Об утверждении Перечня загрязняющих веществ и видов отходов, для которых устанавливаются нормативы эмиссий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня загрязняющих веществ и видов отходов, для которых устанавливаются нормативы эмиссий
- Атауы (қаз.)
- Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 21.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2021 87047_529930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010302
- ЭКБ идентификаторы
- 87047
- Редакция идентификаторы
- 87047_529930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:58
0 Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық
түрлерінің тізбесі
1 1. Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттардың тізбесі
1 1. Атмосфералық ауаны ластайтын заттар:
1 1) Күкірт диоксиді мен күкірттің басқа да қосылыстары.
2 2) Азот оксиді мен азоттың басқа да қосылыстары.
3 3) Оттегі тотығы.
4 4) Ұшпалы органикалық қосылыстар.
5 5) Металдар мен олардың қосылыстары.
6 6) Тотияйын мен оның қосылыстары.
7 7) Цианидтер.
8 8) Хлор және оның қосылыстары.
9 9) Фтор және оның қосылыстары.
10 10) Шекті көмірсутегілер.
11 11) Меркаптандар.
12 12) Күкіртті сутегі.
13 13) Қара көміртегі (күйе).
14 14) Шаң-тозаң, соның ішінде құрамында асбест бар (өлшемді бөлшектері, талшықтары).
15 15) Полихлорлы дибензодиоксиндер мен полихлорлы дибензофурандар.
16
16) Елді мекендердің атмосфералық ауасында шекті рұқсатты шоғырлануының (бұдан әрі – ШРШ) және әсер етудің бағдарлы қауіпсіз деңгейіне (бұдан әрі – ӘБҚД) Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық нормативтері белгіленген қауіптілігі 1 және 2-сыныптағы өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.