О повышении базовых ставок земельного налога
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 205
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 26.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2018 87238_296726.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NI005393
- ЭКБ идентификаторы
- 87238
- Редакция идентификаторы
- 87238_296726
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:25
0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес және жерлердi аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
2 2. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 200 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5332 тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда «Біздің Торғай» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
____________________________ А. Ахметжанов
2015 жылғы «26» ақпан