Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к аварийно-спасательным службам и формированиям

Бұйрық · № 21 · қабылданған 15.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86981/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к аварийно-спасательным службам и формированиям Қолданыста Бұйрық ·№ 21 ·15.01.2015
08.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к аварийно-спасательным службам и формированиям

Қолданыста Бұйрық ·№ 21 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к аварийно-спасательным службам и формированиям
Атауы (қаз.)
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21
Қабылданған күні
15.01.2015
Көрсетілген редакция
08.06.2019 86981_686717.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15C0010261
ЭКБ идентификаторы
86981
Редакция идентификаторы
86981_686717
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:02

0 Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 21 бұйрығымен
бекітілді
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары

1 1- тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Талаптар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағының 70-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының кәсіптік даярлықтарының, олардың арнайы және құтқару техникасымен, құрал-сайманмен, жарақпен, авариялық-құтқару және өрт сөндіру жабдығымен, керек-жарақтармен және материалдармен жарақталу деңгейін, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі дәрежелерін айқындайды.

2 2- тарау. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары

2 2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1

2 2) бастапқы аттестаттаудан өткен құтқарушылармен жасақталуы;

3 3) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес арнайы және құтқару техникасымен, авариялық-құтқару және өрт сөндіру жабдығымен, құрал-сайманмен, жарақпен, керек-жарақтармен және материалдармен жарақталуы;

4

4) тәулік бойы кезекшілік өткеруді, бос ауысымның демалысын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен және қызмет көрсетілетін объектілермен байланысты (телефон, факсимильді, радиобайланыс), жеке құрамды құлақтандыру жүйелерін қамтамасыз ететін үй-жайлардың және жабдықтардың, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметінің
орналасу схемасына сәйкес мүлік пен белгіленген материалдық құралдар қорына арналған үй-жайдың болуы;

5 5) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін оқу-жаттығу базасының болуы.

3 3. Қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына осы Талаптардың 2-тармағын толықтыру үшін қосымша мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:

1 1) қажетті персоналмен және жабдықпен жасақталған шаң-газ талдау зертханасының болуы;

2 2) авариялық-құтқару қызметі мен тау-кен өндіру, көмір, мұнай және газ кәсіпорындарына қызмет көрсететін құралымның оқу-жаттығу полигонының, оқу шахтасының, осы Талаптарға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жарақталған жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешеннің болуы;

3

1 Тау-кен өндіру және көмір кәсіпорындарына қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі мен құралымының оқу-жаттығу полигонын жарақтандыру тізбесі

Авариялық-құтқару қызметтері мен
құралымдарына қойылатын
біліктілік талаптарына
1-қосымша
Тау-кен өндіру және көмір кәсіпорындарына қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі мен құралымының оқу-жаттығу полигонын жарақтандыру тізбесі
Р/с

Жарақ атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1.
Қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын тау-кен қазбаларының тіреуіштері (металл, ағаш және т.б.)
жиынтық
әр түрінен 3
2.
Аралық жалғағыштарды қосуға арналған  бұрамасы бар Ø = 100, 125 және 159 мм өртке қарсы құбыр
жиынтық
1
3.
Көлемі 8,0 – 10,0 м³ суға арналған сыйымдылық
дана
1
4.
Өнімділігі 10,0-20,0 м³/сағ су сорғысы
дана
1
5.
Жанғыш сұйықтығы бар өрт ошағын жасауға  арналған жалпақ қаңылтыр таба
дана
1
6.
Оқу полигонының схемасы
дана
1
7.
Теренкур, кемінде L = 10,0 см
дана
1
8.
ЖПБ (парашют) орнатуға және ауа көлемін өлшеуге арналған қазба, кемінде L = 6,0 см
дана
1
9.
Темірбетон блоктар мен плиталардан жасалған конструкция
жиынтық
1
📌 Ескертпе. Оқу-жаттығу полигонын 3, 4, 6-позициялар бойынша жарақтау бөлімшенің оқу шахтасымен бірыңғай болуы мүмкін.
Мұнай және газ кәсіпорындарына қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі мен құралымының оқу-жаттығу полигонын жарақтандыру тізбесі
Р/с

