Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил идентификации опасных производственных объектов

Бұйрық · № 353 · қабылданған 30.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87095/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил идентификации опасных производственных объектов Қолданыста Бұйрық ·№ 353 ·30.12.2014
02.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил идентификации опасных производственных объектов

Қолданыста Бұйрық ·№ 353 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил идентификации опасных производственных объектов
Атауы (қаз.)
Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
353
Қабылданған күні
30.12.2014
Көрсетілген редакция
02.10.2025 87095_794979.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010310
ЭКБ идентификаторы
87095
Редакция идентификаторы
87095_794979
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:10

0 Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 112) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

4 Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидалары

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 8 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 20 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
_________ Б. Жақсалиев
2015 жылғы 9 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 353 бұйрығымен бекітілген
Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 112) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасымен қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру тәртібін айқындайды.

2

2. Ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілеріне «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 70-бабымен айқындалған белгілері бойынша сәйкестендірілетін кәсіпорындар, өндірістік бөлімшелер және осы кәсіпорындардың басқа объектілері, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілер ретінде сәйкестендірілетін өнеркәсіп салалары мен қызмет түрлерінің объектілері жатады.

3 3. Заңның 71-бабының 2-тармағына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерге жатқызылатын қауіпті техникалық құрылғылар қауіпті техникалық құрылғының паспортында көрсетілген параметрлер мен техникалық сипаттамалар бойынша сәйкестендіріледі.

4 4. Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіруді ұйым дербес жүзеге асырады.

2 2. Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру тәртібі

5 5. Заңның 70-бабымен көзделген қауіпті заттардың көрсеткіштері оның жобалық мәндері болып табылады.

6 6. Сәйкестендіру процесінде орналасқан орны мен пайдалану жағдайларына қарамастан, жобалық құжаттама талдауы негізінде ұйымның барлық қауіпті өндірістік объектілері анықталады.

7 7. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша ұйым он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ақпарат ұсынады.

8 8. Сәйкестендірілген қауіпті өндірістік объектілерде ұйым қызметі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

1 Қауіпті өндірістік объектілер ретінде сәйкестендірілетін өнеркәсіп салаларының объектілері мен қызмет түрлері

