Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения акима аульного округа Аккудык

Өзге акт · № 1 · қабылданған 05.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87261/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения акима аульного округа Аккудык Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·05.02.2015
05.02.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения акима аульного округа Аккудык

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения акима аульного округа Аккудык
Атауы (қаз.)
Аққұдық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
05.02.2015
Көрсетілген редакция
05.02.2015 87261_6017.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15CHL04225
ЭКБ идентификаторы
87261
Редакция идентификаторы
87261_6017
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:47

0 Аққұдық ауылдық округі

әкімінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1.  Аққұдық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 «Аққұдық ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-70 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтарда «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
мемлекеттік тіліндегі атауында «округіне қарасты» сөздері «округінің» сөзімен ауыстырылсын;
кіріспесіндегі «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1, 2, 3 тармақтарындағы «елді мекеніне» сөздері «ауылында» сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің атауында және мәтінінде «аульного округа «Аккудык», «аульного» сөздері «Аккудыкского сельского округа», «сельского» сөздерімен ауыстырылсын.

2

2) Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1 «Аққұдық ауылдық округінің Вознесеновка ауылының көшелеріне атау беру және өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-141 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашадағы «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
орыс тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «аульного округа Аккудык», «в улицу» сөздері «Аккудыкского сельского округа», «на улицу» сөздерімен ауыстырылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы