Об утверждении Требований к рыбозащитным устройствам водозаборных сооружений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Требований к рыбозащитным устройствам водозаборных сооружений
- Атауы (қаз.)
- Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18-05/22
- Қабылданған күні
- 19.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2019 87037_409330.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15F0010292
- ЭКБ идентификаторы
- 87037
- Редакция идентификаторы
- 87037_409330
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:01
0 Су тарту құрылыстарының балық
қорғау құрылғыларына қойылатын
талаптарды бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 18-05/22 бұйрығымен
бекітілген
Су тарту құрылыстарының балық қорғау
құрылғыларына қойылатын талаптар
1 1. Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына (бұдан әрі - БҚҚ) мынадай талаптар қойылады:
1 1) осы Талаптардың 1-қосымшасында келтірілген БҚҚ тиімділік есебіне сәйкес анықталатын денесінің ұзындығы 12 миллиметрден асатын шабақ үшін БҚҚ тиімділік коэффициенті 70 %-дан кем болмауы тиіс;
2 2) су тартқыштың есептік шығынына байланысты ББҚ осы Талаптардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді;
3 3) балықтардың өлшеміне байланысты БҚҚ торлы балық қорғау тосқауылдарының диаметрлері осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
2 2. БҚҚ жобалау:
1 1) қорғалатын балықтардың ең төменгі өлшемі көрсетілетін түрлік және өлшемдік құрамы;
2 2) олардың жылыстау және қоныс аудару кезеңі;
3 3) балықтардың тігінен және көлденең бөлінуі;
4 4) уылдырық шашу орындары мен қыстау шұңқырлары орналасқан жерлер;
5 5) қорғалатын балықтардың шабақтары үшін ағыстың құламалы жылдамдығы анықталатын жобалау-іздестіру және ғылыми зерттеулердің негізінде жүргізіледі.
1 Су тарту құрылыстарының
балық қорғау құрылғыларына
қойылатын талаптарға
1-қосымша
Балық қорғау құрылғыларының тиімділігін есептеу
1 1. Балық қорғау құрылғыларының көрсеткіші (Кэф) балық қорғау құрылғысымен ұсталған балықтардың санының мұндай құрылғының жоқ болған кездегі су бөгетіне түсетін балықтардың санына қатынасы болып табылады, пайызбен келтіріледі:
N2 T - N1 T
Kэф = ---------------- x 100,
N2 T
мұндағы:
N1 T – есептеу кезеңдегі балық қорғау құрылғысының бар болған кездегі түскен балықтардың саны;
N2T – балық қорғау құрылғысының жоқ болған кездегі сол Т есептік кезеңдегі су бөгетіне түскен балықтың саны;
2 2. Балық қорғау құрылғыларының көрсеткіші тәжірибелік жолмен анықталады – балық қорғау құрылғылары болған және болмаған кездегі балықтардың кезектеп су бөгетіне түсуін бақылау.
БҚҚ-ыны бөлшектеу мүмкін болмаған жағдайда, Кэф балықтың БҚҚ алдында және одан кейін шоғырлануының айырмасы бойынша мына формуламен анықталады:
C2 - C1
Kэф = ------------- x 100,
C2
мұндағы:
C1 – БҚҚ-дан кейін балық шабағының шоғырлануы;
C2 – БҚҚ алдында балық шабағының шоғырлануы.
3 3. БҚҚ тиімділігі өлшемі 12 мм балық шабағы үшін 70% кем емес болуы тиіс.
4 4. БҚҚ-мен байланысқа түскен кезде (жазық аулар, ағыны шапшаң барабандар және т.б.) және балықты қайтару кезінде (егер БҚҚ-да балық қайтарғыш болса) шабақ өлетін болса, онда балық қорғау тиімділігінің көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:
N2T - (N1T + N3T)
Kэф = -------------------------- x 100,
N2T
мұндағы:
N1T – БҚҚ болған кезде Т есептеу кезеңінде су бөгетіне түскен балықтардың саны;
N2T – БҚҚ болмаған кезде сол Т есептік кезеңінде су бөгетіне түскен балықтардың саны;
N3T – БҚҚ-ға соғылу салдарынан Т есептік кезеңінде өлім-жітімге ұшыраған балықтардың саны.
N3 көлемі БҚҚ-да қалып қойған (n 1), БҚҚ-ға соғылу салдарынан өлім-жітімге ұшыраған (n 2) және балық қайтару жолынан өткенде өлім-жітімге ұшыраған балықтар санының жиынтығымен анықталады (n 3): N3 = n1 + n2 + n3.
БҚҚ-ға соғылу салдарынан өлім-жітімге ұшырайтын шабақ санын (N3) анықтау жұмысы былай жүргізіледі:
n1 – балық қорғайтын құрылғыдағы балық санын есептеу жолымен анықталады;
n2 – жұмыс істеп тұрған су тарту құрылысында БҚҚ-ның төменгі жағынан ауланған балық шабақтарын өмір сүруге қалдырғаннан кейін өлім-жітімге ұшыраған балықтардың саны;
n3 – балық қайтарудан өткен балық шабақтарын өмір сүруге қалдырғаннан кейін өлім-жітімге ұшыраған балықтардың саны.
2 Су тарту құрылыстарының
балық қорғау құрылғыларына
қойылатын талаптарға
2-қосымша
Су тартқыштың есептік шығынына
байланысты балық қорғау құрылғыларын орнату
Балық қорғау құрылғылары
Су тартқыштардың есеп айырысу шығындары, м3/с
топ (балықтарды қорғау әдістері бойынша)
түр
0,5
аз
0,5 бастап,
5,0 дейін
5,0
бастап, 10,0
дейін
10,0
көп
Бөгеуші
Өткінші ағында орнатылған торлы ағын белсенді барабан
+
-
-
-
Өткінші ағында орнатылған ағын тудырғышы бар баулық (АББ).
+
-
-
-
Балық қайтаратын конустық бір жолақты балық тосқауылы (конустық).
-
+
+
+
Балық қайтаратын конустық екі жолақты балық тосқауылы (конустық) 25 метрге дейінгі ұзын секциялар сияқты V- W тәріздес көлденең торлы, бұрғылап тесілген немесе сүзетін экрандар.
+
+
-
-
Қоршағыш
Су тартқыш қол шатыр тәріздес баулық.
+
+
-
-
Шоғырлаушы
Балықтарды көлденең айыратыны бар балық қорғау шоғырлаушысы(КАБК); блокпен қолданатын 5, 10 және 25 м³/с блок-секциялар.
-
+
+
+
Ескерту: БҚҚ басқа түрлерін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша қолдануға жол беріледі.
3 Су тарту құрылыстарының
балық қорғау құрылғыларына
қойылатын талаптарға
3-қосымша
Балықтардың өлшеміне байланысты торлы
балық қорғау тосқауылдары ұяларының диаметрі
Балықтың дене ұзындығы, мм
12
15
20
30
40
50
60
70
Саңылау диаметрі, мм
1,5
2
3
4
6
7
8
9
Ескерту: Төрт бұрышты тордың саңылауларында жоғарыда көрсетілген өлшемдер саңылаудың диагоналіне сәйкес.