Қауіпті өндірістік объектілерді
сәйкестендіру қағидаларына
1-қосымша
Қауіпті өндірістік объектілер ретінде сәйкестендірілетін өнеркәсіп салаларының объектілері мен қызмет түрлері
Р/с №
Объ­ек­ті­нің ата­уы
Объ­ек­ті­нің ше­ка­ра­ла­ры
Сәй­кестен­ді­ру ерекше­лік­те­рі
1
2
3
4
1. Өнер­к­ә­сіп­тің тау-кен са­ла­сы­ның қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ле­рі
Тау-кен және гео­ло­ги­я­лық бар­лау жұ­мыста­рын жүр­гі­зе­тін қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
1
жер асты тә­сі­лі­мен өң­деу ке­ні­ші
тау-кен ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
тау-кен, гео­ло­ги­я­лық бар­лау, бұр­ғы­лау жұ­мыста­рын, пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру бой­ын­ша жұ­мыстар­ды, жер асты жағ­дай­ын­да­ғы жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
ашық тә­сіл­мен өң­деу ке­ні­ші
3
шах­та
4
ка­рьер
5
кө­мір ті­лі­гі
6
шах­та құ­ры­лыс, тау-кен күр­де­лі құ­ры­лыс учас­ке­сі
7
үй­ме­лік ері­т­ін­ді­леу учас­ке­сі (ала­ңы)
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
тау-кен, бұр­ғы­лау жұ­мыста­рын, пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру бой­ын­ша жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу, ми­не­рал­ды ши­кі­затты қай­та өң­деу мен улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
8
гео­ло­ги­я­лық бар­лау жұ­мыста­ры учас­ке­сі (пар­тия)
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
гео­ло­ги­я­лық бар­лау, бұр­ғы­лау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
Кө­мір шах­та­ла­ры­ның қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ле­рі
1
кө­мір шах­та­сы
тау-кен­дік бө­лу ше­ка­ра­ла­ры
тау-кен, гео­ло­ги­я­лық бар­лау, бұр­ғы­лау жұ­мыста­рын, пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру бой­ын­ша жұ­мыстар­ды, жер асты жағ­дай­ын­да­ғы жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
Қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар­ды қай­та өң­деу бой­ын­ша жұ­мыстар­ды жүр­гі­зе­тін қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
1
қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар­ды бай­ы­ту фаб­ри­ка­сы (учас­ке, цех)
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
ми­не­рал­ды ши­кі­затты қай­та өң­деу, улы және аса улы заттар­ды сақ­тау мен пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
уа­ту-сұ­рып­тау фаб­ри­ка­сы (учас­ке, цех, ке­шен)
3
бай­ы­ту өнім­де­рін ке­сек­теу, аг­ло­ме­ра­ци­я­лау, бри­кет­теу бой­ын­ша фаб­ри­ка (учас­ке, цех)
Қал­дық және шө­гін­ді ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ле­рі
1
қал­дық қой­ма­сы
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
қор­ша­ған ор­та үшін қа­уіп ту­ғы­за­тын заттар­дың сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
шө­гін­ді қой­ма­сы
2. Өнер­к­ә­сіп­тің мұ­най және газ са­ла­ла­ры­ның қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ле­рі
1
бар­лау және пай­да­ла­ну ұң­ғы­ма­ла­ры­ның құ­ры­лы­сы (бұр­ғы­лау), жөн­деу объ­ек­ті­ле­рі
тау-кен ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
гео­ло­ги­я­лық бар­лау, бұр­ғы­лау жұ­мыста­рын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру, пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­сы (қал­қы­ма және бұр­ғы­лау ке­ме­ле­рін қо­сқан­да)
бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­сы ше­ка­ра­ла­ры
3
ұң­ғы­ма­лар қо­ры
тау-кен ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
гео­ло­ги­я­лық бар­лау, бұр­ғы­лау жұ­мыста­ры, пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру бой­ын­ша жұ­мыстар және ми­не­рал­ды ши­кі­затты қай­та өң­деу, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру, пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
4
мұ­най дай­ын­дау қон­дыр­ғы­сы
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, өн­ді­ру, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
5
сор­ғы стан­ци­я­сы
6
мұ­най дай­ын­дау және жи­нау ала­ңы
7
тө­гу-құю тер­ми­на­лы (эс­та­ка­да)
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну, пай­да бо­лу, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
8
га­з­ды жүк­теу бой­ын­ша учас­ке (алаң)
9
ре­зер­ву­ар­лық парк
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды сақ­тау, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
