Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие заявителя на осуществление деятельности по предоставлению услуг в области связи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие заявителя на осуществление деятельности по предоставлению услуг в области связи
- Атауы (қаз.)
- Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 20.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.10.2024 87286_721408.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010373
- ЭКБ идентификаторы
- 87286
- Редакция идентификаторы
- 87286_721408
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:59
0 Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағының 19-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-трамағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
__________________ Н. Әбіқаев
2015 жылғы 21 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 қаңтар
0 Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21
бұйрығымен бекітілген
Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесі
Р/с №
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Өтініш берушінің біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
Қызметтің барлық кіші қызмет түрлері үшін
1
техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы, телекоммуникация саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі бар инженерлік-техникалық мамандардың жалпы санының кемінде үштен бірі
өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарына және құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы қызметті көрсету бойынша қызметпен айналысу үшін қажетті ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (бұдан әрі – Мәліметтер нысаны)
2.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 және 19-баптарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген байланыс операторының деректер таратуды өлшеу жүйесі мен қосылу ұзақтығын өлшеу жүйесі бар болуы міндетті трафикті есепке алу жүйелері, қолданыстағы тексеру сертификаты
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінен үзінді көшірме
«Өлшем құралдары» электрондық тізілімін пайдалана отырып тексеріледі
Мәліметтер нысаны
3.
Байланыс туралы заңнамаға сәйкес барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау шараларын жүргізуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық байланыс желілеріндегі абоненттері және (немесе) байланыс қызметтерінің пайдаланушылары туралы қызметтік ақпаратты жинауды және екі жыл ішінде сақтауды қамтамасыз етуге арналған аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар
жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықты пайдалануға беру актісін көшірмесі
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады
4.
Меншік құқығында және өзге заңды негізде телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары)
Меншік құқығын немесе жалға алу шартын растайтын құжаттардың көшірмелері
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
5.
Қазақстан Республикасы аумағындағы байланыс желісін басқару орталығы
меншік құқығын немесе басқа заңды негізін растайтын құжаттардың көшірмелері
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады
Жылжымалы жерсеріктік байланыс қызметтерін көрсету үшін
6.
Жерсеріктік байланыстың жердегі станциялары
Меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
Мәліметтер нысаны
7.
Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникациялық желілерімен тоғысқан нүктелердің техникалық әзірлігі
Жылжымалы жерсеріктік байланыс операторларымен ынтымақтасу мүмкіндігін растайтын келісімдердің немесе ниеттену туралы хаттамалардың көшірмелері
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
шетелдік байланыс операторларымен тоғысқан жерлердің географиялық координаталарын көрсете отырып, мөр мен басшының қолы қойылған өтініш берушінің хаты
Ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін
8.
Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат және (немесе) Радижиілікті бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң шешімі және (немесе) жиіліктерді беру бойынша конкурстың (аукционның) оң шешімі және (немесе) ұялы байланыс қызметін көрсетуге берілген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалану шарты
Ұялы байланыс қызметін көрсетуге берілген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалану шартының көміршесі
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
Қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін
9.
Магистральдық байланыс желілері
Байланыс желілерін пайдалануға енгізу актілерінің, сатып алу-сату шарттарының көшірмелері
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
10.
Телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесіне қосылудың техникалық әзірлігі
Мемлекеттік техникалық қызметттен келісім хаты
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
Халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін
11.
Магистральдық байланыс желілері
Байланыс желілерін пайдалануға енгізу актілерінің немесе сатып алу-сату шарттарының көшірмелері
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
12.
Өтініш берушінің акционерлері (қатысушылары) арасында акциялар пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бөлу жөніндегі ақпарат
Өтініш берушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері және бағалы қағаздарды ұстаушылар (серіктестік қатысушыларының) тізілімдері көшірмелері
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
13.
Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникациялық желілерімен тоғысқан нүктелердің техникалық әзірлігі
Кейін трафикпен алмасуды жүзеге асыру үшін шетелдік байланыс операторларымен ынтымақтасу мүмкіндігін растайтын ниеттері туралы шарттардың немесе хаттамалардың көшірмелері
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
шетелдік байланыс операторларымен тоғысқан жерлердің географиялық координаталарын көрсете отырып, мөр мен басшының қолы қойылған өтініш берушінің хаты
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
14.
Телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесіне қосылудың техникалық әзірлігі
Мемлекеттік техникалық қызметттен келісім хаты
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*
Геостационарлық емес байланыс спутниктері қолданылатын спутниктік байланыс қызметтерін ұсыну үшін (әрі қарай - ГЕБС).
15.
Телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесіне және Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзіне қосулыдың
техникалық әзірлігі
мемлекеттік техникалық қызметтен келісім хаты
Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады
0 Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
Өтініш берушінің байланыс
саласында қызметтер көрсету
жөніндегі жұмысты жүзеге
асыруға сәйкестігін растайтын
біліктілік талаптары және
құжаттар тізбесіне
қосымша
Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1 1. Қызметтің барлық кіші қызмет түрлері үшін:
1 1) Тиісті білімі мен мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының тізімі:
тегі, аты, жөні, лауазымы ________________________________________;
тағайындау туралы қол қойылған бұйрықтың нөмірі және күні _________;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі _________________________________;
білімі бойынша мамандығы ______________________________________;
жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні
_______________________________________________________________;
байланыс саласында даярлық және біліктілігін арттыру бойынша курстардан
өткені туралы куәліктерді немесе сертификаттарды беру нөмірі мен
күні _____________________________________________________________
2
2) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 және 19-баптарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген байланыс операторының деректер таратуды өлшеу жүйесі мен қосылу ұзақтығын өлшеу жүйесі бар болуы міндетті трафикті есепке алу жүйелері:
тексеру сертификатының нөмері мен күні __________________________.
3
2 2. Жылжымалы жерсеріктік байланыс қызметтерін көрсету үшін:
1 1) Жерсеріктік байланыстың жердегі станциялары:
берілген сәйкестік сертификатының нөмері мен күні _________________.