

8 8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте кондоминиум объектiсiне техникалық паспорттар дайындау жөнiндегi шығыстарды өтеудi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз ету;

9 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды тұрақты қалалық, қала маңындағы және қалаішілік тасымалдауларды ұйымдастырады;

10 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;

11 11) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;

12 12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

17 17. Құқықтары мен міндеттері:

1 1) мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқытарын қорғау;

2 2) Бөлімнің құзырына жататын мәселер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алмасу;

3 3) қала әкімінің шешімдері, қала әкімшілігінің қаулылары, өкімдерінің жобаларын дайындау;

4 4) белгіленген тәртіппен тұрғындардың хаттары мен шағымдарын қарау, жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімге жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындалуына жауапты;

6 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа құқықтарды жүзеге асырады.

3 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18 18. Бөлімнің басшылығын Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19 19. Бөлімнің бірінші басшысын Талдықорған қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21 21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1 1) Бөлімнің бірінші басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады.

2 2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған және өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мсәселелерін өз бетімен шешеді және дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді;

3 3) жергілікті атқарушы органымен құрылған, мемлекеттік басқару органы Бөлім болып табылатын, кәсіпорындар басшыларының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн белгiлейдi.

4 4) белгіленген тәртіппен арқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

5 5) белгіленген тәртіппен өз құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша жиналыс құрады, мүдделі мекелемелердің өкілдерінің қатысуымен;

6 6) жарттар жасасады;

7 7) сенім хаттар береді;

8 8) банк есеп шоттарын және заңнамаға сәйкес өзге мәселелерді жасасады;

9 9) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

10 10) Қазақстан Республикасының заңжнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Бөлім бірінші басшысы болмаған кезеңде
оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22 22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23 23. Бөлімнің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басшы басқарады.

4 4. Мемлекеттік органның мүлкі

24 24. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25 25. Бөлімге бекітілген мүлік қаланың коммуналдық меншігіне жатады.

26 26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27 27. Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттік органның ведомстваларындағы тұйымдартың тізімі

1 1) «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Талдықорғанжылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;

2 2) «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісу су құбыры» қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіорыны;

3 3) шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көркем Талдықорған» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;

4 4) «Талдықорған қаласы тұрғын үй қызметі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

5 5) «104 аппатық газ қызметі» коммуналдық мемлекеттік қазыналы кәсіпорын.

Қолданыстағы