10
кә­сіп­тік, кә­сі­па­ра­лық құ­бы­р­жол­дар
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
11
құ­ры­лыс объ­ек­ті­ле­рі мен(неме­се) мұ­най-газ құ­ры­лы­ста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­лық және іле­с­пе объ­ек­ті­ле­рін пай­да­ла­ну
мұ­най-газ құ­ры­лы­ста­рын са­лу және пай­да­ла­ну ше­ка­ра­ла­ры
гео­ло­ги­я­лық бар­лау, бұр­ғы­лау жұ­мыста­ры, пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру бой­ын­ша жұ­мыстар мен ми­не­рал­ды ши­кі­затты қай­та өң­деу және жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар өн­ді­рі­сі, пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу, сақ­тау, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
3. Те­ң­із­де мұ­най опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ра­тын қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
1
бар­лау және пай­да­ла­ну ұң­ғы­ма­ла­ры­ның құ­ры­лыс (бұр­ғы­лау), жөн­деу объ­ек­ті­ле­рі
тау-кен ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
гео­ло­ги­я­лық бар­лау, бұр­ғы­лау жұ­мыста­рын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру, пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
Қал­қы­ма бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­ла­ры және бұр­ғы­лау ке­ме­ле­рі
бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­сы ше­ка­ра­ла­ры
3
ұң­ғы­ма­лар қо­ры
тау-кен ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
гео­ло­ги­я­лық бар­лау, бұр­ғы­лау жұ­мыста­ры, пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру бой­ын­ша жұ­мыстар және ми­не­рал­ды ши­кі­затты қай­та өң­деу, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру, пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
4
мұ­най дай­ын­дау қон­дыр­ғы­сы
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, өн­ді­ру, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, өн­ді­ру, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
5
сор­ғы стан­ци­я­сы
6
мұ­най дай­ын­дау және жи­нау ала­ңы
7
тө­гу-құю тер­ми­на­лы (эс­та­ка­да)
8
га­з­ды жүк­теу бой­ын­ша учас­ке (алаң)
9
ре­зер­ву­ар­лық парк
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды сақ­тау, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
10
кә­сіп­тік, кә­сі­па­ра­лық құ­бы­р­жол­дар
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
11
құ­ры­лыс объ­ек­ті­ле­рі мен(неме­се) мұ­най-газ құ­ры­лы­ста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­лық және іле­с­пе объ­ек­ті­ле­рін пай­да­ла­ну
мұ­най-газ құ­ры­лы­ста­рын са­лу және пай­да­ла­ну ше­ка­ра­ла­ры
гео­ло­ги­я­лық бар­лау, бұр­ғы­лау жұ­мыста­ры, пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру бой­ын­ша жұ­мыстар мен ми­не­рал­ды ши­кі­затты қай­та өң­деу және жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар өн­ді­рі­сі, пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу, сақ­тау, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
4. Га­з­дар­ды дай­ын­дау мен қай­та өң­деу бой­ын­ша қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
1
газ дай­ын­дау қон­дыр­ғы­сы
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
сор­ғы, ком­прес­сор стан­ци­я­сы
3
тө­гу-құю тер­ми­на­лы ала­ңы (эс­та­ка­да)
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну, пай­да бо­лу, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
4
ре­зер­ву­ар пар­кі
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
5
газ өң­де­у­ші ке­шен цехы, қон­дыр­ғы­сы
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру, пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу, сақ­тау, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
6
кә­сіп­тік, кә­сі­па­ра­лық, тех­но­ло­ги­я­лық құ­бы­р­жол­да­ры
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
5. Мұ­най-хи­мия, мұ­най өң­деу са­ла­ла­ры­ның және мұ­най ба­за­ла­ры мен жа­нар-жа­ғар май құю стан­ци­я­ла­ры­ның қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ле­рі
1
мұ­най-хи­мия және мұ­най өң­деу өнім­де­рін өн­ді­ру за­уы­ты (цех, учас­ке)
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
тұ­та­на­тын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар өн­ді­рі­сі, пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
тех­но­ло­ги­я­лық құ­бы­р­жол­дар
