Отдельные вопросы Республиканского государственного казенного предприятия "Казахский противочумный научно- исследовательский институт" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Отдельные вопросы Республиканского государственного казенного предприятия "Казахский противочумный научно- исследовательский институт" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 582
- Қабылданған күні
- 01.05.2001
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI8721_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010000582_
- ЭКБ идентификаторы
- 8721
- Редакция идентификаторы
- AI8721_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:50
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері
"Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Масғұт Айқымбаевтың есімі берілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Кәсіпорынның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік кәсіпорындар" 2-бөліміндегі реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы".
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.