Жарақ атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
1.
Бұрғылау қондырғысы
1
2.
Ұңғыманың бұрғыланған оқпаны
жиынтық
1
3.
Ұңғыма сағасында орналасқан шахта
1
4.
Шегендеу бағаналары
метр
Ұңғыманың конструкциясына сәйкес
5.
Бұрғылау бағанасы
метр
10
6.
Бұрғылау қондырғысының шығарылатын көпірлері
жиынтық
1
7.
Саға жабдықтары: бағана басы мен шығарындыға қарсы жабдық жиынтығы
жиынтық
1
8.
Шығарындыға қарсы жабдықты гидравликалық басқару пульті
жиынтық
1
9.
Басу және дроссельдеу блогы
жиынтық
1
10.
Көлемі 10 м³ техникалық суға арналған резервуар немесе сыйымдылық
дана
1
11.
Босатқыш қалқандары бар плашкалық превенторларды қолмен басқару тұтқасы
дана
1
12.
Шығарындыға қарсы жабдықтың шығару желілері
жиынтық
1
13.
Басқару кілті бар шар краны
жиынтық
1
14.
Ашуға арналған аспабы бар қайтарма клапан
жиынтық
1
15.
Жарықпен және дыбыспен беретін құлақтандыру сигнал жүйесі
жиынтық
1
16.
Желдің бағытын анықтауға арналған құрылғы (конус, флюгер)
дана
1
17.
Өрт сөндіру құралдары
жиынтық
1
18.
Су беруге арналған сорғы
дана
1
19.
Ауа компрессоры
дана
1
20.
Бұрғылау, сағалық және шығарындыға қарсы, қосалқы жабдық элементтері көрсетілген оқу бұрғылау полигонының орналасу схемасы
дана
1
21.
Авариялық қор қоймасы: стандартты емес авариялық жабдықтың жиынтықтары
жиынтық
15
22.
Сағалық және шығарындыға қарсы жабдықты сығымдауға арналған стенд
жиынтық
1
23.
Темір кескіш және темір өңдеуші станоктары бар жөндеу цехы
жиынтық
1
24.
Шығарындыға қарсы жабдықтың жиынтықтары: қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын әмбебап және сағалық төрт тармағы бар плашкалық превенторлар
жиынтық
1
25.
НГ-50 қондырғысы (шығарындыға қарсы жабдықтың жиынтығын авариялық ұңғыма сағасына тасығыш)
жиынтық
1
26.
Жанып жатқан ашық атқыламаны жоюға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы
жиынтық
1
27.
Шығарындыға қарсы жабдықты қысымдағы ұңғыма сағасына бұруға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы
жиынтық
1
28.
Қысымдағы құбырды бұрғылауға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы
жиынтық
1
29.
Шегендеу бағаналарын кесуге ұқсас қимылға арналған оқу алаңы
жиынтық
1
30.
Құтқарушылардың дене және моральдық-психологиялық дайындықтарын тәжірибелік сынауды жүргізуге арналған оқу-тренажерлық кешен
жиынтық
1
31.
Өрт сөндіру құралдары
жиынтық
1
32.
Оқу полигонының схемасы
дана
2

2 Оқу шахтасын жарақтандыру тізбесі

Авариялық-құтқару қызметтері мен
құралымдарына қойылатын
біліктілік талаптарына
2-қосымша
Оқу шахтасын жарақтандыру тізбесі
Р\с №
Жарақ атауы
Өлшем бірлігі
саны
1
2
3
4
1.
Авариялық сигнализация қоңырауы
дана
1
2.
Кезекшімен байланысуға арналған телефон (шахталық телефон аппараты)
дана
1
3.
Қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын металл тіреуіш
жақтау
5
4.
Тіреу жақтауларын орнатуға арналған ағаш бағаналар
жақтау
10
5.
Бетонит (қож-блок)
дана
100
6.
Құм
м3
1
7.
Құрылыс ерітіндісін дайындауға арналған сыйымдылық
дана
1
8.
Қазбалар бойынша жүргізілген Ø = 100, 125, 159 мм өртке қарсы құбыр
жиынтық
1
9.
Гидроқақпасы бар Ø = 100 немесе 150 мм су әкететін құбыр
дана
1
10.
Диаметрі 35-40 мм және сынамаларды алуға арналған бұрмасы бар ауадан сынамалар алуға арналған құбыр
дана
1
11.
Ойық құбырлар секциясы, біреуінің қақпағы бар
дана
4
12.
Іске қосу аппаратурасы бар оқу шахтасын желдету желдеткіші
жиынтық
1
13.
Іске қосу аппаратурасы бар тұйық қазбаны жергілікті желдету желдеткіші
жиынтық
1
14.
Қимасы 0,8 х 1,0 м² ұзындығы кемінде 10 метр теренкур
дана
1
15.
Шегелер (100-120 мм)
килограмм
3
16.
Құрылыс тоғындары
дана
30
17.
Саны оқу шахтасы жағдайында екі қатарлы бөгеттерді тұрғызуды қамтамасыз ете алатын шаршы қималы (16 х 16 см немесе 18 х 18 см) ағаш қырлы бөренелер
жиынтық
1
18.
Түтін жіберуге арналған құрылғы
дана
1
19.
Арнайы дайындыққа арналған динамометрлері (6 данадан аз емес) және калорифері бар жылу камерасы
жиынтық
1
20.
+100 °С дейінгі қалыпты термометр
дана
1
21.
Психрометр
дана
1
22.
Ілуге арналған арқаны бар ЖМБ-ға арналған, ұзындығы 20 м желдету құбыры
дана
1
23.
Өнімділігі 5 м³/сағ ауа компрессоры
дана
1
24.
Көлемі 8-10 м³ суға арналған сыйымдылық (өртке қарсы резервуар)
дана
1
25.
Өнімділігі 10-20 м³/сағ өртке қарсы құбырға су беруге арналған сорғы
дана
1
26.
Ауа көлемін анықтауға арналған өлшеу станциясы
дана
1
27.
Қазбалар, техникалық құрылыстар, электр желілері, іске қосу аппаратурасы мен жабдығы көрсетілген оқу-жаттығу кешенінің схемасы
дана
1
28.
Өрт сөндіру құралдары
жиынтық
1
29.
Оқу шахтасының аварияларын жою жоспары
жиынтық
1

3 Жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешен

Авариялық-құтқару қызметтері мен
құралымдарына қойылатын
біліктілік талаптарына
3-қосымша
Жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешен

1 1. Жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешен кемінде екі үй-жайдан тұруы қажет:

1 1) жылуға төзімділікке жаттығу жүргізуге арналған үй-жай;

2 2) медициналық қызметкерге арналған үй-жай.

2 2. Жылуға төзімділікке жаттығу жүргізуге арналған үй-жайда мынадай жарақтар болуы қажет:

1 1) +150 °С дейінгі қалыпты термометр, саны 1 дана;

2 2) психрометр, саны 1 дана;

3 3) шашыратқышы бар (құрғақ сап) Ø =50 мм өртке қарсы құбыр, саны 1 жиынтық.

Қолданыстағы