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
тұ­та­на­тын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды сақ­тау мен та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
3
ауа бөл­гіш қон­дыр­ғы­лар ала­ңы
тұ­та­на­тын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру, пай­да­ла­ну және пай­да бо­лу бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
4
ши­кі­зат, жар­ты­лай өнім және дай­ын өнім қой­ма­ла­ры
тұ­та­на­тын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды сақ­тау мен та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
5
мұ­най мен мұ­най өнім­де­рін сақ­тау бой­ын­ша мұ­най ба­за­сы (қой­ма, парк, ке­шен)
тұ­та­на­тын және улы заттар­ды сақ­тау мен та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
6
ре­зер­ву­ар­лар мен тө­гу-құю құ­ры­л­ғы­ла­ры
7
жа­нар-жа­ғар­май құю стан­ци­я­сы (ста­ци­о­нар­лық, жы­л­жы­ма­лы және кон­тей­нер­лік)
6. Өнер­к­ә­сіп­тің хи­мия са­ла­ла­ры­ның қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ле­рі
1
қа­уіп­ті заттар өн­ді­ру за­уы­ты (цех, учас­ке)
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
тұ­та­на­тын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру, пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
қа­уіп­ті заттар­ды тө­гу-құю учас­ке­ле­рі
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
тұ­та­на­тын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды сақ­тау мен та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
3
ши­кі­зат, жар­ты­лай өнім және дай­ын өнім қой­ма­ла­ры
4
тех­но­ло­ги­я­лық құ­бы­р­жол­дар және ар­ма­ту­ра
5
қа­уіп­ті заттар қой­ма­ла­ры
улы және аса улы заттар­ды сақ­тау мен та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
6
су дай­ын­дау жүй­е­сі­нің ала­ңы (цех, учас­ке)
7
ауа бөл­гіш қон­дыр­ғы­лар ала­ңы
тұ­та­на­тын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру, пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
8
ам­ми­ак­ты жүй­е­лер және то­ңа­зыт­қыш қон­дыр­ғы­лар
жа­на­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
9
хи­ми­я­лық зерт­ха­на­лар
тұ­та­на­тын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру, пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
7. Өсім­дік ши­кі­за­тын сақ­тау және қай­та өң­деу бой­ын­ша қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
1
эле­ва­тор
қа­уіп­ті  ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
тұ­та­на­тын, жа­ры­ла­тын, жа­на­тын заттар­дың пай­да бо­лу (жа­ры­лыс қа­уіп­ті шаң, аэро­золь­дер) бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
қа­был­дау-та­за­лау (кеп­ті­ру-та­за­лау) мұ­на­ра­сы
3
өсім­дік ши­кі­за­тын өнер­к­ә­сіп­тік қай­та өң­деу ком­би­на­ты (аг­ре­гат­ты қон­дыр­ғы­лар цехы)
8. Өнер­к­ә­сіп­тің ме­тал­лур­гия са­ла­сы­ның қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ле­рі
Қа­ра ме­тал­дар­дың бал­қы­ма­ла­рын және осы ме­тал­дар­дың негі­зін­де­гі қо­рыт­па­лар­ды өн­ді­ру бой­ын­ша қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
1
құю цехы (учас­ке)
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
қа­ра ме­тал­дар және осы ме­тал­дар негі­зін­де­гі қо­рыт­па­лар­ды өн­ді­ру, сон­дай-ақ тұ­та­на­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
пи­ро­ме­тал­лур­ги­я­лық өн­ді­ріс цехы (учас­ке)
3
шой­ын өн­ді­ру бой­ын­ша дом­на­лық цех
4
бо­лат өн­ді­ру бой­ын­ша мар­тен цехы (учас­ке)
5
бо­лат өн­ді­ру бой­ын­ша кон­вер­тер­лік цех (учас­ке)
6
электр-бо­лат бал­қы­ту цехы (учас­ке)
7
илек өн­ді­рі­сі бой­ын­ша цех
тұ­та­на­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
8
құ­быр өн­ді­рі­сі бой­ын­ша цех
9
ме­тал­дан­ған ше­кем­та­стар және бри­кет­тер өн­ді­рі­сі бой­ын­ша цех
10
бо­лат сым­ды өн­ді­ріс цехы
11
фер­ро­қо­рыт­па­лар және от ті­ре­улер өн­ді­рі­сі бой­ын­ша цех (учас­ке)
қа­ра ме­тал­дар және осы ме­тал­дар негі­зін­де­гі қо­рыт­па­лар­ды өн­ді­ру, сон­дай-ақ тұ­та­на­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
12
аг­ло­ме­рат өн­ді­ру бой­ын­ша аг­ло­ме­ра­ци­я­лық цех (учас­ке)
Тү­сті ме­тал­дар және осы ме­тал­дар негі­зін­де­гі қо­рыт­па­лар­ды өн­ді­ру бой­ын­ша қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
1
құю цехы (учас­ке)
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
