Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Бородулихинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Бородулихинского района
- Атауы (қаз.)
- Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 30.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2015 86976_285683.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VH003692
- ЭКБ идентификаторы
- 86976
- Редакция идентификаторы
- 86976_285683
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:51
0 Бородулиха ауданының аумағында
тұратын халықтың нысаналы
топтарын анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес, Бородулиха ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының Тізбесі белгіленсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қарастырсын.
3. «Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3581 тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 5 (514), «Пульс района» газетінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 5 (6833)) жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бородулиха ауданы әкiмiнiң орынбасары Р.А.Атаеваға жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
6 Бородулиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 21 қаулысына қосымша
Бородулиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі