Құжат мәтініне өту

О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов

Бұйрық · № 4 · қабылданған 09.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87032/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов Қолданыста Бұйрық ·№ 4 ·09.01.2015
09.01.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов

Қолданыста Бұйрық ·№ 4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
09.01.2015
Көрсетілген редакция
09.01.2015 87032_61633.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010232
ЭКБ идентификаторы
87032
Редакция идентификаторы
87032_61633
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:05

0 Қазақстан Республикасының аумағынан

қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын
әкетуге тыйым салу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасының аумағынан легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0) қоспағанда, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204) әкетуге алты ай мерзіміне тыйым салынсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тарағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы хабарласын;

2 2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;

3 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне міндетті түрде белгіленген тәртіппен:

осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарласын;
Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағынан басқа мемлекет-мүшелері осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды қабылдауы туралы ұсыныстарды енгізсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйеге ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет–ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________ Б. Сұлтанов
20__ жылғы «___»_____________
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_________________М. Құсайынов
20__ жылғы «___»_____________

Қолданыстағы