тү­сті ме­тал­дар және осы ме­тал­дар негі­зін­де­гі қо­рыт­па­лар­ды өн­ді­ру, сон­дай-ақ тұ­та­на­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
гид­ро­ме­тал­лур­ги­я­лық өн­ді­ріс цехы (учас­ке)
3
алю­ми­ний, маг­ний, мыс және мы­рыш элек­тро­ли­зі­нің цехы (учас­ке)
4
кри­сталл­ды крем­ний өн­ді­рі­сі­нің цехы (учас­ке)
5
өн­ді­ріс және элек­тро­тер­ми­я­лық си­лу­мин цехы (учас­ке)
6
саз­бал­шық өн­ді­ру цехы (учас­ке)
7
мыс, ни­кель, ко­бальт мы­рыш және қор­ға­сын өн­ді­рі­сі бой­ын­ша бал­қы­ту цехы (учас­ке)
8
ти­тан, қа­лайы, сүр­ме өн­ді­рі­сі бой­ын­ша цех (учас­ке)
9
мы­рыш, қор­ға­сын, мыс және сы­нап өн­ді­рі­сі бой­ын­ша
цех (учас­ке)
10
жер­де си­рек кез­де­се­тін ме­тал­дар, ма­те­ри­ал­дар өн­ді­рі­сі бой­ын­ша цех (учас­ке)
11
ме­тал­дар және осы ме­тал­дар негі­зін­де­гі қо­рыт­па­лар­дан жа­сал­ған ұн­тақ­тар (опа­лар) алу бой­ын­ша өн­ді­ріс цехы
қа­уіп­ті заттар өн­ді­ру және тұ­та­на­тын заттар­ды пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
12
қыш­қыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның учас­ке­сі
тұ­та­на­тын, жа­на­тын және то­тық­тан­ды­ра­тын заттар­ды пай­да­ла­ну мен сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
Ба­ға­лы ме­тал­дар бал­қы­ла­ма­ла­рын және осы ме­тал­дар негі­зін­де­гі қо­рыт­па­лар­ды өн­ді­ру бой­ын­ша қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
1
ал­тын, кү­міс өн­ді­рі­сі­нің цехы (учас­ке)
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
ба­ға­лы ме­тал­дар бал­қы­ла­ма­ла­рын және осы ме­тал­дар негі­зін­де­гі қо­рыт­па­лар­ды өн­ді­ру, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру, сон­дай-ақ тұ­та­на­тын заттар­ды пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
гид­ро­ме­тал­лур­ги­я­лық өн­ді­ріс цехы (учас­ке)
3
пи­ро­ме­тал­лур­ги­я­лық өн­ді­ріс цехы (учас­ке)
4
құю цехы (учас­ке)
Кокс-хи­ми­я­лық, кө­мек­ші өн­ді­рі­стер­дің қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ле­рі
1
су­тек­ті стан­ция ала­ңы
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
тұ­та­на­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну және сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
газ цехы­ның ала­ңы (учас­ке)
3
газ та­за­лау қон­дыр­ғы­сы­ның учас­ке­сі
4
люн­ке­рит­тер мен эк­зо­тер­ми­я­лық қо­с­па­лар өн­ді­ру цехы (учас­ке)
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын заттар­ды өн­ді­ру, тұ­та­на­тын және то­тық­тан­ды­ра­тын пай­да­ла­ну және сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
5
кокс цехы
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
тұ­та­на­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру және сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
6
кок­сты пі­сі­ру цехы
7
хи­ми­я­лық өнім­дер­ді ұстап қа­лу цехы
8
шай­ыр өң­деу цехы
9
ши­кі бен­зол­ды рек­ти­фи­ка­ци­я­лау цехы
10
бен­зол қой­ма­сы
11
пи­ри­дин және хи­но­лин негіз­де­рін рек­ти­фи­ка­ци­я­лау цехы (бө­лім­ше)
12
ауа бөл­гіш стан­ци­я­лар учас­ке­сі (қон­дыр­ғы­сы)
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
тұ­та­на­тын, улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру және сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
13
хлор қой­ма­сы
улы және аса улы заттар­ды сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
14
ам­ми­ак қой­ма­сы
15
ам­ми­ак құ­бы­ры
16
қал­дық және шө­гін­ді ша­ру­а­шы­лы­ғы
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
қор­ша­ған ор­та­ға қа­уіп төн­ді­ре­тін заттар­ды сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
9. Жа­ры­лыс жұ­мыста­ры жүр­гі­зі­ле­тін қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
1
пай­да­лы қаз­ба­лар­ды гео­ло­ги­я­лық бар­лау, өн­ді­ру және қай­та өң­деу бой­ын­ша объ­ек­ті (учас­ке)
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
жа­ры­лыс жұ­мыста­рын жүр­гі­зу, жа­ры­л­ғыш заттар­ды өн­ді­ру және қол­да­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
құ­ры­лыс, тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жою объ­ек­ті­ле­рі (учас­ке)
3
жа­ры­л­ғыш ма­те­ри­ал­дар қой­ма­сы (сақ­тау ор­ны)
жа­ры­л­ғыш заттар­ды сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
4
жа­ры­л­ғыш ма­те­ри­ал­дар­ды әзір­леу (дай­ын­дау) цехы, учас­ке­сі, пунк­ті
