Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Наурзумского района"

Қаулы · № 83 · қабылданған 18.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87207/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Наурзумского района" Күшін жойған Қаулы ·№ 83 ·18.02.2015
30.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Наурзумского района"

Күшін жойған Қаулы ·№ 83 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Наурзумского района"
Атауы (қаз.)
"Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
83
Қабылданған күні
18.02.2015
Көрсетілген редакция
30.05.2016 87207_239488.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NP005394
ЭКБ идентификаторы
87207
Редакция идентификаторы
87207_239488
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:37

0 «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38-бабына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2

2. Науырзым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 102 «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4735 тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда «Науырзым тынысы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Науырзым ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 83 қаулысымен бекітілді
«Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2 2. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар:

Науырзым ауданы әкімдігінің «Науырзым мал дәрігері» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

3 3. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4 4. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5 5. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6 6. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7 7. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтары мен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8 8. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9 9. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 1.

10 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11 11. Осы Ереже «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12 12. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13 13. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14 14. «Науырзым ауданының ветерианария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15 15. Міндеттері:

1 1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

2 2) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

3 3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4 4) аудан аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;

5 5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.

16 16. Функциялары:

1 1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды ұстау қағидаларын, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;

2 2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;

3 3) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;

4

4) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

5 5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуді ұйымдастырады;

6 6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;

7 7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекітеді;

8 8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;

9 9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды;

ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

10

10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

11 11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

12 12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

13 13) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс–шаралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;

14 14) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

15 15) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;

16 16) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринариялық–санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс–шаралар туралы ұсыныстар енгізеді;

17 17) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;

18 18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17 17. Ведомствоның функциялары:

1 1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу;

2 2) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіруді жүргізу;

3 3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;

4 4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды жүргізу;

5 5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;

6 6) биологиялық материалдардың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;

7 7) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;

8 8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

18 18. Құқықтары мен міндеттері:

1 1) Мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

2 2) Республика заңдарын, облыс және аудан әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындау барысында айқындалған тәртіп бұзу мен кемшіліктерді жоюды талап етуге;

3 3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға, сондай-ақ оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауға міндетті.

4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтырды жүзеге асыруға;

3 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19 19. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

20 20. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Науырзым ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21 21. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1 1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

2 2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

3 3) мемлекеттік мекеменің мүлкіне иелік жасайды;

4 4) «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді,

5 5) «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық ұйымдар алдында білдіреді;

6 6) қолданыстағы заңңамаға сәйкес «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа алады, босатады, сондай-ақ марапаттау шараларын қолдану мен тәртіптік жаза белгілейді;

7 7) «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

8 8) іссапар, тәжірибе алмасу, қызметкерлерді қазақстандық оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктіліктерін арттырудың басқа да түрлері бойынша «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоспары мен тәртібін бекітеді;

9 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды

4 4. Мемлекеттік органның мүлкі

22 22. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

«Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23 23. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

24 24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.

5 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25 25. «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы