Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах субсидирования

Қаулы · № А-1/15 · қабылданған 19.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87031/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах субсидирования Күшін жойған Қаулы ·№ А-1/15 ·19.01.2015
28.04.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах субсидирования

Күшін жойған Қаулы ·№ А-1/15 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах субсидирования
Атауы (қаз.)
Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-1/15
Қабылданған күні
19.01.2015
Көрсетілген редакция
28.04.2017 87031_179901.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15B0004652
ЭКБ идентификаторы
87031
Редакция идентификаторы
87031_179901
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:01

0 Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бекітілсін:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар.

2 2. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________ А. Мамытбеков
2015 жылғы ____ ____________

4 Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ А-1/15
қаулысына 1-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналықтар бас санын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындардың орнын 100%-ға дейін толтыруға субсидиялар нормативі
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке субсидиялар нормативі, теңге
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басы санын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
3 835

5 Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ А-1/15 қаулысына 2-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

1

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымдық немесе дистрибьюторлық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарламаның болуы (мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қоспағанда).

2 2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың өтінімдеріне сәйкес қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін аталық бұқалардың ұрығын, ілеспе материалдарды жеткізу және Дьюар ыдысына сұйық азот құюды іске асыру немесе аталған материалдарды сатып алу жөніндегі келісімшарттың болуы.

3 3. Бағаланған аталық бұқалардың ұрығымен ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу.

9 Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ А-1/15
қаулысына 3-қосымша
Күші жойылған деп танылған Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының тізбесі

1 1. «Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4042 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 27 наурызда жарияланған);

2

2. «Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № А-5/204 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4226 болып тіркелген, Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 17 маусымда жарияланған);

3

3. «Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № А-8/433 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 болып тіркелген, Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте жарияланған);

4

4. «Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № А-10/530 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4465 болып тіркелген, Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 22 қарашада жарияланған).

Қолданыстағы