жа­ры­л­ғыш заттар­ды өн­ді­ру және сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
5
жа­ры­л­ғыш ма­те­ри­ал­дар­ды ти­еу-тү­сі­ру ала­ңы
жа­ры­л­ғыш заттар­ды та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
6
жа­ры­л­ғыш ма­те­ри­ал­дар­ды сы­нау және жою по­ли­го­ны
жа­ры­л­ғыш заттар­ды қол­да­ну және жою бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
10. Атом энер­ги­я­сын пай­да­ла­ну­мен бай­ла­ны­сты қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
Уран­ды гео­ло­ги­я­лық бар­лау, өн­ді­ру және қай­та өң­деу
1
уран шах­та­сы
тау-кен ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу бел­гі­ле­рі, сон­дай-ақ та­у­кен жұ­мыста­рын жүр­гі­зу бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
уран ка­рье­рі
3
уран­ды же­ра­с­ты­лық ұң­ғы­ма­лау, үй­ме­лік ері­т­ін­ді­леу по­ли­го­ны
тау-кен және жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу бел­гі­ле­рі, та­у­кен және бұр­ғы­лау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу, улы заттар­ды сақ­тау мен та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
4
уран қай­та өң­деу және бай­ы­ту за­уы­ты (цех, учас­ке)
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу, сон­дай-ақ жа­ра­тын, жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ры­ла­тын және улы заттар­ды сақ­тау мен та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
5
қал­дық және шө­гін­ді ша­ру­а­шы­лы­ғы
ион­дай­тын сәу­ле­ле­ну көз­де­рін және қор­ша­ған ор­та үшін қа­уіп ту­ғы­за­тын заттар­ды сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
Ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін пай­да­ла­ну
1
ра­дио­бел­сен­ді қал­дық­тар­ды сақ­тау/кө­му пункт­те­рі
жер ие­лі­гі­нің ше­ка­ра­ла­ры
ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін және қор­ша­ған ор­та үшін қа­уіп ту­ғы­за­тын заттар­ды сақ­тау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
бар­лық түр­де­гі яд­ро­лық қон­дыр­ғы­лар
ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­нің өн­ді­рі­сі, пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу, сақ­тау, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
3
ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі пай­да­ла­ны­ла­тын өн­ді­ріс объ­ек­ті­ле­рі
Бе­рил­лий өн­ді­рі­сі, оның қо­сы­лы­ста­ры және олар­дан жа­сал­ған бұй­ым­дар
1
өн­ді­ріс цехы (учас­ке)
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру мен сақ­тау, тұ­та­на­тын заттар­ды пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
Фтор­лы су­тек­ті қыш­қыл­дар­ды өн­ді­ру
1
өн­ді­ріс цехы (учас­ке)
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
улы және аса улы заттар­ды өн­ді­ру мен сақ­тау, то­тық­тан­ды­ра­тын заттар­ды пай­да­ла­ну бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
11. Ма­ги­страль­ды құ­бы­р­жол­дар­ды пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі қыз­мет тү­рі
1
сор­ғы, ком­прес­сор­лық стан­ция
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
2
тө­гу-құю тер­ми­на­лы (эс­та­ка­да)
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну, пай­да бо­лу, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
3
ре­зер­ву­ар­лық парк
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды сақ­тау, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
4
га­з­дың жер асты қой­ма­сы
қа­уіп­ті ай­мақ кон­ту­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну, пай­да бо­лу, сақ­тау, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
5
құ­ры­лыс объ­ек­ті­ле­рі және (неме­се) тех­но­ло­ги­я­лық және мұ­най газ құ­ры­лы­ста­ры­ның іле­с­пе объ­ек­ті­ле­рін пай­да­ла­ну
мұ­най-газ құ­ры­лы­ста­рын са­лу және пай­да­ла­ну ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар өн­ді­рі­сі, пай­да­ла­ну, қай­та өң­деу, пай­да бо­лу, сақ­тау, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
6
газ бө­лу, газ тол­ты­ру стан­ци­я­ла­ры
қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­ла­ры
жа­на­тын, то­тық­тан­ды­ра­тын, улы және аса улы заттар­ды пай­да­ла­ну, пай­да бо­лу, сақ­тау, та­сы­мал­дау бел­гі­ле­рі бой­ын­ша сәй­кестен­ді­рі­ле­ді
7
ма­ги­страль­ды мұ­най құ­быр­ла­ры­ның, өнім құ­быр­ла­ры­ның, газ құ­быр­ла­ры­ның же­лі­лік бө­лі­гі

