Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Илийского района

Өзге акт · № 43-197 · қабылданған 06.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87176/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Илийского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 43-197 ·06.02.2015
14.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Илийского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 43-197 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Илийского района
Атауы (қаз.)
Іле ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
43-197
Қабылданған күні
06.02.2015
Көрсетілген редакция
14.02.2020 87176_445503.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DJ003089
ЭКБ идентификаторы
87176
Редакция идентификаторы
87176_445503
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:46

0 Іле ауданының ауылдық елді

мекендерде тұратын және жұмыс
істейтін мемлекеттік әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және ветеринария ұйымдарының
мамандарына отын сатып алу үшін
әлеуметтік көмек беру туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Іле ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

2

2. Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 17 шілдеде № 2-10-78 тіркелген, 2008 жылы 25 шілдедегі аудандық «Іле таңы» газетінің № 29 (4241) жарияланған) № 9-29 шешімінің күші жойылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4

4. «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.О.Құматаевқа осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы