Құжат мәтініне өту

О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан необработанных драгоценных металлов, лома и отходов драгоценных металлов

Бұйрық · № 5 · қабылданған 09.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87034/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан необработанных драгоценных металлов, лома и отходов драгоценных металлов Қолданыста Бұйрық ·№ 5 ·09.01.2015
09.01.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан необработанных драгоценных металлов, лома и отходов драгоценных металлов

Қолданыста Бұйрық ·№ 5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан необработанных драгоценных металлов, лома и отходов драгоценных металлов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге уақытша тыйым салу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
09.01.2015
Көрсетілген редакция
09.01.2015 87034_61648.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010231
ЭКБ идентификаторы
87034
Редакция идентификаторы
87034_61648
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:05

0 Қазақстан Республикасының аумағынан

өңделмеген бағалы металдарды,
бағалы металдардың сынықтары
мен қалдықтарын әкетуге
тыйым салу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге алты ай мерзіміне тыйым салынсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тарағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы хабарласын;

2 2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;

3 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігін міндетті түрде белгіленген тәртіппен:

осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарласын;
Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағынан басқа мемлекет-мүшелері осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды қабылдауы туралы ұсыныстарды енгізсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйеге ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет–ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________ Б. Сұлтанов
20__ жылғы «___»_____________
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_________________ М. Құсайынов
20__ жылғы «___»_____________

1 Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге рұқсат берілмеген өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары

Тауардың қысқаша атауы
СЭҚ ТН коды
1.
Өңделмеген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түрдегі алтын (платинадан алынған гальваникалық қаптамасы бар алтынды қоса алғанда):
– монетарлық емес:
– – ұнтақ;
– – өзге де өңделмеген нысандарда:
– – – өзгелері (өңделемеген, сол сияқты тазартылған түрдегі, тазалығы лигатуралық салмақтың 1000 үлесіне қатысты 995 мың үлеске тең немесе одан артық, бұл 995 сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес түйіршіктелген алтынды қоспағанда);
7108 11 000 0
7108 12 000 9
2.
Бағалы металдар немесе бағалы металдар жалатылған металдар қалдықтары мен сынықтары; негізінен бағалы металдарды шығару үшін пайдаланылатын, құрамында бағалы метал немесе бағалы металдардың қосылыстары бар өзге қалдықтар мен сынықтары:
– – алтын жалатылған металды қоса алғанда, бірақ құрамында басқа да бағалы металдар бар қалдықтарды қоспағанда, алтын
7112 91 000 0

Қолданыстағы