2 Қауіпті өндірістік объектілерді

бірдейлендіру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Ұсынылады: азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ИИ-1
Кезеңділік: қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру нәтижелері бойынша
Есепті кезең: 20__ жылғы «__»____________
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: қауіпті өндірістік объектілер сәйкестендірілгеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: қағаз тасымалдағышта
Р/с №
Деректердің атауы
Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат
А
1
2
1
Қауіпті өндірістік объектінің атауы
2
Қауіпті өндірістік объектіні сәйкестендіру ерекшеліктері
3
Объектінің орналасқан жері немесе мекен-жайы болмаған жағдайда бойлық-объектінің орналасқан жерінің ендігі
4
Заңды / жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің толық атауы
5
Кәсіпкерлік санаты
6
Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды
7
Мекенжайдың тіркеу коды
Мекенжайы ___________________________
_______________________________________
Атауы____________________________
__________________________________
Телефоны: _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы__________________________________________
Орындаушы ___________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға _______________________
_________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

2.1 Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат» ИИ-1, қауіпті өндірістік объектілер сәйкестендірілгеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде

Әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат» ИИ-1, қауіпті өндірістік объектілер сәйкестендірілгеннен кейін
15 жұмыс күні ішінде

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанды қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар толтырады және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына ұсынады.

3 3. Нысан мемлекеттік және / немесе орыс тілдерінде толтырылады.

2 2 тарау. Толтыру бойынша түсіндірме

4 4. 1 жолда қауіпті өндірістік объектінің атауы көрсетіледі.

5 5. 2 жолда қауіпті өндірістік объектіні сәйкестендіру ерекшеліктері көрсетіледі.

6 6. 3 жолда қауіпті өндірістік объектінің орналасқан жері көрсетіледі. Мекенжай болмаған жағдайда бойлық-объектінің орналасқан жерінің ендігі көрсетіледі.

7 7. 4 жолда заңды / жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің толық атауы көрсетіледі.

8 8. 5 жолда субъектінің кәсіпкерлік санаты көрсетіледі.

9 9. 6 жолда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды көрсетіледі.

10 10. 7 жолда мекенжайдың тіркеу коды көрсетіледі.

Қолданыстағы