О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан
Қолданыста
Бұйрық
·№ 148
·
13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 27.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2015 87274_39222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010362
- ЭКБ идентификаторы
- 87274
- Редакция идентификаторы
- 87274_39222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:19
0 Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жеңіл дистилляттар мен өнімдерді (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 12310 0 – 2710 12590 0), дизель отынын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0) әкелуге 2015 жылдың 5 наурызынан 20 сәуіріне дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті хабардар етсін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен төмендегілерді қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика Бірінші вице-министрі Ұ.С.Қарабалинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Министр
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________________ Е. Досаев
27 ақпан 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
_____________________ А. Исекешев
2 наурыз 2015 жыл